Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Омонимдердің өзіндік белгілері мен ерекшелігі



бет12/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Омонимдердің өзіндік белгілері мен ерекшелігі

Қазақ тіліндегі омонимдерді К.Аханов Лексикалық мағынасына, олардың әрқайсысына тән грамматикалық мағыналары мен формаларына қарай үш топқа бөледі.
а Лексикалық омонимдер;
ә Лексика — грамматикалық омонимдер;
б Аралас омонимдер;
Лексикалық омонимдер дыбысталуы жағынан біркелкі болуы тиіс және олар қай формасында болмасын өзара омонимдес болып келеді.
Мысалы, арық — арнайы қазылған су жолы, арық — семіз емес, жүдеу.
Бұл екі сөздің дыбысталуы да, жазылуы да бірдей және олар жалғау жалғанғанкездерде бір-бірімен омонимдес болып келеді. Лексикалық омонимдердің тобын құрастырушы сыңарлардың екеуі де көп жағдайда есім сөздеоге жатады және олар дыбысталу жағынан әрқашан бірдей болуы тиіс. Лексикалық омонимдер көп жағдайда есімдер мен етістіктер болып келеді.
Лексика — грамматикалық омонимдердің лексикалық омонимдерден айырмашылығы сонда, олар барлық формаларында емес, формаларының бірінде немесе бірнешеуінде ғана омоним болып келеді. Сондай-ақ, лексика — грамматикалық омонимдер қатарына кіретін сөздер бір сөз табынан емес, әр сөз табынан болып келеді. Мәселен, бастау етістік, баста етістігінің тұйық формасы.
Істі кешіктірмей бастау керек.
Бастау зат есім. Бұлақтың су шығар тұсы.
Бұл екі сөз көріп отырғанымыздай екі сөз табына жатады және осы формаларында ғана омоним бола алады.
Лексика — грамматикалық омонимдар түбір, туынды флрмаларында да кездесе береді және сөз табы жағынан көбінесе зат есім мен етістіктерден, олардың тіркесіп келуінен тұрады. Сөздіктердегі омонимдік қатарларға талдау жасағанда, есімдік пен етістік, зат есім мен сын есімнен құралған омонимдердің бар екендігінеде көз жеткізуге болады.Жалпы, қазақ тіліндегі лексика — грамматикалық омонимдер әлі де толықтыруды, тереңірек зерттеуді қажетсінеді. Енді бір омонимдік қатардағы сөздердің сыңарлары лексикалық омонимге жатса, келесі сыңарлары лексика — грамматикалық омонимдерге жатады. Сондықтан да, мұндай омонимдік қатарлар аралас омонимдер деп аталады деп қарастырады зерттеуші-ғалым К.Аханов.
Ғалым тілдегі омонимдік қатарларды зерттей келіп, олардың санын он екіге дейін жеткізеді. Мәселен, жай сөзінің мағыналық қатарын тізіп көрсетеді:
Жай I. Зат есім. Аспан кеңістігіне жиналған электр зарядтарының шағылыусынан пайда болған жарқыл, найзағай.
-Лағнет бұлты шатырлап, жай түсіп неге қатпаймын. (С.Т.)
Жай II. Зат есім. Тұрмыстағы хал ахуал, жағдай күй.
-Қамардың жағдайы мұндай болған соң,…араздық, пәленді қойып, Омар да күні-түні қасында болды. (С.Т.)
Жай III. Зат. Белгілі бір мекен тұрақ.
-Ызғарлы аяз жан иесінің бәрін де жауратып, жүдеу тарттырып, жылы жайды іздеткендей.(М.Ә.)
Жай IV. Етістік. Таратып, ыдырату, жазу.
-Бұлар үндемеген соң, Ыбырайым шөпті айырмен қозғап, жайып тқрды. (А.Ж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет