Эндокриндік жүйе жіәне оның жастық ерекшеліктері ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы


Ұйқы (қарын асты) безінің гормондарының бала



бет9/10
Дата10.11.2022
өлшемі178,5 Kb.
#49216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ұйқы (қарын асты) безінің гормондарының бала организміне әсері. Ұйқы (қарын асты) безі немесе Лангерганс аралшалары көмірсутегінің алмасуын реттейтін гормондарды оидіреді. Аралшаларда төрт түрлі клеткалар болады: альфа, бета, гамма және дельта. Соңғы жылдары мұнда Е және X деп белгілеген клеткалар табылды. Бұл ардың соңғы төртеуі (гамма, дельта, Е, X) альфа және бета клеткаларының дамуындағы түрлі кезеңдерде пайда болатын клеткалар деген Сюлжамдар бар. Альфа және бета клеткалары и н с у л и н және глюкагон гормондарын өндіреді. Қарын асты безі өзінің атына сәйкес қарынның астыңғы жағында шарпы майымен аралас төселіп жатыр. Аралшалардың пішіні көбінесе дөңгелектеу болады, саны мен мөлшері адамның жасына қарай және физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп тұрады. Альфа клеткалары дөңгелектеу немесе бұрышты болып келеді де, бета клеткалары дөңгелек призма тәрізді болады. Альфа клеткалардың саны бета клеткалардан гөрі 4 еседей артық. Тек жаңа туған сәбилерде 2 есе аз. Олардың альфа клеткаларының саны ересек адамдардікіне қарағанда 4 есе көп болады да, алғашқы 1 жылдың ішінде тез азаяды. 4-5 жаста азаюы бәсендегенмен жалпы саны әлі де болса ересек адамдікінен көбірек болып, 12 жаста теңеседі. 25 жастан әрі қарай аралшалардың саны біртіндеп кеми береді. Альфа клеткаларда глюкагон гормоны, бета клеткаларда инсулин гормоны өнеді.
И н с у л и н организм үшін аса маңызды гормондардың бірі. Онсыз тіршілік болмайды. Себебі инсулин жануарлар крахмалы гликогеннің синтезіне және гликолизге жағдай тудырып, көмірсутегінің алмасуына қатысады. Энергиясы көп фосфаттардың пайда болуына әсер етеді, олардың ыдырауына және кетондардың (улы заттар) пайда болуына кедергі жасайды. Бұл гормон майдың алмасуына қатысады, амин қышқылдарының, белоктардың пайда болуына ықпалын тигізіп, май, көмірсутегі, белоктың алмасуына қатысады - олардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Инсулин фосфордың алмасуын күшейтіп, калийдің клеткаға ауысуына, сөйтіп оның сарысудағы мөлшерін азайтып, организмдегі суды бір қалыпта үстайды.
Глюкагон гормонын гипергликемиялық фактор деп те атайды. Ол қандағы қанттың мөлшерін көбейту үшін бауырдағы гликогенолизге қатысады. Сөйтіп организмді тамақ арасында клеткаларға қажетті қантпен қамтамасыз етеді. Мұның қызметінің маңызы әсіресе орталық жүйке жүйесінің қызметі үшін күшті: нейрондарға қажетті глюкөзамен қамтамасыз етеді.
Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады: ас ішкеннен кейін организмдегі, әсіресе қандағы қанттың мөлшері көбейіп кетеді. Бұл кезде инсулин артық қантты гликогенге айналдырады, ал ас арасында қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы гликогенді глюкагон гормоны ыдыратып глюкөзаға айналдырады. Пайда болған глюкоза ет пен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады.
Ұрық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа туған нәрестенің ұйқы безінің әрбір грамынан 10 Е (халықаралық өлшем белгісі), ересек адамнан 2 Е инсулин бөліп алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180 Е инсулин болады. Ұрық пен емшектегі сәбидің аралшаларының жайылған бөліктері қайтадан қалпына келеді, яғни регенерациялық қабілеті байқалады. 4 жастан әрі қарай Бұл қасиет жойылады. Лангерганс аралшаларының қызмет кемшілігіне байланысты жиі кездесетін ауру - қантты диабет. Бұл аурумен ауырған науқастың шөлі қанбайды, несебінің құрамында қант пайда болады, ал ауырмаған қалыпты жағдайда несептің құрамында қант болмайды. Науқастың қанындағы қанттың мөлшері 200-500 мг/% дейін көбейіп, тоулігіне несеп арқылы 100-150 г глюкөза денеден шайылады. Мұны мен қатар майдың алмасуы бұзыл ып, қанның құрамында холестерин мен кетондар көбейеді. Көп науқастардың шығарған демінде ацетоннның иісі сезіледі. Қан айналысының бұзылуына байланысты мұндай науқастарда тері аурулары, қызыл иек ауруы жиі кездеседі, гангрена оңай дамиды.
Баладағы қантты диабет ауруының пайда болғанын ең алғаш 1696 жылы Мортон жариялаған. Жер жүзінде бұл аурумен ауыратын науқастардың саны өте көп, жылдан жылға ұлғайып келе жатыр. Бұған тәтті тағамдарды көп пайдаланудың әсері бар деген мәліметтер кездеседі. Бұл аурудан өлгендердің саны да көп. Көпшілік зерттеулердің нәтижесіне қарағанда қантты диабет ауруы 6-8 жас және 11 -13 жас арасында көбірек. Дегенмен Бұл ауру жас молінерімен тұрақты шектелмейді. 1 жасар балалардың арасында да кездесетіні мәлім. Қазіргі кезде барлық аурудың  5%-дан артығы 10 жасқа дейінгі балалар. Оның 10-47 % тұқым қуалайды. Дәрігерлік бақылауларға қарағанда қантты диабет ауруымен ауырған әйелдер дені сау бала туады. Тіпті 5-6 айлық жүкті кезінде денсаулығы жөнделіп кеткені де мәлім. Мұндай анадан туған баланың инсулярлық аппараты ерте тозып, кейіннен қантты диабет ауруына шалдығады. Балаларда бұл ауру жедел басталып, тез асқынады. Ал ерерсек адамда біртіндеп дамиды. Ауырған балалардың гигиеналық тәртіпті сақтауының маңызы үлкен. Мұндай балалар дені сау балалармен бірдей еңбек еткені жөн. Оларға дене еңбегі тіпті қажет, сондықтан спортпен айналысу пайдалы. Шамасына қарай спортпен шұғылданатын науқастың дәрілерін азайтуға мүмкіндік пайда болып, қатты асқынудан сақтайды. Тек қана есінен танатын жағдайда ғана төсек тартып жатуына болады. Қазіргі кезде қант диабеті ауруының өзінен де, оның себебінен дамыған басқа мүшелердің ауруын емдеу қиынырақ болып отыр. Әсіресе жүрек, бүйрек, көз ауруларының көбеюі айтарлықтай орын алып, науқастың мезгілінен бұрын өлуіне себеп болып отыр. Дегенмен қантты диабет ауруымен ауырған адамдар ұзақ өмір сүре алады. Ол үшін ас ішерде инсулин гормонын немесе аурудың жеңіл жаңа басталған түрінде сол іспетті қызмет атқаратын дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет.
Қантты диабетпен ауырған баланың өсуі көбінесе нашар болады.
Глюкагон гормонының жетіспеуіне байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда талма ауруы байқалады. 10 жастан аса ауру өзінен өзі жоғалады, себебі глюкагонның орнын бүйрек үсті безінің милы қабатындағы адреналин гормоны басады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет