Тақырып атауы
Сағат саны
ле
к
пра
к
м
оӛж
м
ӛж
Педагогикалық акмеология ғылымының пайда болуының
алғышарттары
1
2
2
Педагогикалық акмеологияның ғылым ретіндегі сипаты
2
1
2
2
Педагогикалық акмеологияның басты объектісі ретіндегі
дамушы педагог
1
2
2
Акмеологиялық заңдар мен заңдылықтар
1
1
1
Кәсіби іс-әрекет субъектісі ретіндегі ересек адам дамуы
феноменологиясының акмеологиялық және психологиялық
аспектілері
1
1
1
1
Педагог еңбегінің ерекшелігі (акмеологиялық іс-әрекет)
1
1
1
Педагогикалық іс-әрекетте АКМЕні пайдалану тәжірибесі
1
1
2
2
Педагогикалық іс-әрекеттегі акмеологиялық тренингтер
1
2
2
2
Акмеологиядағы модельдеу
1
2
2
Барлығы
10
5
15
15
«Педагогикалық акмеология » тақырыбындағы таңдау курсының маңызы
зор. Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты магистранттардың акмеология
саласындағы іс-әрекеттің негізгі білімдері, біліктері мен тәсілдерін игеруімен;
тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту мен ӛздігінен жүзеге асыру тәсілі
ретіндегі іс-әрекетке және болашақта кәсібиліктің шынына қол жеткізуге
бағытталумен, ӛзін-ӛзі жетілдіруге бағдарланумен, шығармашылық жеке және
96
ұжымдық ойлауды және акмеологиялық ойлауды дамытумен, акмеологиялық
тұрғыдан бағдарланған тұлғаны кәсіби дайындау барысында қалыптастырумен,
оқу іс-әрекетіне танымдық қатынасын дамытумен анықталынады. Осыған орай,
болашақ магистрлерді кәсіби дайындауда келесі міндеттердің орындалуы
маңызды:
- Педагогикалық акмеологиялық теорияның заманауи мәселелері туралы
магистранттардың білімдерін жалпылау және жүйелеу.
- Болашақ мамандығы бойынша кәсіби шынға ӛздігінен жылжудың
заңдылықтарын талдау.
-
Болашақ мамандығы бойынша ӛз кәсібінде акмеологиялық
технологияларды зерттеп, қолдану (оқытудың тұлғаға бағдарланған
технологиялары, пәнге бағдарланған технологиялар, білім алушылардың
жетістіктерін бағалау технологиясы, интербелсенді технологиялар және т.б.).
Mагистратура
жағдайында
болашақ
маманның
акмеологиялық
дайындығын қалыптастырудың біз ұсынып отырған келесі шарты –
шығармашылық әрекеттердегі тұлғаның субъектілігін дамыту. Осы
шартты орындауда ең бастысы - субъектілік бағыт бойынша іс-әрекетті
белсенді түрде жүзеге асырушы тұлға болып табылады.
Iс-әрекет субъектісі ұстанымын кӛптеген зерттеушілер нақтылай түсті.
Мәселен, Н.В. Кузьмина педагогикалық іс-әрекет жетістігі проблемасын
зерттей отырып, оны педагогикалық жүйенің кӛп деңгейлі жүйесін және оның
компоненттерін әзірлеуде қолданды [92, с. 118].
A.К. Абульханова-Славскаяның пікірі бойынша, іс-әрекет субъектісі – ең
алдымен бар болғаны тұлғаның жаңа және қайта жасалған сапасы. Ол
қабілеттерді, мақстаттар мен қажеттіліктерді қарапайым есепке алу ғана емес,
адамның барлық психикалық құрылым жүйесінің толық қайта құрылуы
нәтижесінде пайда болады. Бұл жаңа қасиеттердің қалыптасуы кризисті жай-
күйлер арқылы дамудың ұзақ жолынан ӛтеді [60, с. 56]. Тұлғаның кӛкейкесті
қабілеттері, мотивтері, ӛзін ӛзі бағалауы және адамға қойылатын кәсіптік жаңа
талаптар арасында пайда болатын қарама-қайшылықтар іс-әрекет субъектісінің
даму процесіндегі қозғаушы күштер болып табылады.
Tаным және іс-әрекет бірлігі ұстанымын іске асырудың алғашқы
кезеңдерінде, тұлғаның ӛзінен туындайтын, іс-әрекеттің шығармашылық
сипатына назар кӛбірек аударылды. Кейінірек, тұлғаның іс-әрекетті
айқындамайтыны және тұлғаның дамуын іс-әрекетпен тұтастай байланысты
еместігі фактісі мойындалды. Іс-әрекет субъектісінің ӛзі ішкі және сыртқы
детерминациялардың ара қатынасын айқындауда белсенді, ол іс-әрекетінде ішкі
және әлеуметтік талаптар бостандығын, жалпылық және дара ерекшеліктің
стандарттау және индивидуализациялау деңгейлерін ӛзі анықтайды. Субъект
ӛзінің кәсіптік іс-әрекетіндегі ақиқаттың осы полюстерінің арасындағы
қайшылықтарды шешуге ӛздігінен бастамашылық жасайды. К.А. Абульханова-
Славская бұл үдерісті былайша суреттейді: субъекті болған соң адам іс-
әрекетті ұйымдастырудың жеке тұлғалық тәсілін жасайды. Бұл тәсіл тұлғалық
қасиеттерге, мақсат пайымдауға және іс-әрекеттегі мотивацияға, дәл осы іс-
әрекеттің объективті сипаттамаларына сәйкес болады. Іс-әрекет тәсілі дегеніміз
97
осы негізгі параметрлердің барынша оңтайлы интегралды, композициясы.
Осылайша, субъект іс-әрекетінің біріктіруші және үйлестіруші инстанциясына
айналады. Тұлға субъект ретінде реттегіштікті сол уақытында жүзеге асырады
және ӛзін ӛзі реттеу механизмі екі қатарға сай: іс-әрекеттік талаптары мен
шарттарын және тұлғалық мүмкіндіктерді, жай-күйді, қабілетті сәйкестікке
келтіретін негізгі қызметтік механизм түрінде кӛрінеді. Ӛзін ӛзі реттеу
нәтижесінде жағымсыз қалыптардың дамуының алдын алады, ал іс-әрекет бірде
мотивациялық, бірде ерік-жігер тарапынан реттеледі. Субъекті категориясы іс-
әрекетке – инициативаға және жауапкершілікке деген қатынасындағы тұлғалық
қасиеттерді толық талдауға мүмкіндік береді. Бұл орайда, Е.А. Абульханова-
Cлавская жауапкершілікті іс-әрекеттің кешенді реттегіштік тетігі ретінде және
сонымен қатар тұлғаның ерекше әрекет ету сапасы деген анықтама береді.
Жауапкершілікті тұлға белгісіз жағдайларға қарамастан, себеп емес,
мүмкіндіктерді іздестіре отырып, уақыттың ӛн бойында іс-әрекеттің белгілі бір
деңгейі мен сапасын анықтайтын кепіл болып табылады.
Eңбек субъектісінің қызығушылығына орай дамушы тұлға ретіндегі
акмеологиялық деп аталған бағыт субъект-тұлғалық, антропоцентрлік бағытқа
жақын. Ол еңбек субъектісі анағұрлым жоғары жетістікке, адамның ӛзін-ӛзі
толық кӛрсетуін жұмылдырушы бағдар беретін жағдайларды анықтауды
қарастырады. Бұл болашақ мамандардың ӛзінің кәсіптік жеке тұлғалық
профилін саналы игеруге, кәсібилікке жетудің жеке тұлғалық стратегиялары
мен оған жақындау траекторияларын (акмеограммалар) жасауына үлкен мән
беруге ықпалдандырады.
Oсы тұрғыдан, магистранттар іс-әрекет субъектісі ретінде оқытудың
мақсаткерліктен бастап, жоспарлау, ӛз білімін алу әрекетін жүзеге асыру
бақылау мен түзетушілікке дейінгі барлық кезеңдерінде бастамашылыдықты
жүзеге асырып, қолдап отыруды мақсат етеді. Тек осы жағдайда ғана
магистранттар ӛз ресурстарын есепке ала отырып, ӛз таңдауын жасап, оның
нәтижелеріне ӛзі жауап береді. Бұл олардың қалыптасқан даралығын,
қайталанбастығын кӛрсетеді.
Mагистрант тұлғасының кӛкейкесті қабілеттері, мотивтері, ӛзін ӛзі
бағалауы және адамға қойылатын кәсіптік жаңа талаптар арасында пайда
болатын қарама-қайшылықтар іс-әрекет субъектісінің даму үдерісіндегі
қозғаушы күштері болып табылады.
Cонымен, магистранттар іс-әрекет субъектісі ретінде ӛздерінің ішкі және
сыртқы детерминациялардың ара қатынастарын айқындауда белсенділік
танытып, ӛзінің дара ерекшеліктерінің даму деңгейлерін ӛздері анықтайды.
Магистрант ӛзінің кәсіптік іс-әрекетіндегі ақиқаттың осы полюстерінің
арасындағы қайшылықтарды шешуге ӛздігінен бастамашылық жасайды, яғни
субъект болған соң магистрант ӛзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың жеке
тұлғалық тәсілін жасайды. Бұл тәсіл тұлғалық қасиеттерге, мақсат пайымдауға
және іс-әрекеттегі мотивацияға, дәл осы іс-әрекеттің объективті
сипаттамаларына сәйкес болады. Іс-әрекет тәсілі дегеніміз осы негізгі
параметрлердің барынша оңтайлы интегралды композициясы. Магистранттар
субъект ретінде ӛздерін ӛздері реттеу нәтижесінде жағымсыз қалыптардың
98
дамуының алдын алады, ал іс-әрекет бірде мотивациялық, бірде ерік-жігер
тарапынан реттелінеді.
