түр (species) – морфологиялық тұрғыдан бірдей жиынтық;
туыс (genus) – жақын түрлердің жиынтығы;
тұқымдас (familia) – жақын туыстар жиынтығы;
қатар (ordo) - туыстық тұқымдастардың жиынтығы;
класс (classis) - туыстық қатарлар жиынтығы;
бөлім (divisio) – туыстық кластардың жиынтығы.
Негізгі таксондардан басқа, аралық, қосалқы таксондар болады: тұқымдасша, туысша және т.б. бар. Түрдің ішінде кіші түрлер түршелер, ал мәдени өсімдіктерге қатысты – сорттар (cultivar) ерекшеленеді. Сорт-бұл адамның селекциялық қызметінің нәтижесі, ол белгілі бір шаруашылық қасиеттермен және олардың тұқым қуалау арқылы берілуімен сипатталады.
Таксондардың негізгілері – бөлім, класc, қатар, тұқымдас, туыс, түр. Жүйеленімдік көрсеткіштің ең ірісі – бөлім; ең кішісі – түр. Өсімдіктер жүйеленімдік тұрғыдан осы таксондардың әрқайсысында жеке бөлінуге тиісті. Мыс., қарағай ағашы гүлді өсімдіктер бөліміне, қылқан жапырақтылар класына, бүршіктілер қатарына, қарағай тұқымдасына, қарағай туысына, кәдімгі қарағай түріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |