Емтихан сұрақтары оптика, атомдық физика, ядролық физика



Дата15.12.2023
өлшемі15,4 Kb.
#138824
Байланысты:
Е-з Оптика мен Атомка Емтихан сұрақтары есепсіз-2023


Емтихан сұрақтары
ОПТИКА, АТОМДЫҚ ФИЗИКА, ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА

  1. Жарықтың табиғаты жайындағы ілімнің дамуы мен жарықтың электромагниттік теориясы туралы баяндаңыз

  2. Толқындық теория бойынша жарықтың шағылуы және сынуы мен оптикалық спектрлер туралы жазып түсіндіріңіз

  3. Жарық шамалары мен жарық бірліктерін жазып, әр қайсысына тоқталып өтіңіз

  4. Когерент толқындар туралы; Юнгтың тәжірибесі. Жарықтың жұқа пленкаларда интерференциялануы; Ньютон сақиналары – туралы баяндаңыз

  5. Жарықтың дифракциясы. Френель дифракциясы. Фраунгофер дифракциясы – жайында баяндаңыз

  6. Дифракциялық решеткалар. Дифракциялық решетканың дисперсиясы мен ажырату қабілеті туралы жазып, түсіндіріңіз

  7. Сәулелік оптика заңдары. Жарықтың жазық бетте шағылуы және сынуы. Толық ішкі шағылу құбылысы жайында баяндаңыз

  8. Жарықтың сфералық бетте сынуы мен шағылуы. Жұқа линзалар. Жұқа линзадағы нәрсенің кескіні. Линзаның ұлғайтуы жайында жазып түсіндіріңіз

  9. Жарық поляризациясы. Табиғи жарық пен поляризацияланған жарық. Жарықтың шағылуы және сыну кезінде поляризациялануы жайында айтыңыз

  10. Жарық сәулелерінің қосарланып сынуы. Николь призмасы. Поляризацияланған жарық интерференциясы жайында айтыңыз

  11. Жұқа линзалар. Жұқа линзадағы нәрсенің кескіні. Линзаның ұлғайтуы туралы жазып, сызып түсіндіріңіз

  12. Когерент толқындар туралы. Жарықтың жұқа пленкаларда интерференциялануы туралы жазып түсіндіріңіз

  13. Жарықтың шағылуы мен сынуы. Николь призмасы туралы баяндаңыз

  14. Интерференция құбылысын ондағы болатын заңдылықтарды ашып жазып түсіндіріңіз

  15. Линзалар. Линзадағы кескіндердің кемшіліктері және оптикалық құралдар туралы айтыңыз

  16. Жарықтың табиғаты және жарықтың толқындық, корпускулалық теорияның дамуы жайында баяндаңыз

  17. Дифракциялық торлар. Кеңістік тордағы дифракциялық құбылыстар жайында айтыңыз

  18. Электромагниттік толқынныфң затпен әсерлесуі жайында айтыңыз

  19. Геометриялық оптика. Сәулелердің шағылу және сыну заңдарын баяндаңыз

  20. Жарық сәулесінің қосарланып сынуы. Жасаенды оптикалық анизатропия жайында айтыңыз

  21. Атом, атом ядросы және қатты дене физикасының даму кезеңдері. Микроәлем құбылыстарының өлшемдері. Атом туралы кванттық түсініктер.

  22. Атом құрлысы туралы заңдылықтар. Атомның Томсон моделі, Томсон моделінің кемшіліктері туралы айтыңыз

  23. Резерфорд тәжірибесінің физикалық мағынасын түсіндіріп айтыңыз

  24. Атомның ядролық моделі. Сутек атомының теориясы жайында айтыңыз

  25. Бордың кванттық теориясы. Бор постулаттары. Сутегі атомының Бор ұсынған моделі жайында баяндаңыз

  26. Атом, атом ядросы және қатты дене физикасының даму кезеңдері. Микроәлем құбылыстарының өлшемдері. Атом туралы кванттық түсініктер. Атомның периодтық қасиеттері жайында айтыңыз

  27. Сутегі атомының Бор ұсынған моделі. Сутегі атомының энергетикалық күйлері. Франк-Герц тәжірибелері жайында айтыңыз

  28. Энергияның деңгейлері және оларды қоздыру әдістері. Шағылысу және жұтылу спектрлерінің жалпы сипаттамасы туралы жазып, түсіндіріңіз

  29. Корпускулалық-толқындық дуализм. Зат бөлшектерінің толқындық қасиеттері. Де Бройль жорамалы туралы айтыңыз

  30. Жарық пен бөлшектердің корпускулалық-толқындық табиғаты. Луи де Броиль болжамы жайында баяндаңыз

  31. Кванттық сандар. Зеемен және Штарк эффектісі. Электронның спині және магниттік моменті жайында баяндаңыз

  32. Бордың магнетоны. Паули принципі. Электрондық қабықшалар. Көп электронды атомдардың құрылымы жайында айтыңыз

  33. Атомдардың рентгендік спектрі. Спектрдің ерекшеліктері жайында айтыңыз

  34. Толқындық функция. Шредингер теңдеуі және мағынасын түсіндіріңіз

  35. Металдар мен жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі туралы зоналық теорияның негізгі қағидалары туралы айтыңыз

  36. Де Бройль жорамалының тәжірибеде расталуы. Дэвиссон-Джермер тәжірибелері. Томсон және Тартаковский тәжірибелері жайында айтыңыз

  37. Электронның спині және магниттік моменті жайында айтыңыз, формулаларын келтіріңіз

  38. Бордың магнетоны. Паули принципі. Электрондық қабықшалар. Көп электронды атомдардың құрылымы жайында айтыңыз

  39. Микроәлем құбылыстарының өлшемдері. Атом туралы кванттық түсініктер. Атомның периодтық қасиеттері жайында айтыңыз

  40. Атом құрлысы жайындағы түсініктер, және онда кездесетін модельдерге тоқталыңыз

  41. Атомның магниттік моменті. Зееман эффектісі туралы жазып, түсіндіріңіз

  42. Атом ядросының физикасы. Массалық сан. Ядроның байланыс энергиясы формулаларын жазып, мысал келтіріп түсіндіріңіз

  43. Ядролық күштер. Ядролардың орнықтылығы. Атом ядросының модельдері жайында айтыңыз

  44. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды жайынжа жазып, түсіндіріңіз

  45. Радиоактивтіліктің шығу тарихы. Радиоактивтілік қатары жайында айтыңыз

  46. Альфа ыдырау және альфа ыдыраудың негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз

  47. Бета ыдырау және бета ыдыраудың негізгі ерекшеліктеріне тоқталыңыз

  48. Гамма ыдырау, гамма ыдыраудың затпен әсерлесуіне тоқталыңыз

  49. Ядролық сәулелерді тіркеу әдістерін айтыңыз

  50. Элементар бөлшектер туралы баяндаңыз, әр қайсысына тоқталып өтіңіз


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет