Өсімдік географиясы - өсімдіктердің таралуы ареалын зерттейтін бөлімі. Өсімдік географияның өсімдіктің түрін, туысын тағы басқа таксономиялық котегорияларының табиғатта таралу аймағын- ареалын зерттейтін саласын фитохорология дейді. Өсімдік географияның флористикасы бір аймақта таралған өсімдік түрлерін, флорасын, ал өсімдік географияның экологиясы өсімдіктің тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді. Өсімдітің таралуы туралы мағлұматтарды ертедегі дүние ғалымдары (Теофраст) еңбектерінен де көруге болады. Ал нақты мағлұматтар 18 ғасыр натуралистері француз ботанигі Ж.П.де Турнефор, швед ғалымы К.Линней, орыс академигі П.С.Паллас тағы басқа еңбектерінде өсімдік география жөнінде көптеген наөты мәліметтер келтірген, 18-19 ғасырда өсімдік география ғылымның жее саласы болып қалыптасуына неміс натуралистері К.Вильденов, А.Гумбольд көп еңбек сіңірді.Ч.Дарвин организмнің географиялық таралуын эволюциялық дамудың дәлелі ретінде қарады. Ч.Дарвиннің идеяларын ағылшын ғалымы Дж.Д.Гукер, американ ботанигі А.Грей ботаника- география еңбектерінде қолданды. Жер шарындағы өсімдік ареалы мен флорасының байланыстырып ерттеген неміс ботанигі А.Энглер өсімдік географияның тарихи- генетикалық әдісінің дамуына үлкен әсер етті.
Өсімдіктер таралуының географиялық аңдылықтарын білу өсімідк дүниесінің эволюциялық заңдылықтарын ашуда үлкен орын алды. Өсімдік географияның зерттеудің өсімідіктің адамға пайдалы түрлерін шығаруда, жаңа түрлерді жерсіндіруде маңызы зор. Өсімдік ареалын зерттегенде сыртқы ортаның өсімідіктің таралуына тигізетін әсері және өсімідң флорасының қалыптасуы мен жеке түрдің таралу тарихи анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |