7. Эмоция Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану)
— адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі
тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы;
қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде
пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге
қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе
қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция)
байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік
қажетсінулері негізінде пайда болатын
тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі
адамның іс-әрекетінің өнімді болуына
мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш,
сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады.
Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне
азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш,
қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және
т.с.с. эмоциялар жатады.
8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. Қимыл қозғалыстық және еріктік бұзылыстар Ерік – бұл саналы, мақсатты психикалық бенсенділік. Ерік ең алдымен қажеттілікпен байланысты, е Қимыл қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
Ерік – бұл саналы, мақсатты психикалық бенсенділік. Ерік ең
алдымен қажеттілікпен байланысты, ешқашан одан тыс пайда
болмайды. Адамның ерік қызметі әрқашан сана қызметіне тәуелді.
Сана акты, оның мазмұны мен бағыты адам өмір сүретін нақты
әлеуметтік – тарихи жағдайлармен детерминирленген, және адамның
сеніміне, көзқарастарына, қызығушылықтарына, ойлары мен
сезімдеріне тәуелді.
Іс-әрекет бір-біріне тікелей байланысты екі фазадан тұрады:
1. әрекет етуге және шешім қабылдауға саналы талпыныстың дамуы;
2. қабылданған шешімді орындау.
Бірінші фаза таңдауға қатысты акт – саналы баға беру және талдау.
Бұл фазада қанағаттанбаған қажеттілік сәйкес эмоциональдық
күйзелістер мен ойлар туындатады, қажеттілікті қанағаттандыруға
талпыныс пайда болады. Талпыныс әуестік немесе тілек түрінде
көрініс беруі мүмкін.