Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Фотоаппарат түрлерінің жіктелу негізін сипаттау



бет16/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79
21. Фотоаппарат түрлерінің жіктелу негізін сипаттау. Фотоаппарат — жарық өткізбейтін камерадан (фотокамерадан) суретке түсіру объективінен, суретке түсірілмекші кеңістіктің шекарасын анықтаушы кескін іздегіштен, фотопленкага сәттік жарық түсу мөлшерін реттеп тұратын серіппелі жапқы — шымылдықтан (затвордан), фотопленка салынатын кассетадан кұралған оптикалык-механикалық прибор. Бұл бөліктер әр түрлі аппараттарда түрліше жасалғанымен, олардың бәрінің атқарар кызметі бір. Cондықтaн да олардың құрылысын және жұмыс іcтey принципін біле отырып, кез-келген фотоаппаратты тез меңгеріп кетуге болады, сонымен қатар әрбір фотоаппаратты пайдалану жөнінде егжей-тегжейлі нұскаулықтар болады. Жарық, сәуле өткізбейтін камераның алдыңғы жағында объектив орнататын тeciгi, ал арт жағында фотопленка орналасатын кадр рамасы бар қақпақты қорап түрінде болады. Камера фотопленканы жарық сәуледен қорғайды. Фотопленкаға сәуле тек суретке түcipy кезінде объектив арқылы өтеді. Сондай-ақ, камера фотоаппараттың бүкіл механизмдері орнатылған негізгі корпус болып табылады. Фотопленканы салу ыңғайлы болу үшін фотоаппараттардың барлығының apтқы қақпағы ашылмалы болады. Жарыққа шағылыспасын деп фотокамераның ішін қара түске бояған. Фотоаппараттың кадрлық рамасы фотопленкаға түсетін кескіннің өлшемдерінің шегін (кадр форматын) анықтайды. Айналы фотоаппараттарда (зеркальный) объективтер суретке түсірмекші заттың әйнек пластинаның күңгірт бетіндегі немесе айналы кескін іздеуіштің коллективті линзаларындағы кескіні бойынша фокусталады. Сандық фотоаппарат (цифровая) — сандық фотокамерамен түсірілген суреттер химиялық жарық қолдану арқылы емес сандық электр күшімен цифрланған кодтарымен белгіленіп алынады. Сандық фотоаппаратпен 36 кадрден де көп суреттер тусіруге қолайлы. Фотожурналистердің жұмыс жасауына ыңғайлы функциялармен қамтамасыз етілген. Арнайы фотоаппараттар — су астында түсіретін, аэрофотосъемка (жер картасын жасауда қолданылады), ғылыми жұмыстарға қолданылатын арнайы фотоаппараттар. Соңғы кезде ұялы телефондардағы орнатылған фотоаппараттар да олардың қатарында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет