Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Мәйітті суретке түсірудің ерекшелігін сипаттау



бет34/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79
52.Мәйітті суретке түсірудің ерекшелігін сипаттау.
Мәйітті түсірудің де өзіндік әдістері бар. Алғашқыда мәйітті коршаган ортамен қамти отырып бірнеше жағынан түсіреді. Кейіннен мэйіт қоршаған ортасыз тек өзі ғана түсіріледі. Оны түсіру барысында орналасу жай-күйі жағдайьш, денесінің ашық жерлерін және киімін толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл белінуі керек. Мэйіт қоршаған ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде фотоаппарат объективінің негізгі оптикалық осі мэйіттің ү.зына бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар, аппарат объективін төмен қаратып мэйітті жоғарғы жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мэйіт табылған ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол панорамалық әдісті немесе кең бұрышты объективті қолдану арқылы түсіріледі.
Панорамалық түсіру әдісі мэйітті бас жағынан беліне дейін, содан соң белінен аягыиа дейін жеке-жеке түсіріп, одан бір фотосурет шығаратын екі немес үш, төрт үзіндіден тұ.рады.
Жарақат, күйік, қан іздері, киімінің бұлінуі сияқты сипаттағы ерекшеліктер миллиметрлік масштабней ipi көлемде суретке жеке түсіріліп бекітіледі. Мэйіт табылған кезде қандай жағдайда (үсті-басы кір, лас, қатып калган және т.б.) болса, суретке алғашқыда сол күйінде түсіріледі, содан соң мәйітке әрлеу жұмыстары (сот-медициналық, мэйітті ерітіп қалпына келтіру және т.б.) жүргізгеннен кейін де суретке түсіріледі.


53.Теңестіру зерттеулерінде теңестіру процессінің сызбасын құрау.
«Идентификаця» термині—латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-тендікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.
«Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:

  • идентификация — адамның ойлау қабілетінің заңдылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;

  • идентификация - танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;

  • идентификация - теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретіңде қарастырылады.

«Идентификация» термині — көзделген мақсаты мен шешетін мәселелеріне байланысты пайдаланылады және белгілі бір ойларды жинақтайды.
Идентификация ұғымы логика, таным теориясы (философияға), психология және басқа да негізгі ғылымдарға сүйенеді.
Таным теориясының (философия) көмегі арқылы адамның танымдық қызметіне ғылыми негізде талдаулар жасалады. Әлемдегі барлық материадды объектілер өзіне-өзі ғана тең. Әрбір объект өзіндік қасиетіне байланысты, өзі тектес басқа объектілерден ерекшеленеді. Объектілердің көптеген сәйкес келу белгі санына қарамастан материалды дүниедегі әрбір объект жекеленген болып табылады. Бұл жекеліктер адамдарға объектіні тануға, оны өзінің арасындағы басқа өзі тектес заттардан ажыратып тану немесе сәйкестендіру процесін жузеге асыруға мүмкіндіктер береді.
Танылатын объектінің өзіндік қасиеті мен мақсат, міндеттеріне байланысты материалдық дүние объектілерін тану процесіндегі теңестіру әр түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Теңдестіру актілері қарапайым, яғни күнделікті тұрмыс-тіршілікте, сондай-ақ ғылыми зерттеулер шеңберінде шешілетіндей күрделі болуы мүмкін. Мысалы: теңдестірудің тұрмыстық актілерінде кішкентай бала өзінің ата-анасын, киімдерін, ойыншықтарын таниды; суретші өзінің салған суретін оңай ажыратады; ұста өзі жасаған детальдарды тез табады және т.б. Ал күрделі актілерде: химик-аналитик - химиялық заттарды, оның табиғатын, сондай-ақ геолог - минералдың, физик - физикалық процестердің табиғатын анықтайды.
Адамның ойлау қызметі заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы, идентификация көмегімен теңдестіру заңдылығы және адамды тану қызметіндегі теңестірудің логикалық қағидалары негізінде қалыптасқан.
Тендестіру зандылығына сәйкес - адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.
Адамның санасыңда керініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы қажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әр түрлі объектілерді тендестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске тусіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашқы ойлаудың мазмұнына сәйкес (бір) болуы қажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әр түрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмайды, бұл өз алдына теңдестіру зандылығының бұзылуына әкеп соқтырады.
Идентификацияның психофизиологиялық механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында көрсетіліп отырған объектінің белгілері туралы көрініс, сол керіністі ойлау арқылы, ол ұсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.
Адамның барлық танымдық (тұрмыстық, я ғылыми) қызметі аясындағы кез келген логикалық тендестіру механизмі біреуақ болып келеді. Операция бірнеше рет орындалатындықтан тұрмыстық теңдестіру рәсімі қарапайым болып табьшады. Сондықтан да ол стеоретиптік сипатқа ие, динамикалық стеоретип арқылы біз өз затымызды, ата-анамызды, туыстарымызды және т.б. ажыратамыз.
Қарапайым тендестірулер негізінен көріністі, бейнені - көру, есту мүшелері арқылы қабылдауға байланысты жасалады.
Идентификация таным әдісі ретінде барлық ғылыми, атап айтқанда: ботаника, зоология, геология, химия, өнертану және т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, археологиялық зерттеулер жүргізу барысында табылған (қазып алынған) объектілер міндетті түрде белгілі бір кезең мәдениетімен сәйкестендіріледі.
Палеонтология бойынша табылған объектілер бұрын тіршілікте өмір сүрген жануарлардың өлігі, казіргі кезде жойылып кеткен жануарлардың түрлерімен идентификацияланады. Табылған жануарлар, өсімдіктер ботаникада, зоологияда, олардың белгілі бір класы, түрі, тобы бойынша идентификацияланады.
Аналитикалық, органикалық және баска да химияның салалары арқылы алынатын барлық заттар міндетті түрде бұрын анықталған заттар класы бойынша идентификацияландырылады (сәйкестендіріледі).
Геология, минералогияға байланысты таблған заттар белгілі бір минералдар және т.б. түрлері бойынша идентификацияланады.
Барлық идентификациялық жағдай мәселелеріне байланысты әр түрлі ойлар (пікірлер, көзқарастар, тұжырымдар) кейбір ғылым - археология, тарих, өнертану салаларында жекелеген идентификациялық мәселелердің сәйкестігін шешу үшін криминалистика ғылымын, яғни криминалистика тәсілдерін пайдалануға тура келеді.
Л.Н. Мороз идентификация ұғымына келесідей түсінік берген: Идентификация дегеніміз - бір объектіні басқа бір объектіден ажырату немесе тануға мүмкіндік беретін объектінің өзіндік қасиетіндегі материалдық белгілерін салыстырмалы түрде зерттеу мен бағалау болып табылады.
Криминалистикалық идентификацияның ерекшелігі неде, олардың басқа да қызмет саласыңдағы идентификациядан айырмашылығы қандай деген мәселелерге тоқталатын болсақ, бұл мәселелерді көптеген: С. М. Потапов, В. Я. Колдин, В. С. Мит-ричев, Л. Н. Мороз, М. Я. Сегай, Н. В. Терзиев және т.б. ғалымдар талқылаған.
Барлық криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесіңде идентификация жүргізу қажеттілігін бір ауыздан құптайды, бірақ криминалистикалық идентификацияның түрі мен объектілеріне қатысты әр түрлі көзқарастағы өз ой-пікірлерін ұсынады. Осыған байланысты бірқатар криминалист ғалымдардың пікірлерін, ұғымдарын қарастырып өтейік.
Біздің қазақстандық криминалист Л.Н. Мороз идентификацияны соттық және криминалистикалық деп екіге бөліп көрсетеді. Ол соттық идентификация түсінігі криминалистикалық идентификация ұғымына қарағанда кеңірек деп таныған. Соттық идентификация тергеу тәжірибесінде идентификация жүргізудің барлық түрін қамтиды, ол: химия, биология, ботаника, геология және т.б. ғылымдарының материалдық мәліметтерін пайдаланады деп нақтылайды. Мысалы, оқиға болған жерден және сезіктінің аяқ киімінен алынған өсімдіктер белігіне салыстырмалы зерттеулер жүргізу кезіңде сарапшы криминалистикалық емес, биологиялық тәсілдерді қолданады. Сондықтан да Л.Н. Мороз: соттық идентификация мен криминалистикалық идентификацияны өзара салыстырып қарастыруға болмайды деп санайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет