Емтихан билеттері Жалпы физикакурсы: Электрмагнетизм



бет1/2
Дата21.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#141986
  1   2

Емтихан билеттері
Жалпы физикакурсы: Электрмагнетизм



  1. Электр зарядтарының іргелі қасиеттері.

  2. Кулон заңы. Тәжірибелік қондырғы (иірмелі таразы).

  3. Электростатикалық өріс.Электр өрісінің кернеулігі.Нүктелік заряд өрісінің кернеулігі.Электр өрістері үшін суперпозиция принципі

  4. Зарядталған шексіз жазықтың кернецулігі.

  5. Зарядталған ұзын сымның кернеулігі.

  6. Электростатикалық өрістер үшін Остроградский-Гаусс теоремасы, оның қолданылуы.

  7. Электр өрісі күштерінің заряд орын ауыстырғанда атқаратын жұмысы. Кернеулік векторының циркуляциясы

  8. Потенциал, потенциалдар айырымы. Нүктелік заряд және зарядтар жүйесі өрістерінің потенциалдары.

  9. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Сыртқы өріс әсерінен қорғау.

  10. Оқшауланған өткізгіштің электр сыйымылығы

  11. Жазық конденсаторлардың сыйымдылықтары

  12. Сфералық конденсаторлардың сыйымдылықтары

  13. Цилиндрлікконденсаторлардың сыйымдылықтары

  14. Конденсаторлар, оларды тізбектеп және параллель жалғау.

  15. Электростатикалық өріс энергиясы, оның тығыздығы

  16. Диэлектриктердегі электростатикалық өріс. Поляризациялану векторы. Ортаның диэлектрлік өтімділігі.

  17. Эквипотенциалды беттер. Потенциал градиенті және оның өріс кернеулігімен байланысы.

  18. Сегнетоэлектриктер, олардың поляризациялануы. Пьезоэлектриктер. Электреттер.

  19. Тұрақты электр тогы. Ток тығыздығы.

  20. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Ом заңының дифференциалдық түрі

  21. Джоуль-Ленц заңы.Джоуль-Ленц заңының дифференциальдық және интегральдық түрі.

  22. Металдардың электр өткізгіштігі. Меншікті кедергінің температураға тәуелділігі. Кедергілер, оларды жалғау.

  23. Тұйық тізбек үшін Ом заңы.

  24. Бөгде күштер. Электр қозғаушы күштер. Электр тогының пайда болу шарттары.

  25. Тұрақты ток қуаты. Ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті.

  26. Кирхгоф ережелері, оны тармақталған тізбектерді есептеуде қолдану.

  27. Қаттыденелердiңэлектрлiкқасиеттерiнебайланыстыклассификациясы. Металдардағы токтың табиғаты.Асқынөткiзгiштiктуралытүсiнiк.

  28. Термоэлектрлік құбылыс. Пельте және Зеебек эффектілері.

  29. Жартылай өткiзгiштердiң меншiктi өткiзгiштiгi. Қоспалы өткiзгiштiк. Донорлар мен акцепторлар.

  30. Жартылайөткiзгiшдиод және транзистор.

  31. Сұйықтардағы электр тогы. Электролиз үшін Фарадей заңдары.

  32. Газдардағы электр тогы. Газ разрядтарының түрлері.

  33. Магнит өрісіндегі токқа әсер етуші күш. Ампер заңы

  34. Ампер күші. Параллель токтардың өз-ара әсерлесуі

  35. Био-Савар-Лаплас заңы.

  36. Магнит өрістері үшін суперпозиция принципі. Дөңгелек токтың магнит өрісі.

  37. Түзу токтың магнит өрiсi

  38. Соленоидтағы токтың магнит өрiсi.

  39. Магнит өрiсiнiң кернеулiк векторының циркуляциясы. Толық ток заңы.

  40. Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішті орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс.

  41. Индуктивтілік . Өздік индукция құбылысы.

  42. Магнит өрісіндегі тогы бар контур. Магниттік момент. Магниттік индукция

  43. Магнит өрісінің энергиясы және оның тығыздығы

  44. Зарядталған бөлшектің магнит өрісіндегі қозғалысы. Лоренц күші.

  45. Холл эффектісінің физикалық мәні.

  46. Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей тәжірибелері.

  47. Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі

  48. Айнымалы ток. Реактивті кедергілер. Ом заңы.

  49. Электромагниттік тербелістер. Қарапайым тербелмелі контур. Томсон формуласы.

  50. Айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принциптері. Ток пен кернеудің эффективті мәндері.

  51. Өшпейтін және өшетін электромагниттік тербелістер. Өшудің логарифмдік декременті.

  52. Контурдағыерiксiзтербелiстер.Резонанс

  53. Айнымалы ток тізбегіндегі реактивті кедергі,(индуктивтік және сыйымдылық кедергілері).

  54. Айнымалы ток тізбегі. Ток пен кернеудің эффективті мәндері.

  55. Айнымалы ток қуаты

  56. Айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңы.

  57. Векторлық диаграммалар. Айнымалы ток тiзбегiнiң жұмысы мен қуаты.

  58. Электр энергиясын қашыққа тасымалдау. Трансформатор

  59. Вакуумдегі Максвелл теңдеуі. Электромагниттік толқындардың пайда болуы.

  60. Жазық толқындар.Толқын ұзындығы, толқындық сан, толқындық вектор. Толқындардыңтаралуы.

  61. Сутегі атомының элементар теориясында электрон ядро маңайында дөңгелек орбита бойымен айналады деп қарастырады. Орбита радиусы r =53 пм болса, электронның жылдамдығы мен айналу жиілігі неге тең болады? Жауабы: 219 км/с, 6,61014 с-1.

  62. Екі нүктелік зарядтың q1 = 1 мкКл және q2 = -q1 ара қашықтығы 10 см. Бірінші зарядтан 6 см, ал екіншісінен 8 см қашықтықта орналасқан q = 0,1 мкКл зарядқа әсер ететін күшті анықтаңдар. Жауабы: 287 мН.

  63. Электр өрісін беттік тығыздығы 1 = 1 нКл/м2 және 2 = 3 нКл/м2 біркелкі таралған екі шексіз пластинка туғызады. а) Пластиналардың арасындағы; б) пластиналар сыртындағы электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Пластинаға перпендикуляр сызық бойындағы кернеуліктің өзгеру графигін сызыңдар. Жауабы: 113 В/м; 226 В/м.

  64. Диаметрі 5 см, ұзындығы 4 м металл стержень бетінде q = 500 нКл заряд біркелкі таралған. Стерженнің ортасынан 1 см қашықтықтағы нүктедегі электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Жауабы: 64,3 кВ/м



  1. Электр өрісін Q1 = 6 нКл оң нүктелік заряд тудырады. Q2оң заряд А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстырады. Егер r1 = 20 см, ал r2 = 50 см болса, тасымалданатын бірлік зарядқа келетін потенциялық энергияның өзгерісі қандай? Жауабы: - 162 Дж/Кл.




  1. Қуыс шар беті біртекті зарядталған. Шар орталығындағы потенциал 1= 200В, ал орталығынан r = 50 см қашықтықтағы потенциалы 2= 40В болса шардың радиусы неге тең? Жауабы: 10 см.

  2. Ұзындығы 2м қорғасын сымның ұштарына 25В кернеу түсірілді. Сымның бастапқы температурасы 100С. Қанша уақыттан кейін сым балқи бастайды?Қорғасынның балқу температурасы 3270С, оның меншікті кедергісі 1,7*10-6Ом*м, қорғасынның тығыздығы 11,3*103кг/м3, меншікті жылу сыйымдылығы 125Дж/кг*К.

  3. Екі вольтметрді ток көзіне бір мезгілде тізбектей қосқан кезде, біріншісінің көрсетуі 6В, ал екіншісі 8В көрсетеді. Осы вольтметрлерді параллель қосқанда көрсетуі 12В болады. Ток көзінің ЭҚК-ін табыңдар.

  4. Тұрақты кедергі 300Ом, айнымалы кедергісі бар 0÷1500Ом резистор және идеал кернеу көзі берілген. Кернеу көзінетізбектей кедергі мен кедергісі r0=600Ом резисторды қосқанда бір секунд ішінде 150Дж жылу бөлінеді. Ток көзіне аз энергияны тұтынып, тура сондай қуатты алу әдісі бар ма? Бар болса, өрнектеп, болмаса дәлелдеп беріңдер

  5. Электр шәйнегінің екі орамасы бар. Оның біреуін қосқанда, шәйнектегі су t1=12мин қайнайды, ал келесісін қосса, t2=24мин соң қайнайды. Екі екеуін параллель қосса, шәйнектегі су қанша уақыттан соң қайнар еді? Тізбектей қосса ше? Ауамен жылу алмасуды ескермеңдер.

  6. Сақтандырғыш қимасы S1=0,2мм2 қорғасын сымнан жасалған. Қысқа тұйықталу кезінде ток күші I=20А-ге жетті. Қысқа тұйықталудан кейін қанша τ уақыттан кейін сақтандырғыш балқи бастайды? Қимасы S2=2мм2 болатын жүргізілген мыс сымдар осы уақыт ішінде қаншаға қызады? Сақтандырғыштың бастапқы температурасы t0=270С. Кедергінің температураға тәуелділігін ескермеңдер

  7. Егер I1=5А ток кезінде жүктеме Р1=30Вт қуатты тұтынатын болса, ал I2=10А ток кезінде Р2=40Вт қуатты тұтынса, онда аккумуляторлар батареясының қысқа тұйықталу тогын табыңдар.

  8. Екі вольтметрді ЭҚК-ң көзіне бір мезгілде тізбектей қосқан кезде, әрбір вольтметрдің көрсетуі 6В болады. Оларды дәл сол ЭҚК-ң көзіне параллель қосқанда, олардың көрсетуі 10В болды. ЭҚК-ң шамасын анықтаңдар.

  9. ЭҚК-і ε=250В және ішкі кедергісі r=0.1Ом генератордан тұтынушыға ұзындығы l=100м қос сымды линияны тарту қажет. Егер тұтынушының қуаты P=22кВт, және ол U=220В кернеуге есептелген болса, онда линияны дайындауға массасы қанша алюминий кетеді?Алюминийдің меншікті кедергісі ρ=2,8*10-8Ом*м. Алюминийдің тығыздығы d=2,7г/см3.

  10. Индукциясы В=0.1 Тл болатын магнит өрісіне ауданы S=25 болатын квадраттық рама енгізілген.Рама жазықтығына жүргізілген нормаль магнит өрісінің бағытымен бұрыш жасайды.Егер рама арқылы ток жүргенде, оған әсер ететін күш моментін анықтаңдар.

  11. Индукциясы В=0.5 Тл болатын біртекті магнит өрісінде ұзындығы және ені болатын тікбұрышты рама орналасқан. Рамадағы жіңішке өткізгіштердің орам саны орамға тең.Рамадағы ток , ал раманың жазықтығы магниттік индукция сызығына параллель болады.Анықтаңдар раманың магниттік моментін 2) рамаға әсер ететін айналдырушы моментті


  1. Бойымен 5а ток өтетін шексіз ұзын өткізгіштен 2см қашықтықта тұрған нүктедегі магнит өрісінің кернеулігін табу керек

  2. Бойымен 1а ток өтетін, радиусы 1см дөңгелек сым орамының центріндегі магнит өрісінің кернеулігін табу керек

  3. Көлденең қимасы мыстан жасалынған сым сақинадан I=20a ток жүре отырып, сақинаның центрінде магнит өрісінің кернеулігін H=2,24э туғызады. Сақинаны жасап тұрған өткізгіштің ұштарындағы потенциал айырмасы қандай?

  4. Ұ¦зын, түзу өткізгіш арқылы күші 8 А ток жүргенде, өткізгіштен 8 мм қашықтықта магнит өрісінің индукциясы қанша болады? Гн/м депалыңыздар

  5. Индукциясы 0,02 Тл, біртекті магнит өрісіне электрон индукция сызықтарына параллель ұшып енеді. Магнит өрісінде электрон қанша үдеумен қозғалады?

  6. Индукциясы 0,2 Тл магнит өрісіне 10 А электр тогы өткізгіш орналастырылған, өткізгішке 0,3 Н күш әсер етуі үшін өткізгіштің ұзындығы қанша болу керек? өткізгіш магнит индукциясының векторына перпендикуляр.

  7. 5 А тогы бар, ұзындығы 14 см өткізгішке индукциясы 2 Тл магнит өрісінде әсер етуші күш мөлшері қанша болады? өткізгіш магнит индукциясы векторына перпендикуляр.

  8. Ұзындығы 0,3 м өткізгіш ұштарында 18 мВ потенциалдар айырымы пайда болуы үшін, индукциясы 6 мТл өрістің магниттік күш сызықтарына перпендикуляр жазықтықта қанша жылдамдықпен қозғалуы керек?

  9. Бірдей потенциалдар айырымымен үдетілген протон мен -бөлшек біртекті магнит өрісіне ұшып кіреді. Протон мен -бөлшек қозғалатын шеңберлер радиустарының қатынастары Rp/Rқандай болады?

  10. Диаметрі 0,5 мм өткізгіштен жасалған орам арқылы 1,5 А ток өтеді. Орам өсінде магнит өрісінің кернеулігі қандай болады?

  11. Екі параллель түзу ұзындықтары 10 м, бір-бірінен 1 см қашықтықта вакуумда орналасқан өткізгіштер арқылы 20 А ток өткенде магниттік әсерлесу күші қандай болады? = 4  Гн/м деп алыңыз.

  12. Толқын ұзындығы 30 м, ауада таралу жылдамдығы 3 м/с болса, толқын көзінің тербеліс жиілігі қандай болады?

  13. Айнымалы ток тізбегінде ток күшінің амплитудалық мәні А. Бұл тізбектегі ток күшінің эффективтік мәні қандай болады?

  14. Ток күшінің тербелісінің қандай циклдік жиілігінде, катушканың индуктивтік кедергісі 2 Омға сәйкес болады? Катушка индуктивтілігі 0,02 Гн.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет