Емтихан сұрақтары (теориялық сұрақтар)



бет12/19
Дата10.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#91517
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
физиология сессия

Электроэнцефалография
ЭЭГ - мидың жиынтық электрлік белсенділігін тіркеу әдісі. Тіркелген ЭЭГ-ма мидағы зат алмасу процестерінің деңгейіне сәйкес әрекеттік жағдай өзгерістерін сипаттайды. Гипоксия, терең наркоз немесе қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы үлкен жартышарлар қыртысының электрлік белсенділігін төмендетіп тежеуге келтіреді. 0рганизмнің жалпы жағдайына ЭЭГ-маның тәуелділігі клиникада операция жасау кезінде және наркоз деңгейін бақылау үшін кеңінен қолданылады.
Адам миының биоэлектрлік белсенділігін тіркеу бас терісінің үстінен, кейде операция кезінде ашық ми бетінен немесе миға енгізілген микроэлектродтар көмегімен жүргізіледі. Тіркеуші электродтардың орналасуы әртүрлі болады: униполярлы, биполярлы және мультиполярлы. Солардың ішіндегі белсенді электродтармен мидың белгілі бір аймағындағы биопотенциалдар тіркеледі.
Мидың түрлі биопотенциалдарының ішінде фондық немесе спонтанды электрлік белсенділігін ажыратады, олар ЭЭГ - да әр түрлі ырғақтармен (ритмдермен) бейнеледі
Альфа-ырғағы - жиілігі 8-13 Гц, амплитудасы 30-70 мкВ по-тенциалдардың синхронды тербелістері. Олар көбіне, тыныштық жағдайда көзді жұмып отырғанда, мидың артқы бөлімдерінде байқалады.
Бета-ырғағы - жиілігі 14-30 Гц, амплитудасы 10-30 мкВ потенциал тербелістері. Бұл ырғақтар организмнің белсенді әрекеттерінде (эмоциялық қозу, ойлық және физикалық жүктеме) мидың маңдай және орталық аймақтарынан тіркеледі.
Тета-ырғағы - жиілігі 4-7 Гц, амплитудасы 100-150 мкВ потенциал тербелістері. Бұл ырғақтар қалғуда, ұйқының бастапқы кезеңінде, жеңіл наркоз берілгенде және кейбір науқастарда байқалады.
Дельта-ырғағы - жиілігі 1-4 Гц, амплитудасы 250-300 мкВ потенциал тербелістері. Олар терең ұйқы кезінде, қажуда және терең наркоз берілгенде тіркеледі.
ЭЭГ зерттеу әдістері
ЭЭГ арнайы электродтар көмегімен тіркеледі.( көбінесе көпірлік және инелік). Қазіргі кезде көбінесе электродтардың орналасуы халықаралық жүйе бойынша “10-20%” немесе “10-10%” қолданылады. Әр электрод күшейткішке қосылған. ЭЭГ жазбасы қағаз лента немесе АЦП көмегімен компьютерде жазылып, көрсетілуі мүмкін. Көбінесе 250 Гц дискретизациясы бар жиілікті жазба қолданылады.
ЭЭГ әдісі бас миының электрлік белсенділігінін тіркеуін, зақымдалған бастың терісі бойынша, оның физиологиялық жасын, функционалдық жағдайын, жалпы мидың ауруларын және оның сипаттамаларын түсіндіре алады. ЭЭГ тіркеу қазіргі жаңа 32-каналды Нейрон-Спектр-5 атты электроэнцефалографтың көмегімен жүзеге асырылады. ЭЭГ-ның көпканалдық жазбасы бір уақытта ең қиын жұмыстарды жүзеге асыра алады.
ЭЭГ патологиясының үшеселік локализация көзінің белсенділігі
Интепретация кезінде ЭЭГ-мен жұмыс үшін маман тек бастың биоэлектрлік бұзылуының проекциясымен ғана жұмыс істейді.3D локализациясының жаңа әдістері генерацияның патологиялық белсенділік орнын локализациялап, мидың үстіңгі бетін ғана емес, сондай-ақ төмеңгі жарты шарында анықтайды. Және оны магниттік-резонанстық томография картасына тіркейді.
ЭЭГ-ның спектрлік әдісі
Мидың құрылысының мағынасы ЭЭГ-ның генерациялық ритмін спектрлік әдісін қолданған кезде ашылады. Бұл әдіс мидың кемшіліктерін аса дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.
ЭЭГ-ның когеренттік және корреляциялық әдісі
ЭЭГ-ның когеренттік және корреляциялық әдістерінің көрсеткіші биоэлектрлік процестердің мәнерлерін сипаттайды.Және де оның статистикалық өзара байланысын бағалауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет