7.2. КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Инсулин ұйқыбездің Лангерганс аралшықтарындағы β-жасушаларымен өндіріліп, секрецияланады. Сонымен қатар ұйқыбездің Лангерганс аралшықтары глюкагон (α-жасушалары), соматостатин (δ-жасушалары) және панкреатикалық полипептидтер (РР-жасушалары) бөледі. Аралшықтар жасушаларының гормондары өзара байланыста болады: глюкагон қалыпты жағдайда инсулин секрециясын ынталандырады, ал соматостатин инсулин және глюкагон секрециясын тежейді. Инсулин молекуласы екі полипептидті тізбектен тұрады (А-тізбек — 21 амин қышқылы; В-тізбек — 30 амин қышқылы) (7.1сурет). Инсулин синтезі препроинсулиннен басталады, ол өз кезегінде протезалардың әсерінен проинсулинге дейін ыдырайды. Гольджи аппаратының секреторлы гранулаларында проинсулин экзоцитоз үрдісі барысында қанға шығатын инсулинге және С-пептидке дейін ыдырайды (7.2 сурет).
Инсулин секрециясын басты ынталандырушы - глюкоза. Глюкоза деңгейінің жоғарылауына байланысты инсулиннің қанға бөлінуі екі кезеңде жүреді (7.3 сурет). Бірінші, немесе жедел кезең бірнеше минутқа созылып, тағам қабылдау арасында β-жасушаларда жиналған инсулиннің шығуымен аяқталады. Екінші кезең ашқарындағы гликемия қалыпты деңгейге жеткенге дейін жалғасады (3,3–5,5 ммоль/л). Осыған ұқсас β-жасушаларына сульфонилмочевина дәрілері әсер етеді.
7.1 сурет. Инсулин молекуласының біріншілік құрылымының сызбасы
7.1 сурет
Человеческий- Адам инсулині
Свиной- Шошқа
Бычий- Бұқа
А-цепь- А-тізбек
В-цепь- В-тізбек
|
7.2 сурет. Инсулин биосинтезінің сызбасы
7.2 сурет
Ядро- ядро
Проинсулин- проинсулин
Рибосома- рибосома
А-цепь- А-тізбек
В-цепь- В-тізбек
Шероховатая эндоплазматическая сеть- Кедір-бұдыр эндоплазмалық өрім
С-пептид- С-пептид
Везикула- Везикула
Пластинчатый комплекс- Пластинкалы кешен
Клеточная поверхность- Жасуша беткейі
|
Портальды жүйеде инсулин бауырға жетеді, бауыр- инсулиннің басты нысана мүшесі. Бауырлық рецепторлар секрецияланған инсулиннің жартысымен байланысады. Ал екінші жартысы жүйелік қанайналымға түсіп, бұлшықет пен май тіндеріне барады. Инсулиннің басым бөлігі (80%) бауырда протеолитикалық ыдырауға ұшырайды, ал қалған бөлігі- бүйректе, ал аз ғана бөлігі бұлшықет және май жасушаларында метаболизмге ұшырайды. Қалыпты жағдайда ересек адамның ұйқыбезі тәулігіне 35–50 Бр инсулин бөледі, яғни 1 кг дене массасына 0,6–1,2 Бр инсулин.
Достарыңызбен бөлісу: |