Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық сатыдағы туынды сөздер туынды сөз жасайтын негіз сөз бен одан туынды жасаушы жұрнақтан тұрады. Сөзжасамдық саты жалпы алғанда, сөзжасамдық жүйеге жатады. Сөзжасамдық саты - сөзжасамдық ұяның бір мүшесі. Сөзжасамдық ұя бір түп негіз сөз-ден жасалған түбірлес туынды сөздердің жиынтығы болса, сол туынды сөздердің әрқайсы-сы сөзжасамдық ұяның бір сатысында жасалады. Тізбектегі әр сатыда бір ғана туынды сөз жасалады. Олай болса, саты - ұядағы туынды сөздің жасалатын нақты орны яғни туынды сөз сөзжасамдық сатыда жасалады. Ұяда жаса-лған туынды сөз сөзжасамдық сатыда орналасады. Сатының саны бір түп негізден жасалған туындылар әрқайсысының өзінен кейінгі ту-ындыға негіз болып, туындылардың бірінен-бірі тізбектегі жасалуы үзілмей, жалғасып, бір тізбекте қанша туынды жасалуына байланысты. Тізбекте бірінен-бірі тікелей жасалған қанша туынды сөз болса, тізбекте сонша саты болады. тізбекте яғни тілде сөзжасамдық сатының саны түрлі болатынын көрсе-тедіі. Бірақ олардың саны қазақ тілінде 5-6-дан аспайды. Ал осылардың тілде алатын орны әр түрлі. Екі-үш саты тілде өте жиі кездеседі де 5-6 сатыдан тұратын тізбектер тілде сире-гірек кездеседі.
Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары
Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналарына сөздің бейтарап мағынасы, бейнелі мағыналары, кәсіби-терминдік мағыналары жатады. Бейтарап мағына – зат, құбылыстар мен сапалық белгілерді, әрекет-қимылды атап білдіретін жалпылама лексикаға тән. Мысалы: құстың қанаты, ұқсату заңы негізінде пайда болған ұшақтың қанаты десек те атауыштық мағынаға ие болып тұр, ал ұшарға қанатым жоқ, қанатты сөздер дегендегі қанат сөзінде бейнелі мағына бар.
Бейнелі мағына - адамның сезімі мен көңіл күйіне байланысты айтылатын эмоционалды сөздердің мағыналары жатады. Олар стилистикалық бояма мағына деп те аталады. Мысалы: тамаша, шіркін, қалш-қалш, шілтию, тылтию, жалпию және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |