13. Криминалистикалық фотографияның тəсілдерін сипатта Фотоға түсірудің жеке тəсілдері. Əртүрлі тергеу іс-əрекеттерін жүргізу кезінде түсірілетін объектілердің ерекшеліктерін, олардың өзара орналасуы туралы толық мəліметтер алу үшін суретке түсірудің əртүрлі тəсілдерін атап айтқанда, бағдарлаушы (орентирующий), шолушы (обзор- ный), тораптық (узловой), жəне егжейтегжейлі (детальный) қолданады. Бұл əдістер суретте алынған фотоматериалдарды белгілі бір ретпен жалпыдан жекеге жүйелеп осы суреттердің мəнін ашуға мүмкіндік береді. Суретке түсірудің əртүрлі əдістері əдетте көптеген тер- геу əрекеттерін жүргізгенде, атап айтар болсақ: тінту, тергеу эксперименті, тануға ұсыну жəне т.б. қолданылады. Бірақ та, осы əдістер оқиға болған жерді қарау кезінде толық көлемде жəне жиі қолданылады. Бағдарлаушы суретке түсіру – бұл оқиға болған жерді не- месе қандай да бір болмасын объектіні қоршаған ортадағы заттар мен жағдайларды толық қамтып суретке түсіру. Шолушы суретке түсіру – бұл оқиға болған жерді неме- се объектіні қоршаған ортадағы жағдайсыз түсіру. Шолушы сурет – бағдарлаушы суретке қарағанда жақын қашықтықтан түсіріледі. Тораптық суретке түсіру – оқиға болған жердің маңызды учаскелерін, объектілерін, қылмыс əрекеттерінің іздерін ірі мас- штабта түсіру əдісі (мыс. сындырып-бұзу орны, мəйіттің жатқан орны, заттар жасырылған құпия орын т.б.). Детальды (егжей-тегжейлі) фотоға түсіру айғақтық заттар мен іздердің сыртқы белгілерін бейнелеу үшін қолданылады.
14. Криминалистикалық фотографияның түрлерін сипатта Криминалистік фотография дегеніміз тергеу іс-әрекеттерінде, жедел-іздестіру және сот сараптамасында пайдаланылатын фотосуретке түсірудің ғылыми негізде анықталып айкындалған әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен әдістер өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот-тергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш топқа бөлінеді.
Қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін фотосуретке түсіру.
Оқига болган жерді фотога түсіру. Оқиға болған жерді фотоға түсіру, ондағы заттарды, табылған іздерді, қылмыс қаруын мәйітті табылған күйінде көрсету мақсатында қолданылады. Жақсы бейнелер алу үшін суретке түсіру орны жарық қажет негативтік фотоматериал тауып жарық фильтрін қолдану қажет.
Тінту барысында суретке тусіру. Фотоға түсіру тінтудің нәтижесін бекітетін құралдардың бірі болып табылады және де тінту жүргізілген жерді, табылған құпия орындарды, тінту барысында алынған заттарды сол күйінде фотоға түсіру бөлмеде өткізілетіндіктен, жарық заттарға біркелкі түспейді. Сондықтан заттарды терезеге жақынырақ қояды. Бүкіл бөлмені құпия орынды суретке түсіру үшін, қосымша жарық көзін қояды.
Зерттеу эксперименті барысында суретке түсіру. Фотоға түсіру зерттеу эксперименті өткен жерді немесе оның жеке кезеңдері мен нәтижесін көрсету үшін қолданылады.
Атап айтқанда ғимаратқа кіру мүмкіндіктері, үйдің үсті, балкон, жүк автомобилінің кузовы және т.б. бекітіледі.
Тірі ағзаларды фотога түсіру. Қылмыскерлерді қылмыстық тіркеу кезінде, оларды таныту үшін, эксперименттік теңестіру үшін, сондай-ақ куәландыру нәтижесін бекіту үшін суретке түсіреледі.
Өлікті фотога түсіру. Фотоға түсіру арқылы өліктің орнын, күйін, түрін және киімін бекітеді. Танылмаған өліктерді тіркеу үшін өліктің бетін сондай-ақ таныту жұмыстарын жүргізу үшін суретке түсіреді.
Панорамалық фотога түсіру — объектіні толық көрсете алмаған жағдайда, сондай-ақ объектіден алыс қашықтыққа бара алмаған жағдайда қолданылады.
Өлшемді фотога түсіру объектілердің көлемін, олардың арақашыктығын есептеу үшін қолданылады. Ол масштабты және метрикалық болып бөлінеді. Масштабты түсіру заттың көлемін анықтауға көмектеседі.
Масштабты фотогатүсіру барысында фотографиямен бірге масштабты сызғыш та қоса түсіріледі. Масштабты түсіруде кішірейту бір мөлшерде болу үшін екі шартты орындау қажет:
— масштабты сызғышты тек объектінің жанымен ғана емес, объектінің жазықтығымен бірдей түсіру қажет.
Криминалистік фотография өзінің қолданатын тəсілдері мен əдістері жəне міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот- тергеулік жəне сараптамалық (зерттеулік) фотографиясы болып үш топқа бөлінеді. Суретке түсіру мақсаты мен қолдану жағдайына байланысты фотография бейнелеушілік (запечатлевающая) жəне зерттеушілік (исследовательская) болып екіге бөлінеді. Бейнелеушілік фотография оқиға болған жерді қарағанда, зат- тай айғақ немесе құжаттарды қарауда, тірі тұлғаларды куəландыру жағдайында, тергеу əрекеттерін жүргізуді суретке түсіргенде қолданылады. Сонымен қатар зерттеушілік фотография əдістеріне: кон- трасты өзгерту тəсілі, түрлі түстерде ажырату тəсілі, көрінбейтін сəуле спектріндегі түсіру тəсілдері (ультракүлгін, инфрақызыл, люминисценттік фотография, рентгенография, гаммография) жəне микрофотография жатады.