1.Ақын М.Шаханов поэмаларнына сюжеттік-композициялық талдау жасаңыз.
1.Шығарманың басталуы: Махамбеттің түс көруі
2.Шығарманың байланысуы; шомбал жігіттің мақтануы
3.Шығарманың дамуы; әкесінің махамбеттің өлімі жайлы естуі
4.Шығарманың шиеленісуі; әкесінің сөзі
5.Шығарманың шарықтау шегі; әкесінің шешімі 6.Шығарманың шешімі; баласының өлімі
Қ.Жұмаділовтің «Бір ғана ғұмыр» әңгімелеріндегі адам әлемінің мың сан қырлары, өмірдің күнгейі мен көлеңкелі тұстарын сипаттаңыз.
Қазіргі қазақ әдебиетінде өнімді еңбек етіп жүрген қаламгер – Қабдеш Жұмаділовтің шығар¬малары оқырман назарынан тыс қалған емес. Мәселен «Жемдеген қырғауылдар», «Құдайдың үйі», «Бір ғана ғұмыр», «Дөңгеленген дүние-ай», «Тіленші», «Бұқарбайдың бұқасы» секілді әңгімелерінің негізгі өзегі де бүгінгі күннің оқиғалары, кейіпкерлері де жаңа заманның адамдары. «Бір ғана ғұмыр» әңгімесіндегі жазушы Әділ Тазабеков, «Жемдеген қырғауылдар» әңгімесіндегі аудан әкімі Нұрсаған Бектұрғановтың, «Құдайдың үйі» әңгімесіндегі молданың, «Бұқарбайдың бұқасындағы» кәсіпкер Бұқарбайдың іс-әрекетін суреттеу арқылы жаңарған қоғамның сипатын, тыныс-тіршілігін, кескін-келбетін ашып көрсетеді. Қоғамды жаңартып қоймай, сол қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың мінез-құлқын, тірлігін, жан дүниелеріндегі өзгерістерді де дәл, шынайылықпен суреттей білген. Жұмаділовтің «Бір ғана ғұмыр» әңгімесінің сюжеті былай беріледі: бас кейіпкер жазушы Әділ Тазабеков қала өмірінің тіршілігінен шаршап, бір жағынан денсаулығының сыр беруіне байланысты, Алматы маңындағы бір санаторийге келіп жайғасады. Ол санаторийге жайғасып алғаннан кейін, осы жердің тыныс-тіршілігімен танысады. Осылайша бірнеше күндік демалыс¬та кейіпкер біраз оқиғаларды бастан кешіреді. Әңгімеде санаторий өмірімен, ондағы алуан қырлы, мың сырлы оқиғалармен байланыстыра айтылады. Әңгіменің ең басты кейіпкері Әділ Тазабеков бейнесімен сомдаған. Әңгімені оқи отырып, Әділдің ақ көңіл жан, ашық мінезді жан екенін көруімізге болады. «Бір ғана ғұмыр» әңгімесінде оқиғалардың бірінен-бірі өрбіп-өніп, белгілі бір шегіне жеткен соң шешімін тауып, заңды аяқталып отыратыны ерекше көңіл аудартады.
Достарыңызбен бөлісу: |