Емтихан сұрақтарының жауаптары 50. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі


Өсімдіктердің ортаның газдануына төзімділігі



бет3/56
Дата14.04.2022
өлшемі86,04 Kb.
#31020
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
52. Өсімдіктердің ортаның газдануына төзімділігі.

Өсімдіктердің атмосферадағы түрліше зиянды газдардың әсерінен

залалданбай, тіршілік әрекеттерін қалыпты күйде сақтау кабілеттілігін газға

төзімділігі деп атауға болады. Оған қоршағағы физикалық.

химиялық, географиялық және ауа райы жағдайлары үлкен ықпал жасайды.

Сонымен бірге, өсімдіктердің ерте замандардағы тектерінде газға төзімділікті

Анықтайтын жүйелер қалыптаспаған. Соған сәйкес қазіргі замандағы

өсімдіктерінің газдар әсеріне төзімділік механизмдері, басқа қолайсыз

әсерлерге төзімділік механизмдерімен анықталады деп ұйғаруға болады.

Қазіргі замандағы өсімдіктер әлемі атмосферада зиянды газдар аз кезде

пайда болды, ал атмосфераның құрамы болса бұдан 1 млрд жылдай бұрын

қалыптасты. Алғашқы жер атмосферасы аммиак, күкіртті сутек, метан, көмір

оксиді сияқты газдардан протеэрозой және папеозой эраларындағы газдар

әсеріне төзімділік механизмдері қалыптасқан автотрофты өсімдіктер

тазартқан болуы мүмкін. Бірақ, атмосферада оттегінің көбейіп, зиянды

газдардың біртіндеп азаюына байланысты өсімдіктердің бұл қасиеті де

жойылған болуы мүмкін.

Қазіргі заманда адам қоғамының тіршілік әрекеттерінің салдарынан

атмосфераның ластану қарқындылығы өсіп, биосфераның өздігінен

реттеушілік күйелерінің ауаны тазарту мүмкіндіктерін жоққа шығаруда.

Есептеулерге қарағанда, шамамен, қазір атмосфераға 200-ден артық зиянды

қосындылар бөлініп шығады екен. Олардың толып жатқан газ тәріздес - SO:,

NO, NO,, CO, F, көмірлі сутектер, қышқылдар мен фенол булары, мен

күл, шаң-тозаң құрамындағы уытты қорғасын, селен, мырыш, т.б. ауыр

металл тотықтары бар.

Қышқыл газдар, әсіресе, қылқанды ағаштарға көп кесірін тигізеді.

Олардың төбелік бұтақтары қурап, діндерінің жуандап өсуі нашарлайды,

қылқандары қысқарып, қурап түсіп қалады. Қышкыл газдардың ұзақ уақыт

әсерінен фитоценоздар өзгерістерге ұшырайды. Орманды алқаптар азайып,

арам шөпті аймақтар көбейеді.

Газдар әсеріне реакцияларының өзгешелігіне қарап өсімдіктер газға

сезімтал және газға төзімді деп бөлінеді.Өсімдіктің сезімталдығы газдардың әсерінен

бүлінушілік процестердің жылдамдығы мен деңгейін бейнелейді.

Газға төзімділік қасиеті - уытты газдардың енуін реттеу, цитоплазманың

буферлігі мен иондар ара-қатынасын қалпында сақтау, пайда болган уларды

залалсыздандыру қабілеттілігімен анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет