ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
ЭМПИРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
23
Сондай-ақ, Мимар Синан өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының
докторы, Əбдіуақып Қара башқұрттан шыққан белгілі ғалым жəне мемлекет қайраткері Зəки
Уəли туралы жазған ғылыми еңбегінде Ғазымбек Бірімжанов туралы мынадай дерек
келтіреді.
«Зəки Уəли Еуропада жүрген кезде Берлинге оқуға келген түркістандық студенттер
арқылы Ахмет Байтұрсынұлынан хат алған. Уəли 1924 жылы, 18 маусымда Орынборда
өткізілген «Қазақ пен қырғыз ғалымдарының тұңғыш конгресі» туралы мəліметтер жария-
ланған газеттер ішінен А. Байтұрсынұлының Ғазымбек Бірімжанға жазған бір хаттың шыққа-
нын атап өтеді. Байтұрсынұлы сол хатта: «Бəрімізден бəріңізге сəлем!»-деп жазған екен.
Жалпы Зəки Уəлидің бұл хатының шетелгешыққанан кейін отаннан өзіне келген шын жүрек-
тен сəлем айтылған тұңғыш хат екенін тілге тиек етеді». Бұл деген – Ғазымбек шетелде жүр-
генде сыртынан бақылау барын білсе де Алашқа қызмет етуді тоқтатпай, елден жырақта жүр-
ген Алаш қайраткерлерімен тығыз байланысты үзбегенін көрсетеді. [10, 253 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |