Ауылшаруашылығы малдары төлдерін енжар иммундеуге арналған препараттар. Жоғарыда айтылған препараттардан басқа арнайы төлдерге арналған препараттар бар:
Ауылшаруашылығы малдары төлдерін енжар иммундеуге арналған препараттар. Жоғарыда айтылған препараттардан басқа арнайы төлдерге арналған препараттар бар:
1. Эшерихиозға қарсы антитоксикалық антиадгезивті қансарысуы;
2. Бұзаулардың, торайлардың, қозылардың, құстардың сальманеллезіне қарсы поливалентті антитоксикалық қансарысуы;
Иммунды қансарысуын алу үшін биоөндірістер бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Олардың ішінде ең бастысы сарысу цехы болып табылады. Сарысу цехы бірнеше бөлімнен тұрады:
1.Карантиндік бөлім
2.Иммунизациялық клиникалар
3.Антигендік зертханалар
4.Сарысуды алатын, концентірлейтін және тазалайтын бөлім;
Гипериммунды қансарысуын алу кезінде стерильді жағдай болуы шарт. Сарысу цехында автоклавтау, термостаттау, рефрижераторлы бөлмелер, мұздатқыштар болуы керек.
Гипериммунды қансарысуын алудың технологиялық схемасы:
Жануарларды ветеринариялық-санитариялық және зоотехникалық қадағалайды
.
Гипериммунды қансарысуын даярлау үшін көбіне жылқылар мен ірі қара мал пайдаланылады. Шошқа тілмесіне қарсы қансарысуын алғанда шошқалар қолданылады.
Қансарысуын алатын жануарларды инфекциялық аурулардан сау шаруашылықтардан алады. Олар аурудан клиникалық сау болуы, қоңдылығы орташа және тері паразиттерінен таза болуы тиіс.