Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»



бет63/172
Дата12.05.2022
өлшемі5,83 Mb.
#34063
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   172
Байланысты:
Өсімдік географиясы ответ

Космополиттік немесе барлық аймақтарда кездесетін ареалдар негізінен құрлықтардың барлық бөліктеріне дерлік таралған немесе қоңыржай белдеуден тропиктік ендікке созылып жатқан таксондарға қатысты қолданылады. Мысалы, кокос пальмасының, қарапайым құрақтың, дельфиннің ареалдары ауқымды болып келеді. Құрлық жануарларының ішінен космополиттерге бунақденелі-синантроп жәндіктерді жатқызуымызға болады.

Ареалдарда типке бөлудегі негізгі белгілердің бірі болып, түрлердің саны мен мөлшерлері қолданылуы мүмкін.



Кейде түр биотикалық облыс ретінде жергіліктілігімен ерекшеленеді. Мұндай түрлер эндемиктер, ал ареалы- эндемикті ареал. Шағын ареалдарға аралдық, үңгірлік формалар тән. Мәселен, тау аңғарлары, тау үстірттерінің жоғары ендіктері. Бұл ареалдарды бунақденелі жәндіктердің жорғалаушы түрлері мекендейді. Эндемиктік түрлердің көптігі осы аудандарда флора мен фаунаның дамуын салыстырмалы түрде ұзақ геологиялық мерзім ішіндегі табиғи жағдайлардың тұрақтылығын көрсетеді. Түрлердің мекен ету жағдайларының тұтастығы таулы аймақтардағы эндемиктердің алуан түрлілігін анықтайды.Эндемиктік ареалдардың қалыптасуы әр түрлі процестер нәтижесінде жүзеге асырылады. Сондықтан оларды палеоэндемиктер және неоэндемиктер деп бөледі. Эндемиктер әсіресе, ұзақ уақыт бойы оқшауланған мұхиттық аралдарда көп кездеседі. Мәселен, Әулие Елена аралында өсімдіктердің 85%, Гавай аралдарында 97% түрі эндемиктер. Бірақ бұл процесс құрлықтан жақында бөлінген Британ аралдарына тән жағдай емес, мұнда эндемиктік түрлер көп кездеспейді.

Викарлік ареал деп бірдей екі көршілес аймақта мекендейтін немесе әртүрлі мекен орталығы бірақ бірдей территорияда орналасқан таксономиялық бірліктердің орын басуы.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет