Символдық Интеракционизм - Батыс әлеуметтануындағы және әлеуметтік психологиядағы теориялық-әдіснамалық бағыт. Ол негізінен, әлеуметтік өзара дербестілік катынастардың символдықтарын зерттеңці. Оның негізін салушы философ, әлеуметтанушы және әлеуметтік психолог Дж. Г.Мид (1863 - 1931). Оның пікірі бойынша әр адам баска адамдармен қарым-катынастары арқылы "әлеуметтік менді" (яғни әр адамның "мені" өзіндік тұрғыдаи алғанда, "кіммін, басқалармен калай қатынаса аламын" сияқты түсініктерін біртұтас) қалыптастырады. Қоғамдағы адамның мөні адамдар арасындағы қарым-қатынастардың мазмүны анықталады. Ал қатынастардың мазмүны әртұрлі рөлдер, мән тұрғысында қалыптасады. Адам соларды түсіну, оларды өз бойына, іс-әрекетіне сіңіру арқылы басқа адамдармен тұрақты, мақсатты қатынастарға түсе алады. Қазіргі әлеуметтануда Символдық Интеракционизмнің екі бағьтты бар: чикаголық (Г.Блумер], Т.Шибуни], А.Сросе], т.б.) және айовлық (М.Кун], Т.Партленд, т.б.). Егер, біріншілері қарым-қатынас, қозғалыс-көріністеріне, әлеуметтік символдардың шығу, калыптасу, күнделікті пайдалану жақтарына баса көңіл аударса, екіншілер қоғамда орныққан тұрақты символдардың маңызын жоғары бағалайды.[1]
Бәсекелестік. Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклі.
Бәсекелестік
1) биологияда[1] - туыстық жағынан жақын бір немесе әр түрге жататын организмдердің тірі қалу мүмкіндігі үшін бір-бірімен күресуі. Ол үшін өсімдіктерге күн сәулесі түрінде алатын, ал жануарларға әртүрлі қоректік материалдар түрінде алатын энергия қажет. Бұл күресте жеңіп шыққандар ұрпақ қалдыру мүмкіндігіне ие болады, жеңілгендер жойылады. Сөйтіп, түр ішіндегі бәсекелестіктің негізгі нәтижесі таралымдық түрдің қалыптасуымен аяқталады (қ. Дивергенция). Түр ішіндегі бәсекелестік көп жағдайда жекелеген жануарлардың немесе олардың топтарының өз танаптарын қоруынан байқалады. Сондай-ақ, ұя салу және жұптасу, яғни, жұптасатын серігі үшін Б. болады. Ал өсімдіктер арасында бәсекелестік негізінен жарық үшін жүреді. Тым жиі өскен өсімдіктер бірін-бірі көлегейлейді. Бұл құбылыс кейбір ауыл шаруашылық дақылдарынан (сәбіз, қызылша, т.б.) анық байқалады;
2) психологияда - жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынастың түрі. Бәсекелестік белгілі бір мақсатқа жету жолындағы жарыс, тартыс түрінде көрінеді. Ол өзара ынтымақтастыққа, ізгі ниеттілікке негізделмеген жағдайда ашық соғысқа, бақталастыққа ұласады. Бәсекелестік адамның жетістікке жетуіне өз септігін тигізіп, пайдалы қызмет те атқарады;