Эндокриндік жүйе жіәне оның жастық ерекшеліктері ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы


Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі



бет2/10
Дата10.11.2022
өлшемі178,5 Kb.
#49216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі.
Ішкі секрециялық бездердің өнімі гормон - өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті бүкіл организмге әсер етеді. Осыған байланысты ішкі секрециялық бездер қан тамырларына бай келеді.
Гормондардың қасиеттері: а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық түрып, алыстан әсер етеді.
Химиялық құрамына қарай олар белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық бездерде, ас қорыту жолының мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлық гормондар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен, тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана белсенді болады.
Гормондардың биосинтезі адамның тұқым қуалайтын аппараттарында жобаланған, сондықтан әрбір ішкі секрециялық бездер тек қана нақтылы гормондарды өндіреді.
Адам организміндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар өздері жеке жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйе организмнің біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық қызметтердің негізгі, әрі маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияның реттеушісі болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дем беруші химиялық өнімдер -нейросекреттерді (грек. нейрон - нерв клеткасы + секрет) өндіру және шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін тудырады. Аралық мида орналасқап гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.
Мида көптеген гормондар бар екені табылды. Олар жүйке импульстерін синапстар арқылы өткізуді өзгертеді.
Гормондар ұлпаларға немесе мүшелерге тікелей әсер етіп, олардың қызметін күшейтеді немесе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы жанама әсер етеді. Кейбір гормондар (бүйрек үсті бездерінің стероидты гормондары, қалқанша безінің гормондары) клеткалық мембранадан өтеді де, клетка ішіндегі ферменттер жүйелерімен өрекеттесіп, ондағы зат алмасуына ықпалын тигізеді. Ірі молекулалы пептидтік гормондар клеткалық мембранадан өте алмайды да, клеткадағы зат алмасуына клеткалық мембрананың сыртында орналасатын арнайы рецепторлар арқылы әсер етеді. Мұндай гормондық-рецепторлық тізбектер клеткадағы аденозинмонофосфорлық қышқылды белсендіреді, ал ол, өз кезегінде, клеткалық ферменттерге әсер етіп, ондағы зат пен энергияның алмасуын өзгертеді. Бір сәтте клеткаларға көптеген гормондар әсер етеді, бірақ клеткадағы заттар мен энергияның алмасуына ең нәтижелісінің әсері ғана қабылданады. Олардың қайсысы нәтижелірек екені арнайы заттар — простогландиндердің қатысуымен анықталады. Былайша айтқанда, простогландиндер нақтылы сәтте гормондардың қажетсіздерін тежейтін реттеуші қызметін атқарады.
Гормондардың жанама әсерін тұжырымдай келгенде, ол да клеткадағы зат пен энергияның алмасуына әсер ететіні белгілі болды. Бірақ бұл әсер жүйке жүйесінің қатысуымен орындалады. Соңғы жылдары гормондардың клетканың ішіндегі РНК мен белоктың синтезделуіне қатысатыны анықталып отыр.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі өзара тығыз байланысты. Олар бір-бірінің қызметіне белсенді түрде тікелей де, жүйке жүйесі арқылы жанама да әсер етеді. Мұндай озара байланыстың нәтижесінде олардың қызметі жүйке жүйссі арқылы к е р і байланыс жолымен реттеліп отырады да, денедегі гормондардың мөлшері тұрақты мөлшер қалпында сақталады. Егер Бұл байланыс бұзылса, организмде түрлі зат алмасуға байланысты аурулар пайда болады. Жүйке жүйесінің ішкі секрециялық қызметті реттеуі өткен ғасырдың 50-ші жылдары анықталды. Қазіргі түсініктеме бойынша, нейрондар оздерінің негізгі қызметіне қоса, физиологиялық белсенді заттар - нейросекреттерді түзейді. Нейросекреттердің түзілуінде гипоталамустың нейрондары маңызды орын алады, ол құрылысы бойынша гипофиз безімен тікелей байланысты. Оның нейросекреттері гипофиз безінің, ал ол арқылы басқа да ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертеді. Гипоталамустың нейросекреттерін рилизинг-гормондар деп атайды. Оларға либериндер мен статиндер жатады. Либериндер гипофиздің троптық гормондарының өндірілуін, ал статиндер - тежелуін реттейді. Осылай гипоталамус бұрын айтылып кеткен қызметтерінен басқа, ішкі секрециялық бездердің де қызметін реттейді
Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың қалпына және қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция ( грек. Гипо - аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек. гипер - артық, жоғары, шегінен тыс) байқалады. Демек, ішкі секрециялық бездердің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп төндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет