Эндокринология


Дәрілік зат Мөлшері, қабылдау тәртібі



бет135/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Дәрілік зат

Мөлшері, қабылдау тәртібі

Глюкокортикоидтар

Гидрокортизон: 10–20 мг таңертең, 5–10 мг күндіз
немесе
Преднизолон: 5 мг таңертен, 2,5 мг күндіз

Минералокортикоидтар

Флудрокортизон: 0,05–0,1 мг таңертен

Кортизолдың циркадты ырғағын имитациялау мақсатында науқасқа глюкокортикоидтардың 2/3 бөлігі таңертең, ал қалған 1/3 бөлігі түскі уақытта беріледі. Жүргізілген терапияның адекваттылығы гиперпигментацияның ақырындап азаюымен, қалыпты артериялық қысыммен және жалпы жағдайының жақсаруымен, ісіктің болмауымен бағаланады. Кез-келген инфекциялық аурулар кезінде гидрокортизон мөлшерін 2–3 есе жоғарылату қажет; ауыр қызбалық аурулар кезінде гидрокортизон екпелеріне ауысу қажет. Түрлі инвазивті медициналық шаралар алдында (тіс экстракциясы, гастроскопия және т.б.) бір рет 50–100 мг гидрокортизон енгізіледі. Екіншілік гипокортицизм кезіндегі орынбасушы терапияның ерекшелігі, тек айқын гипотония жағдайларынан басқа кездерде, флудрокортизонды тағайындауға қажеттіліктіктің болмауында.


Жедел бүйрек үсті безі жеткіліксіздігін емдеу төмендегі қағидаларға негізделеді:

  • Регидратациялық терапия: алғашқы тәулікте 10–20% глюкоза ерітіндісімен бірге 2–3 литр изотониялық ерітінді көктамырға тамшылатып құйылады.

  • Гидрокортизонмен мол орынбасушы терапия: 100 мг көктамырға, кейін әрбір 3–4 сағат сайын 50–100мг көктамырға немесе бұлшықетке тағайындалады. Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін мөлшері сүйемелдеуші мөлшерге дейін төмендетіледі. Гидрокортизон болмаған жағдайда, сәйкес преднизолон мөлшері тағайындалады.

  • СБҮБЖ декомпенсациясына әкелген қосымша аурулар кезінде симптоматикалық терапия тағайындалады (жиі — инфекциялық аурулар қосылғанда антибактериальды терапия).



Болжамы
Өз сырқатының ауырлығын түсінетін, қосымшы аурулар кезінде глюкокортикоидтар мөлшерін адекватты өзгерте алатын науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен өмір сүру сапасы сау адамдардан айтарлықтай ерекшеленбейді. Сырқаттың болжамы қосымша аутоиммунды аурулар дамығанда нашарлайды. Адренолейкодистрофия кезінде болжамы нашар және ол гипокортицизммен емес, ОЖЖ-де демиелиниация үрдісінің жылдамдығымен анықталады. Жедел бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі кезінде өлім көрсеткіші 40–50 %-ды құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет