Емтихан сұрақтарының жауаптары 50. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі


Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі



бет4/56
Дата14.04.2022
өлшемі86,04 Kb.
#31020
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
53. Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі.

Патогендер індетке төзімді өсімдіктердің денесіне енген жеріндегі клеткалар көп ұзамай-ақ

жансызданып қалады. Өсімдіктің мұндай реакциясы аса сезімталдық деп

аталады,Індетті ауруларға төзімсіз (берілгіш) өсімдіктердің патоген енген

жеріндегі клеткалар тіршілігін жоймайды да, паразит ұлпаларға таралып

кетеді.


Өсімдіктердің аса сезімтаддық реакциясы паразит өсімдік денесіне

жанасқан бойда байқалады. Патогендер әсерінен тез залалданатын төзімсіз

өсімдіктерде бұл құбылыс байқалмайды. Клеткалардың бірнешеуі өлген

жағдайда аралшық пайда болып, оның айналасы перидерма кедергісімен

қоршалып қалады. Сөйтіп патогеннің таралып кешеуіне жағдай жасалады.

Картоп жапырағы фитофтороз ауруыи туғызатын саңырауқұлақпен жанасқан

соң 30 минуттен кейін сол жердегі клеткалардың жансызданғандығы

байқалады. Осындай реакцияға байланысты паразиттің споралануы

тоқтайды.

Осыған ұқсас, патогендердің жансызданған ұлпаларда опат болу

себептерін зерттеу нәтижесіңде К. Мюллер және Г. Бергер (1940) қалыпты

жағдайда кездеспейтін, ерекше заттардың болатыңцығын анықтады, Оларды

фитоалексиндер деп атады.

Фитоалексиндерді паразиттердің кожасының (өсімдіктің) тірі

клеткаларымен әрекеттесуінің нәтижесінде ғана пайда болатын

антибиотиктер деп есептеуге болады. Олар өсімдік денесіне енген

дамуын тежеп, опат болуына ықпал жасайды.

Негізінде, бұл заттар патоген мен өсімдік организмдерінің зат алмасу

әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады, өсімдіктің тірі

ұлпаларында синтезделеді. Осімдіктерде патогендердің және олардың

әрекеттестіктерінің алуан түрлілігіне байланысты фитоалексиндер де

химиялық ерекшеліктері жағынан әртүрлі болып келеді. Бұршақ

тұқымдастарда олар изофланоноидтар, алқалар тұқымдастарда

сесквитерпеноидты заттар, күрделі гүлділерде полиацетилендер, т.б.

күйлерінде кездеседі. Сонымен қатар індеттенген бірнеше фитоалексиндер

пайда болады. Phytophthora inéstáns-пея іңдеттенген картоп түйнегінде

ришитин, любимин және фитуберин, тәтті картоп (батат)

түйненгенде) ипомеамерон және

ипомеамаранол, қызыл беде жапырағында иперокарпон, т.б. пайда болады.

Фитоалсксиндер апопласт арқылы тасымалданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет