Байланысты: Энергияны тасымалдау ж не ж йелерді біріктірген кезде пайда бола
2.Жүйелер және электр берілістер түрлері (анықтама) Электрлік жүйе ретінде электроэнергетикалық жүйенің электрлік бөлігін түсінеміз. Электроэнергетикалық жүйе (ЭЖ) дегеніміз бөлек электр станциялардың электр беріліс жүйесі арқылы параллель жұмыс жасау үшін тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету үшін байланысқан бірлестігі. ЭЖ-ның жалпы резерві болады және де бірыңғай пайдалану қызметімен меңгеріледі.
Электр беріліс желісі деп электр энергиясын алыс қашықтыққа тасымалдауға арналған ЭЖ-нің элементін атайды.
Электр берілісі (ЭБ) деп энергияны өндіру, тасымалдау, оны тұтыну процесіне қатысатын элементтер жиынтығын, жүйенің бір бөлігін атаймыз. Оған генератор, трансформатор, беріліс желісі, жүктеме жатады.
Біріктірілген электроэнергетикалық жүйе (БЭЖ) ретінде Аудандық электроэнергетикалық жүйелердің (АЭЖ) пайдалану қызметі бірыңғай және электроэнергетикалық резерві үлкен электр беріліс желісі бойынша, бірлестігі БЭЖ электр беріліс желілері бойынша Бірыңғай электр энергетикалық жүйе (БЭЭЖ) және сәйкес Елдің бірыңғай электрлік жүйесі (ЕБЭЖ) құрылады.
БЭЖ жүйенің түгел электрстанциялары тікелей пареллель жұмыс жасай алатындай немесе жүйе секцияланып, жұмыс бөлек станцияда атқарылатындай режімде жұмыс жасай алады.
Бірінші жағдайда қуатты электр станциялары немесе түйіндік қосалқы станциялары әрқашан да өзара байланысқан (3- суретті қараңыз).
Екінші жағдайда бөлек станциялар немесе агрегаттардың топтары параллель жұмыс жасауға арналған икемді байланыстары болады, бұл жағдайда олар әртүрлі жүйелердің тұтынушылар топтарын біріктіреді де, олардың қажеттіліктеріне байланысты оларды бірінші немесе екінші жүйеге қосылу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді (4-суретті қараңыз).
Секциялаған кезде жүйенің барлық электр станциялары параллель жұмысы жүзеге аспайды. Біріктірілген қуатты энергетикалық жүйелерде секциялау жағымсыз, оның қажеттілігі тек сөндіргіштердің қуаттары жетіспегенде немесе жүйені біріктіргендегі тұрақтылық нашарланған кезде туындайды.
3 сурет – Бірыңғай байланысқан электрлік жүйе
4 сурет – Секцияланған бірыңғай электрлік жүйе
Түрлі электр энергетикалық жүйелер өзара бір-бірінен гидравликалық, жылулық, конденсациялық станциялар қуаттарының қатынасы бойынша және жүйе аралық байланыстардың тағайындалуы боынша ажыратылады.
Түрлі станциялар қуатының қатынасы немесе құрамы бойынша жүйелер бес түрге бөлінеді:
1) қуаттарына немесе энергиясына қарай құрамында 50%-тен көп ГЭС бар гидроэнергетикалық;
2) қуаттарына және энергияларына қарай құрамында 50%-тен көп жылу электр орталықтары (ЖЭО) бар жылулық жүйелер;
3) құрамында өнімділігі 50%-дан жоғары конденсациялық агрегаттары бар конденсациялық жүйелер;
4) конденсациялық, жылуық және гидравликалық электр станциялар қуаттарының теңдей балансымен сипатталатын энергетикалық жүйелер;
5) тек ГЭС және ЖЭС-тен тұратын және мінсіз энергоэкономикалық қасиеті бар энергетикалық жүйелер.
Жүйелерді энергия тұтынушыларының режіміне тәуелді жүктеменің графигі бойынша келесі көрсеткіштерге сүйене отырып бөлуге болады:
а) қысқы және жазғы уақытқа арналған тәуліктік графиктердің толтыру коэффициенттері;
б) минимал тәуліктік жүктеменің максимал жүктемеге қатынасы (есеп қысқы уақытқа жүргізілгенде);
в) жылдық графиктердің толтыру коэффициенттері;
г) жаздық жүктеме максимумының қысқы жүктеме максимумына қатынасы;
д) максимумды пайдаланған жылдық сағат саны.
Жүйе аралық байланыстардың магистралды және маневрлі реверстік түрлерін бөліп алады, аталғанның соңғысы күшті және әлсіз деп бөлінеді.
Магистралды дегеніміз электр берілістер бір жүйеде орналасқан тірек электр станциядан немесе электр станцияларының генераторын топтарынан қандайда бір қабылдағыш деп аталатын жүйеге қуатты энергия ағынын тасымалдауға арналған жүйе аралық байланыс. Егер тәуліктің және жылдың әртүрлі уақытында жүйелердегі қуат балансының шарттары өзгере алса, онда жүйе аралық байланыстардағы қуат ағындары бағыттарын кері бағытқа (қабылдаушы жүйеден энергия көзіне қарай) ауыстыра алады. Мұндай берілістерді реверстік жүйе аралық байланыстар деп атайды.
Маневрлік байланыстар күшті және әлсіз деп бөлінеді. Күшті байланыстар деп өткізгіштік қабілеті біріктірілетін жүйелердің қуатына тең беріліс желілерімен біріктірілген жүйелерді атайды. Әлсіз байланыстар деп өткізгіштік қабілеті қосылатын әр жүйенің қуатынан 5% кем электр берілістермен байланысқан жүйені атайды.
Әлсіз байланыстарда желінің ең үлкен өткізгіштік қабілетінің реті жүйенің жұмыстық режімдеріндегі қуат өзгерісінің ретімен сәйкес келеді, яғни біріктірілетін жүйелер режімдердің тұрақтылық проблемалары туындайды. Мұндай жүктеменің өзгерістері кезінде кішкене тұрақтылық запаспен жұмыс жасайтын беріліс желісі шекті режімдерге дейін жете алады (5- суретті қараңыз).
Жүйелердің жұмыс жасағандағы DR1, DR2қуаттарының өзгерісі электр беріліс желісіндегі DRж қуаттың өзгерісіне әкеп соқтырады, бұл өз қатарында жүйе аралық байланыстардың бұзылуын туғызады.
5 сурет - Жүйелердің күшті және әлсіз байланыстары:
а, б – жүйелер жүктемесінің графиктері (пункттирмен қуат тербелістері көрсетілген); в - қуат графигі; I - желісінің күшті байланыстағы; II - желісінің әлсіз байланыс кезінде; DRж=(±DR1)+(±DR2) Әлсіз жүйе аралық байланыстарын ентізгенде әдейі тұрақты біріктірілген жүйелердегі ауыспалы қуаты мен жиіліктік ағындарын меңгеру есептері туындайды.