Информатика ертегі:
Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, информатика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпты.
Сонда:
– Сен осы информатика сабағын жақсы көресің бе?
– Жоқ, осы информатика сабағы, сандар, есептер, программалар соның бәрі маған жыныма тиеді.
-Сен ше?
– Мен де сол сабақты жек көремін. Осы информатика сабағы, сандар, есептер, программалар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және программалардан басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады.
Бұның бәрін естіп қалған программалар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді.
– Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау телевизордың программаларына не болған? Бүгін не хабар болады, сүйікті арнам қосылмай түр, программа жоқ!.
– Балаларым, айналайындар, тұрыңдар!
– А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды.
– Сендер, информатиканы жақсы көрмегендіктен программалардың бәрі қашып кетті., ертең ертемен тұрып программаларды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен.
– Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады.
– Сіздер информатиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?
– Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.
– Хабардан не көрсетіп жатыр?- деп сұрайды.
– Хабардан, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.
– А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой программалардың бәрі қашып кеткен. Осы информатика әлемінің заңы бойынша мына есептердің программаларын шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? Сонда әженің 2 немересі программаларды есептерді шығарады
Кейін сандардың ,программалардың бәрі былай деп оралады:
Бір дегенім- бейсик,
Шықты программа өсіп.
Екі- дегенім заряд,
0 мен 1 ден тұрады
Үш дегенім- бұрыш
Салды фигура Корел.
Төрт дегенім- нүкте,
пиксельден тұрады.
Бес- дегенім Бейбидж
Компьютер асқан ғалым.
Алты деген- Ақпарат,
Бүкіл адам іс атқарады
Жеті деген- Жалау,
Windows-тағы алау.
Сегіз деген- Сервис
Программа жүрмейді ол сыз!
Тоғыз деген тақта,
Интерактивті тақта.
Он- дегенім Робот
Жаса мықты тобот
1-жүргізуші
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Роботтар тобын халайық,
Жас робот құраушыларды
Қол соғып аямай
Ортамызға қарсы алайық.
Алдарыңызда Робот көрмесі
Достарыңызбен бөлісу: |