Зат есім (The NOUN)
Ағылшын жəне қазақ тілдерінде зат есім - заттардың атын,
нəрселерді, табиғат пен қоғамдық құбылыстарды, уақиғаларды, ұғымдар
мен түсініктерді кең мағынада білдіретін сөз табы.
Екі тілдегі зат есімді жеке сөз табы ретінде танытатын үш белгісі
(морфологиялық, семантикалық, синтаксистік) болады. Енді осы үш
белгіні сипаттап көрейік.
Morphological description of the noun
(Зат есімнің морфологиялық сипаты)
Зат есімнің морфологиялық сипатын түсіну үшін зат есімнің
құрылымын, жасалу тəсілін, түрлену жүйесін талдау керек. Алдымен зат
есімнің құрылымына тоқталайық.
The structure of the noun
(Зат есімнің кұрылымы)
Ағылшын тілінде зат есімдер құрылымы жағынан Simple (Жалаң),
Derivative (Туынды), Compound (Күрделі) болып бөлінсе, қазақ тілінде
олардың екі түрі (Жалаң, Күрделі) болады.
Simple nouns
(Жалаң зат есімдер)
Ағылшын тіліндегі Simple (Жалаң) зат есімдер тек қана түбірден
тұрады. Қазақ тіліндегі жалаң зат есімдер екі салаға (түбір зат есімдер,
туынды зат есімдер) бөлінеді. Түбір зат есімдер тек түбір сөзден тұрса,
туынды зат есімдер зат есім, сын есім, етістік, сан есімдерге жұрнақтар
жалғану арқылы жасалады.
Simple Noun (English)
Жалаң зат есім (Kazakh)
a book - кітап
қыз - a girl
a week - апта
би - a dance
a son - ұл
қой - a sheep
Derivative nouns
(Туынды зат есімдер)
Қазақ тілінде туынды зат есімдер, жоғарыда айтылғандай, түбір
сөздерге жұрнақтар жалғануы арқылы жасалса, ағылшын тіліндегі
туынды
(Derivative) зат есімдер - зат есім, сын есім, етістік, сан есімдерге
жұрнақтар мен префикстердің жалғануы арқылы жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |