Енжар иммунопрофилактика және жануарлардың инфекциялық ауруларын арнайы емдеу құралдары



бет1/8
Дата20.12.2023
өлшемі177,62 Kb.
#141440
  1   2   3   4   5   6   7   8

Енжар иммунопрофилактика және жануарлардың инфекциялық ауруларын арнайы емдеу құралдары


12 дәріс
Қауым.профессор Кузембекова Г.Б.
Дәрістің жоспары:
1. Енжар иммунитет туғызу қажеттілігі
2. Реконвалесцентті қансарысулары
3. Гипериммуннды (жоғарыиммунды) қансарысуы
4. Антитоксиндер (анатоксиндер).
5. Арнайы иммуноглобулиндер
6. Гипериммунды қансарысуын алу технологиясы
1890 жылы E.Behring және Sh Kitasato қояндарды сіреспе токсиндерімен иммундеп, олардан антитоксикалық қансарысуын алған.
1893 жылы С.П. Федеров пен Ф.Н. Ремезов Ресейде дифтерияға қарсы қансарысуын алды.
19 ғасырдың соңында бірқатар ауруларға қарсы қансарысуы алынды.
Тарихи деректер

Енжар иммундеу инфекция жұқтырған немесе ауру жануарлардың организіміне спецификалық иммуноглобулиндерді (антиденелерді) парентеральды немесе ішке енгізуден тұрады.

  • Енжар иммундеу инфекция жұқтырған немесе ауру жануарлардың организіміне спецификалық иммуноглобулиндерді (антиденелерді) парентеральды немесе ішке енгізуден тұрады.
  • Белсенді иммундеу кезінде – адам мен жануарлар организіміне антиген енгізіп, организмнің өзі антидене түзуіне ықпал жасауына бағытталса, ал енжар иммундеу кезінде организмге дайын антиденелерді енгізеді.

Енжар иммунитет туғызу қажеттілігі:

Енжар иммунитет туғызу қажеттілігі:

1. Эпизоотиялық ошақта аурудан сау немесе ауру малмен байланыста болған (инфекцияға күдікті) жануарларды белгілі бір жұқпалы аурудан шұғыл спецификалық қорғау;

2. Ауру жұқтырған жануарларда аурудың инкубациялық немесе продромальды кезеңдерiнде инфекциялық процестi тоқтату (үзу);

3. Аурудың клиникалық түрінде жануарларда септицемияны (вирусемияны) және токсинемияны азайту үшін және токсико-инфекциялық аурулар кезінде дезинтоксикация жасау үшін (жедел арнайы ем) қолданылады.

Енжар иммундеудің маңызы мынада:

  • Ауру қоздырушысының антигеніне немесе токсиніне байланады (блокада).
  • Ауру жұққан жануарлар организіміндегі тірі микроорганизімдерді инактивтеу үшін және фагоцитарлық және катоболикалық үрдістерді дамыту үшін;


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет