Эндокринология


Зертханалық зерттеу әдістері



бет236/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

8.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері
Зертханалық зерттеудің басты әдістері- қан сарысуында иондалған кальций, фосфор және интакты паратгормон деңгейін анықтау. Сонымен қатар, несеппен кальций мен фосфор экскрециясын анықтауға болады. Иондалған кальций деңгейін анықтау, альбумин мөлшері, қан сарысу рН және басқа да түрткілер әсер етуі мүмкін жалпы кальций деңгейін анықтаумен салыстырғанда ақпаратты. Сүйек ремодельденуі жағдайын бағалау мақсатында сүйек резорбциясы мен сүйек түзілуінің қан сарысулық маркерлерін қолдануға болады. Олар сүйек тінінің жағдайын, остеопороздың даму қаупін және терапияның әсерлігін бағалауға мүмкіндік береді (8.1кесте).


8.1 кесте. Сүйек резорбциясы мен жаңаруының қан сарысулық маркерлері



Сүйек резорбциясының маркерлері

Сүйек түзілуінің маркерлері

Жалпы сілтілі фосфатаза
Сүйектік сілтілі фосфатаза

Остеокальцин


І типті коллаген пропептиді (PICP)

Оскипролин (несеппен экскрециясы)
Пиридинолин (несеппен экскрециясы)
Дезоксипиридинолин
N-соңғы денепептиді



8.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері
ҚМБ визуализациялаудың қарапайым әдісі УДЗ болып табылады, бірақ өкінішке орай УДЗ без айтарлықтай ұлғайған кезде ғана жүргізіледі. Топикалық диагностикалау мақсатында технетрилмен сцинтиграфия жүргізіледі.
Қаңқа сүйегін зерттеуге мүмкіндік беретін зерттеу әдісі рентгенография болып қала бермек, бірақ оның остеопорозды диагностикалауда сезімталдығы төмен болғандықтан, бірқатар жағдайларда остеопороз айқын сатысында анықталады (сүйек тінінің жоғалту 20–30%-ды құрағанда). Остеопороздың ерте диагностикасында сүйек денситометриясын қолданады, ол сүйек тіні массасының 2–5% жоғалуында остеопорозды анықтап, сырқаттың даму немесе емдік шаралар жүргіу барысында сүйек тінінің тығыздығын динамикалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар изотопты (моно- және екіфотонды абсорбциометрия), рентгендік (моно- және екіэнергетикалық абсорбциометрия, сандық компьютерлі томография) және ультрадыбысты зерттеу әдістерін қолдануға болады. Монофотонды, моноэнергетикалық және ультрадыбысты денситометрия арқылы қаңқаның шеткі бөліктерін (білек, балтыр, өкше сүйектерін) зерттеуге мүмкіндік береді және скрининг мен болжалды диагноз қойғанға өте ыңғайлы болып табылады. Қаңқаның кез келген бөлігінде сүйек тінінің минералды тығыздығын анықтауға мүмкіндік беретін әмбебап әдіс екіэнергетикалық рентгендік абсорбциометрия (DEXA) болып табылады. Осындай денситометрлерге арнайы бел омыртқалары, сан сүйегінің проксимальды бөлігін, иық белдеуі сүйектерін зерттеу мақсатында арнайы стандартты бағдарламалар, «барлық дене» бағдарламалары жасалынған. Сүйек тінінің абсолютті тығыздығы көрсеткіштерін анықтаумен қатар денситометрлер автоматты түрде Z-критерий (берілген жас шамасы мен жынысына сәйкес салыстырмалы орта мәнде сүйек тінінің минералды тығыздығы) мен Т-критерийді (30 жастағы шың мәндерімен сүйек тығыздығын салыстыру) анықтайды. Даму тегі белгісіз ауыр остеопениялық үрдістердің, остеопороз және остеомаляция, сонымен қатар басқа да сүйек патологиясы түрлерінің салыстырмалы диагностикасында сүйек тінінің биопсиясын жүргізу маңызды рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет