Топырақ қышқылдығы. Топырақтың қышқылдығына қатысты өсімдіктердің келесі топтары бөлінеді.
Ацидофилдер – қышқыл топырақ жағдайында өсетін өсімдіктер (pH 3,4- 6,7). Оларға: сфагнум мүгі, көкжидек, мүкжидек, ұйпабас, қазанақ, аршагүл және т. б. жатады.
Нейтрофилдер–бейтарап топырақ өсімдіктері (pH 6,7-7,00. Оларға: кәдімгі қызылша, шалғын чина, шалғын атқонақ, тарғақ шөп, сарбас жоңышқа, тау бедесі, кәдімгі киікоты, тасшөп және т. б. жатады.
Базифилдер-сілтілі топырақ өсімдіктері (pH-7.0 және одан жоғары). Оларға бұршақты (қызылбас беде және т.б.) және дәнді дақылдардың (қылтанақсыз арпабас және т. б.) кейбір өкілдері жатады.
Топырақ қышқылдығының кең шегінде өсетін өсімдіктердің индифференттік түрлері. Оларға кәдімгі қарағай, кәдімгі емен, қой бетеге , итті суоты және т. б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |