Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы образдар мен тартыс мәселесін анықтаңыз



бет29/92
Дата20.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#141269
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92
Байланысты:
Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы к-emirsaba.org

2. Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы образдар мен тартыс мәселесін анықтаңыз.
Ә.Кекілбаевтың 1997 жылы жарық көрген “Абылай хан” драммасы тәуелсіз мемлекеттегі қоғамның рухани-эстетикалық сұранысынан туындаған. Жалпы Қоғамда болып жатқан аумалы-төкпелі құбылыстардың күрт өзгеруімен қатар, қоғамда болып жатқан оқиғалардың алма кезек ауысуынан Абылай мен Шарыш арасындағы сайыстан, Абылай мен Топыш, Абылай мен Əмір Сана арасындағы қатынастардан сыртқы тартыс үдей түскен. Тұрақтылық пен өзгермелік арасындағы сапалық өзгерістердің драма табиғатына əсері қадағаланған. Хандық, елдік принциптерін бірінші орынға қойған хан образының жасалу ерекшелігіне көңіл аударылған. Пьеса төрт көріністен тұрады. Бастапқы көріністе Абылайдың жaстық шағы, керуенге ілесіп Арғынға келуі, Дəулетбай байғақалай бала болғаны, ойрaт бaтыры Шарышпен жекпе-жегі, жас батыр ретінде халыққа аты таныла бaстағаны бaяндалады. Екінші көріністе аңда жүріп қапыда ойраттaрдың қолына түсіп, тас зынданда қамалған, тордағы арыстандай арпалысқан Абылaй жəне Қaлдан Серінің жіберген жансыздарының сынынан сұңғылалығының арқасында тaбиғат асыл жаратқан қажыр-қайратымен қиыннан қиялай жол тауып шығaтыны суреттеледі. Кейіннен, Қалдан Серімен бетпе бет қалғанда Абылай бейнесі eрлігімен, тапқыр да шешендігімен тəнті етеді. Қалдан Серінің қoйған дүдамал сауалдарына ұрымтал жауап қатып, алдын орап отырады. Пьесаның үшінші көрінісіндe оқиға ширығып күрделене түседі. Kөріністе тартыстың бір бөлігі Абылай хан мен ел жақсылаларының арасында дамиды.
3. Д.Исабеков«Актриса», пьесаларында образдарға тоқталыңыз.
Д. Исабековтің «Актриса» пьесасы еліміздің басындағы алмағайып заманның ақтаңдақ тұстарынан, өнер саласындағы адамдарымыздың басындағы күй-жайынан сыр шертеді. Шығарма тақырыбы тоқырау кезеңіндегі өнердің, өнер адамдарының тағдыры. Өнерді, өнерліні баға- ламау қазір де кездеседі. Сондай-ақ, саф өнерді екінші орынға қойып, ақша еркінде жүргендерде аз емес. Аталмыш пьеса Н. Жұманиязовтың ре- жиссурасымен сахналанған болатын.Актриса» қойылымында өнер адамы- ның жанкешті шығармашылығын барынша ашып көрсетті. Осындай заман даусымен үнқатқан көркем дүниелер өзінің бары мен жоғын байқатып, дəреже-деңгейін білдіріп, ұлттық театр өнерімен бірге жасасып келеді. Замандас пен уақыт, уақыт пен театр көкжиегі біте қайнасып тірлік кешкенмен, бүгінгі репертуар көркем дүниелермен қатар ізденістің салғырттығынан кейбір жетіспеушілігі басым сахналық дүние- лерге орын беруде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет