70
Шартты бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемдермен келесі
жалғаулық сөздер арқылы байланысады:
if, unless, provided (that),
providing (that) on condition (that).
Мыс: If I see him tomorrow, I shall ask him about it.
Мен оны ертең көрсем бұл туралы одан сұраймын.
Conditional sentences.
Шартты сөйлемдер.
§17. Шартты сөйлемдер басынқы сойлемдегі істің орындалу шартын,
уақытын көрсетеді. Шартты сөйлемдердің үш түрі (реальді, күмəнді, жəне
реальсіз) бар.
Шартты сөйлемдердің бірінші түрі.
Шартты сөйлемдердің бірінші түрі
келер шақты істің орындалу
шартын көрсетеді. Бағыныңқы сөйлемде
етістік Present Indefinite-те, ал
басыңқы сөйлемде Future Indefinite-те тұрады.
Басыңқы сөйлемнің етістікгі бұйрық райда да тұруы мүмкін.
Мысалы: If the weather is good, we shall go skiing.
Егер қүн жақсы болса, біз шаңғы тебеміз.
Достарыңызбен бөлісу: