Тянь-Шань арқары
Тянь-Шань тауы арқарының саны күрт төмендеуде. Олар негізінен теңіз деңгейінен 200-ден 4000 метр биіктікке дейінгі тегістелген таулы аймақтарда мекендейді.
Қызылқұм арқары
Қызылқұм арқары Қазақстанда жоғалып кеткен жануар. Бірақ Өзбекстанда оның саны ішінара қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта бұл арқар Нұратау жотасының батыс бөлігінде және Өзбекстан аумағындағы Ақтау тауында, Орталық Қызылқұм облысында сақталған.
Үстірт арқары
Саны мен таралу аймағы шектелген Үстірт арқары жоғалып кету қаупі бар жануарлар қатарында. Үстірт арқарының Қазақстанда мекен ететін жері толығымен Маңғыстау облысының аумағы.
Тоғай бұғысы
Соңғы тоғай бұғысы өткен ғасырдың 50-ші жылдарының ортасында Қазақстан аумағынан толығымен жойылып кеткен. Қазақстан жерінен жойылып кеткен тоғай бұғысы 1981 жылы Іле өзенінің бойына жерсіндірілді. Қазақстанда жалпы саны – 200 бас.
Қызыл қасқыр
Қызыл қасқыр Қазақстан аумағында жойылып кеткен түр. Қызыл кітапқа енген бұл жыртқыш Тянь-Шань мен Алтайдың биік жоталарында тараған. соңғы 40 жылда республика аумағында осы жануардың бірде-бір кездесуі тіркелмеген.
Қабылан
Бұл түр өте сирек кездесетін жыртқыш. Қабыландар түрлі типтегі шөлдерде мекендейді.Қабылан қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жоғалып кету шегіне жетті, мүмкін жоғалып та кетті.
Сабаншы
Сабаншы таралу аймағы бойынша сирек кездесетін түр. Бұл жануардың да таралу аймағы тарылып, саны кемуде.
Шағыл мысығы
Қазақстанның жануарлар әлемінде кездесетін саны аз, сирек түр. Шағыл мысығы Қазақстанда Маңғышлақ түбегінде және Үстіртте тараған. Бұл мысық Қарынжарық және Сам құмдарында өмір сүруі мүмкін.
Қарақал
Қарақал 1-санатқа жататын сирек кездесетін түр. Оның Қазақстандағы таралу аймағы елдің солтүстігі.
Достарыңызбен бөлісу: |