Анголаның оңтүстік-батыс бөлігін, Намиб шөлін, Намибиядағы Намаквалендті қамтиды. Карру - Оңтүстік Африкадағы Оранжевая өзенінің оңтүстігіндегі құрғақ үстірттер мен тау аралық ойпаңдар аймағы. Шөлді саванналар (көбінесе бұталы), шөлдер, шөлейттер және далалар тән. Флорасы Кап патшалығына ұқсас, бірақ палеотропикалық элементтер басым.
Намибияның солтүстік бөлігінде және Анголаның оңтүстік-батыс бөлігінде вельвичия (Welwitchiaceae) тұқымдасы эндемик болып табылады. Эндемикалық тұқымдастар көп, мысалы, акантосициос (Acanthosicyos) - асқабақ тұқымдасына жататын ағаш өсімдік. Саркокаулон – қазтамақ (герань) тұқымдасына жататын ксерофит. Мезембриантемум(Mesembryanthemum), литопс (Lithops), стапелия (Stapelia), жасаңшөп (Crassula), акация (Acacia) және басқа да күрделігүлділер тұқымдасының эндемикалық түрлері тараған.