Заман мынау апшынған айдаһардай жаланып,
Не болмақшы қаптаса Қараспанды қара бұлт?..
Қам-қаперсiз басыма қайта оралмас күн келсе,
Қасқыр басым қаншыққа қалмаймын ба таланып?..
2. Д.Исабеков «Актриса» пьесасндағы қоғамдық құбылыстар мен өмірдің ақиқат жайттарын айтыңыз.
Д. Исабековтің «Актриса» пьесасы еліміздің басындағы алмағайып заманның ақтаңдақ тұстарынан, өнер саласындағы адамдарымыздың басындағы күй-жайынан сыр шертеді. Шығарма тақырыбы тоқырау кезеңіндегі өнердің, өнер адамдарының тағдыры. Өнерді, өнерліні баға- ламау қазір де кездеседі. Сондай-ақ, саф өнерді екінші орынға қойып, ақша еркінде жүргендерде аз емес. Аталмыш пьеса Н. Жұманиязовтың ре- жиссурасымен сахналанған болатын.Актриса» қойылымында өнер адамы- ның жанкешті шығармашылығын барынша ашып көрсетті. Осындай заман даусымен үнқатқан көркем дүниелер өзінің бары мен жоғын байқатып, дəреже-деңгейін білдіріп, ұлттық театр өнерімен бірге жасасып келеді. Замандас пен уақыт, уақыт пен театр көкжиегі біте қайнасып тірлік кешкенмен, бүгінгі репертуар көркем дүниелермен қатар ізденістің салғырттығынан кейбір жетіспеушілігі басым сахналық дүние- лерге орын беруде.
3.Қазақ фантастикасы:кеше мен бүгін. Фольклор мен жазба әдебиеттегі фантастиканы ашыңыз.
«Қазақ фантастикасының қалыптасу жолдары мен даму тенденциялары» деген тақырыппен кандидаттық диссертация қорғаған. Жалпы қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының дамуына өз үлесін қосудағы жазушы¬ның мақсаты – жастардың арманын асқақтатып, қиялдарын ұштау, бола¬шақ¬¬тың техникаларын, технология¬ларын меңгеруге жетелеу. Абдул-Хам¬ид Мархабаев фантастикалық жанрда 1959 жылдан бастап әңгіме-повестер жазған. Содан бері «Арал әуендері», «Жарылқаушы…», «Балалардың аман қалғанын айт!», «Тосын ғарышхат», «Шаян планетасы,сен кінәлісің!» сияқты он-он бестей дүниелері жеке кітап болып шыққан. Осылардың ішінде біраз шығармалары «Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» жинағында орыс тілінде, Киевтегі «Молодь» баспасында украин тілінде, Кишинев қаласында «Литера¬тура артистика» баспасында молдаван тілінде жарық көрген. Ол орыс жазу¬шысы В.Михановскийдің «Шексіз¬дікке шеру» фантастикалық романын қазақшаға аударған. Сонымен қатар, америкалық он алты қиялгер жазушы¬ның шығармаларын тәржімалап, «Фантастикалық Америка әпсанасы» жинағына енгізді .
емтихан билеті № ____34___
Достарыңызбен бөлісу: |