Эмоционалды және ерік процестері



Дата05.10.2024
өлшемі0,77 Mb.
#146888
Байланысты:
Ерік презентация

Тақырыбы:Баланың ерік сапаларын дамыту мен тәрбиелеу көзі

  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
  • Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі
  • Орындаған:Ахметова Альфия Калижановна Тексерген:Жангазинова Саулет Бултуруковна
  • Зерттеудің өзектілігі:Еріктің адам өмірінде маңыздылығы өте жоғары екені белгілі. Ерік арқылы баланың ойы мен есін қалыптастырады. Ерікті балада дамыту мен қалыптастыру өте жас кезінен қадағалануы қажет. Болашақ ұрпағымыздың саналы да ақылды, білімді де білікті болуы үшін ерікті тәрбиелеуіміз қажет.
  • Мақсаты:Мектеп жасындағы балалардың Ерік жайлы түсініктерін қалыптастыру

Ерік

  • Ол адамның мінез-құлқын сапалы түрде меңгеруі, белгілі бір мақсатқа жетуде, іс-әрекетті орындап шығуда қиындықтарды жеңе білуі, сонда жарқырап көрінетін ішкі қуат көзі. Негізінен, адамдардың бүкіл қимыл-әрекеттері екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлар:
  • Еріксіз әрекеттер (түшкіру, жөтелу, т.б.);
  • Ерікті әркеттер – қарапайым қозғалыстан (жерге түскен затты көтеріп алу сияқты) бастап, ерекше ерлікке (оққа кеудесін тосу тәрізді), күрделі тарихи қызметке (мемлекет құру, дегендей) дейін болуы мүмкін.
  • Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу. Жаңа туған балада шартсыз рефлекстер түріндегі ырықты қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мәнісіндегі ерікті қимыл бұл кезеңде болмайды. Балалардың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, яғни өз қозғалысын, денесін басқара алудан көрінеді. Баланың өз қозғалыстарын басқара білуіне тіпті шығуының маңызы зор. Тілдің шығуы ерікті қимылды реттеп, тежеп отыру үшін аса қажет. Үш жасар балада ырықты қозғалыстар біршама жетілген. Бірақ қозғалыстарды қалай болса солай меңгере алудың мәні шамалы. Мұнда бала өзінің көңілі ауған нәрсесіне ғана емес, орындауға қажетті нәрселерге де бойын тұрақтап алуы тиіс. Баланы осы қасиетке тәрбиелеуде талап қою, оған шамасы келетін тапсырмалар беріп, орындатқызып отыру ерекше маңызды.Баланың еркін тәрбиелеуді неғұрлым жас кезінен бастау қажет. «Баланы жастан» деп халық бекер айтпаған.Бала тілі шығып, жүре бастағаннан кейін, үй ішіндегілердің қылығына еліктейді, ол әрбір нәрсені өзі істеуге тырыса бастайды. Оның өзі киініп, тамақтанғысы, ыдыс-аяқты жинап, үй сыпырғысы келеді. Бұл-бала табиғатына тән, заңды қасиеттер. Ойын әрекетін дұрыс ұйымдастыру,баланы бірлесіп ойнауға, ойын тәртібіне төселдіру арқылы да оның ерік сапаларын тәрбиелеуге болады.

Еріктің қасиеттері

  • Ұнамды: дербестік, 
  • батылдық, табандылық.
  • Ұнамсыз:
  • өзгенің сөзіне еріп, иланғыштық, қорқақтық, шыдамсыздық, ырықсыздық. Ерікті қалыптастыруда адамның өз еркін өзінің тәрбиелеуі зор маңызға ие.

Ерік сапалары

Тоқтамға келгіштік

  • Адамның қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы.
  • Табандылық
  • Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті.
  • Ұстамдылық
  • Адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.
  • Адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті.

  • Курстық жобамды қорытындылай келе, баланы ерікке арнайы үйретпесе, онсыз ол ең кішкентайларға тән (біріктірушілік, дәлсіздік).Ерік ерекшелігін ұзақ уақытқа сақтап қалады. Бұл үйрету негізгі екі процесті: анализ бен жалпылауды жетілдіруге бағытталынуы қажет. Баланың даму дәрежесіне, тәрбиешінің өзінің қойған мақсатына, оқытуға таңдап алынған мазмұнға байланысты, анализдің бағыты мен жіктелінуі өзгеріп отырады. Балалардың жасы неғұрлым кіші болса, олардың практикалық ісі соғұрлым үлкен рөл атқарады. Егер балалар қабылдаған затты қандай бір болмасын практикалық істі орындау жолымен істеуге тура келсе, онда оқытудың мұндай түрі ерекше дұрыс нәтижесін береді. Ерікке үйретуде сөзді кірістірудің зор рөлі бар. Сөз, біріншіден, қабылданып отырған заттың және оның бөлшектерінің атауын, элементтерін, белгілерін білуге пайдаланылатын құрал ретінде қолданылады. Сонымен бірге жаңа зат бұрын белгілі қандай да объектілер категориясына жатады. Екіншіден, сөз қабылданған затты сипаттау үшін қолданылады. Осының нәтижесінде тәрбиеші, сондай-ақ балалар да қабылданған заттың құрылысын, белгілерін, олардың тұрған қалпын оның ортақ белгілері мен жеке ерекшеліктерін баса көрсетеді.
  • Қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет