Жылап ал, Жылап ал, жылауықтарым
Әні: Өмірзақ Махамбет
Сөзі: Рамазан Амантай
Әннің инстаграмға салынатын уақыты :
- Лентаға ( 2:37 – 2:57 дейінгі аралық)
- Сториске ( 3:00 – 3:16 дейінгі аралық)
1.Нұрбай
Сынағы көбейді мына заманның,
Оны көздер көріп жүр.
Сол үшін байқаймын біраз адамның,
Жылағысы келіп жүр…
Қ-сы: 2 рет /Нұрбай/
Жылап ал, жылап ал, жылауықтарым,
Мейлі адамдар сөз етсін.
Қайғы мен мұңыңның шығарып бәрін,
Жылап алғанға не жетсін…
2.Әділет
Адамның мұндайда екі айнасы бар,
Айнаңды сүрт пендеше
Жасырын жылаудың не пайдасы бар?!
Көз жасыңды ел көрмесе…
Қ-сы: /Әділет/
Жылап ал, жылап ал, жылауықтарым,
Мейлі адамдар сөз етсін.
Қайғы мен мұңыңның шығарып бәрін,
Жылап алғанға-ау не жетсін…
Жылап ал, жылап ал, жылауықтарым,
Мейлі адамдар сөз етсін.
Қайғы мен мұңыңның шығарып бәрін,
Жылап алғанға-ау не жетсін…
Мейлі адамдар сөз етсін…
Қ-сы: / Нұрбай /
Қ-сы: / Әділет /
Қ-сы: / Нұрбай /
Қ-сы:/ Әділет , Нұрбай/
Достарыңызбен бөлісу: |