Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және
"логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген
мағынаны білдіреді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты,.Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылыФранцияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.
Авторитарлық саяси режим және оның формалары.
Авторитарлық режим дегеніміз - қоғамдағы толық жетілмеген демократияға негізделген жеке адамның немесе саяси биліктің бір тармағына сүйенетін мемлекеттік-саяси құрылым. Авторитарлық тәртіп көбінесе өтпелі кезеңде қалыптасады, әсіресе қоғам тоталитарлық тәртіптен демократиялық тәртіпке ауыса бастаған жағдайда қалыптасады. Себебі осындай кезеңде алда тұрған мақсаттарды демократиялық тәсілдермен (сайланбалы органдармен) ғана іске асыру қиындыққа түседі. Мысалы, ТМД елдерінің көбінде орын алған авторитарлық тәртіп, жеке тұлғаның билігі немесе атқарушы биліктің күшеюі осы әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тікелей байланысты.
Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері:
жеке адам билігінің немесе саяси биліктің бір тармағының күшеюі;
қоғамдық саяси ұйымдардың құқықтары мен еркіндіктерінің шектелуі;