English grammar and exercises ағылшын тілі грамматикасы



бет52/176
Дата02.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#121439
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   176
Хабарлы болымсыз сөйлем. 
Ағылшын тілінде болымсыз сөйлемдер “not” шылауы арқылы
жасалады. “not”баяндауыштың құрамына кіретін көмекші немесе
модальдық етістіктен кейін қойылады.
She is not working in the garden. Ол бақта жұмыс жасап жатқан
жоқ.
He will not do it.
Ол бұны жасамайды.
He does not live there.
Ол онда тұрмайды.
They did not write a letter to him. Олар оған хат жазған жоқ.



64
Сұраулы сөйлем. 


Interrogative sentences. 

Сұрақтар арнайы жəне жалпы болып екіге бөлінеді. Жалпы сұрақтар


көмекші немесе модальдық етістіктеден басталады.
Did you see him yesterday? Сіз оны кеше көрдіңіз бе?
Арнайы сұрақта сөйлемдер сұраулы сөз арқылы құрастырылады.
When did you go there? Сіз сонда қашан бардыңыз.
Жалпы сұрақтар (General questions). 
Жалпы сұрақта көмекші немесе модалдық етістіктер бастауыштың
алдында тұрады.
Жалпы сұрақтың жауабы қысқа болады. /Yes,no/
Do
you
speak
French?
Yes, I do.
No, I don’t.
Сіз
француз
тілінде сөйлейсіз бе?
Иə
Жоқ
Can you swim?
Yes, I can.
No, I can’t
Сіз жүзу білісіз бе?
Иə
Жоқ
Балама сұрақтар (Alternative questions) 
Балама сұрақ – жауапта екі адамнан, заттан, қимылдан, немесе т.б.
бірін таңдауға болатын сұрақ. Бұл адамдар, заттар, қимылдар, қпсиеттер
жəне т.б. сөйлемде or «немесе» шылауымен байланысқан сөйлемнің
бірыңғай мүшелері болады.
Or шылауы дауыссыздан басталатын сөздер алдында [o:],
дауыстыдан басталатын сөздер алдында [o:rболып оқылады.
Is it a pen or a pencil? – It is a pen
Мынау қалам ба əлде карандаш па? – Бұл қалам.
Балама сұрақтың сөз тəртібі жалпы сұрақтың сөз тəртібіндей болады.
Біріңғай сөйлем мүшелерінің біріншісі көтеріңкі дауыс ырғағымен,
екіншісі төмен дауыс ырғағымен айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет