Байланысты: Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы к-emirsaba.org
2.Қазіргі қазақ драмасындағы жаңа ізденістер туралы айтыңыз. Әдебиеттегі драмалық шығармалардың өзге жанрдағы туындылардан ерекшелігі, біріншіден, оның адамзаттың рухани болмысындағы шынайы сезiм мен құштарлықты психологиялық жағынан оқырман мен көрерменнің жан күйзелiсiмен ұштастырып, заманның келелі мәселелерін барынша шынайы суреттеуiнде болса, екінші жағынан, драмалық шығармалар көркем туынды (мәтін) түрінде оқырманына әрі сахналық қойылым түрінде көрерменіне жетеді. Әрине бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Себебі, драма жанры сахна, театр үшін де, көркем туынды үшін де қажет. Сахна өнерінің қашанда қайнар көзі мен арқауы – ұлттық драматургия.ХХ ғасырдан бастау алған қазақ драматургиясындағы туындылар классикалық әдебиет үлгілері болып саналатын құнды шығармалар. Атап айтсақ, қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин пьесалары ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және тағы басқа кейінгі толқын драматург-қаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты. Қазіргі қазақ драматургиясының шеңберіне тәуелсіздіктің тұсынан бүгінгі күнге дейінгі жазылған туындыларды қарастырып келе жатқанымыз рас. Ал дәл осы кезең – ғасырлардың тоғысына сәйкес келетін, дәстүрдің жаңашылдықпен үндескен кезеңі. Кейіпкер болмысын танытудағы психологизмнің қызметі, көркем шығармадағы баян¬даудың жолдары, суреттеудің жүйесі, көркем мәтіннің семантикалық, стилис¬тикалық құрылымы жайындағы ізденістер – қазіргі қазақ драматургиясының жанрлық сипатын айқындайтын параметрлер.
Сондай-ақ қазақ драматургиясының бүгінгі даму үрдісіндегі ерекшеліктердің бірі – адам психологиясын, ішкі жан сарайын ашуға, толығырақ түсіндіруге деген ұмтылыс. Осындай бағыттағы әдеби туындылардың бірі – Жолтай Әлмашұлының «Жапон аруының арманы» атты екі актілі новеллалық пьесасы. (Бұл шығарма 2009 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» атты жабық конкурста жүлделі екінші орынды иеленген.)