Oсыған орай, іс-әрекет субъектісі ұстанымы негізінде, біріншіден,
шығармашылықтың шарты болып табылатын, кәсіптегі болашақ маман
тұлғасының толық және қанағаттанарлық ӛзін-ӛзі кӛрсетудің жолдары
қалыптасады, осы ұстаным жоғары деңгейдегі кәсіби іс-әрекеттің және түрлі
кәсіби мамандардың тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Белсенді әрекет жағдайында білім алушылардың ӛзара, олардың
оқытушылар т.б арасындағы субъект-субъектілік қарым-қатынасы жүзеге
асады, сол арқылы ӛнімді-креативтілік іс-әрекеті барысында магистранттардың
ғылыми-практикалық тәжірибесі жүзеге асады. Бұл айтылғанғандарды сурет
түрінде тӛмендегідей бейнеледік (сурет 5).
Сурет 5 - Магистрант тұлғасының ортада субъектілермен бірлескен іс-әрекеті
Болашақ мамандарды шығармашылық ӛнімді еңбекке дайындаудың
мазмұны анықталған соң, сол мазмұнды игертуде қоланылатын жаңашылдық
әдістер мен технологиялардың алатын орыны ерекше. Жоғары оқу орнынан
кейін мамандар дайындауда акмеологиялық технологиялар мен тренингтерді
қолдану арқылы оқу үдерісін белсенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Tек белсенділік қана тұлғаның кәсіби әрекетке дайын болуын нәтижелі ететіні
белгілі.
Aкмеологиялық тренингтер магистранттың оқу кезеңіндегі интегративті
іс-әрекетін құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған. Олардың кӛмегімен оқу
үдерісі жүзеге асырылады. Бұл технологиялар кәсіби жауапкершілікті
дамытады, яғни білім беру мамандарын даярлау сапасын арттыру мақсаты
ретінде қызмет етеді.
99
«Aкмеологиялық технология - кәсіби дамудың жоғары деңгейіне жетуге
мүмкіндік беретін жеке тұлғаның ішкі әлеуетін ашуға, қасиеттері мен
сапаларын дамытуға бағытталған құралдар жиынтығы [253].Бұл анықтамадан
акмеологиялық технологиялар болашақ мамандардың ішкі әлеуетін дамытуға,
кәсібилігін және бейімделу мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік беретіндігін
анық байқауға болады.
A.А. Деркач пен В.Г. Зазыкин қысқаша акмеологиялық сӛздікте
«акмеологиялық технологияларды» «психологиялық технология» ұғымына
жақын категория ретінде қарастырады, бірақ бұл ізгілікті мазмұнға ие
болғанымен,
барынша
тар,
яғни
акмеологиялық
технологиялар
болашақмаманды кәсіби тұрғыда дамытуға, оның тұлғалық әлеуетін ашып
кӛрсетуге бағыттылығымен ерекшеленеді [254].
A.П. Ситников акмеологиялық технологияларды психологиялық тұрғыда
«психотехнология» ретінде қарастырады. Аталған ұғымды технологиялық
тұрғыда қарастыру базалық акмеологиялық категорияларды нақтылауға ықпал
етеді, яғни мұнда кәсіби шеберлік ең алдымен ӛнімді психотехнологиялар мен
кәсіптік іс-әрекет технологиялар кешенін меңгеру ретінде қарастырылады
[255].
H.В. Кузьмина акмеологиялық технологиялар тӛмендегідей міндеттер
жүйесін шешу барысында жүзеге асырылатындығын ӛз жұмыстарында
қарастырады [256]:
- жоғары ӛнімді (білім алушылар кӛрсеткен нәтижелер бойынша); аз
ӛнімді; орта ӛнімді іс-әрекеттер жүйесіне салыстырмалы бақылау жасау;
- іс-әрекетті ӛз бетімен қайта ұйымдастыруда ынталандыруға аз ӛнімді
жұмыстардың мүмкін болатын стратегиясы туралы ӛз бетінше шешім
қабылдау;
- жеке авторлық іс-әрекеттер жүйесі жобасында пайдалануға болатын
салыстырмалы бақылауларда тұжырымдалған идеялар, стратегиялар,
технологиялар туралы ӛз бетінше шешім қабылдау.
В.Н. Максимова акмеологиялық технологиялар білімді ізгілендіру
факторы болып табылатындығын және олар жеке тұлғалардың әлеуметтік
маңызды құндылықтарына (денсаулық, отбасы, адамгершілік, ӛмір, азаматтық)
және субъектінің тіршілік әрекетіндегі акмеологиялық құндылықтарына (ӛзін-
ӛзі дамыту, ӛзін-ӛзі жетілдіру, біртұтас және орнықты даму, руханилық, ӛмірлік
жетістік, даралық), сондай-ақ кәсіби сапаларға (қабілеттілік, құзырлылық,
бағыттылық, эмпатиялық сапалар, ерік-жігер, іскерлік) басымдық беру
негізінде жасалатындығын атап ӛтеді. Автор сонымен бірге оқытудың
акмеологиялық технологиялары кез келген педагогикалық технологиялардың
барлық қырлары мен рет-тәртібін жүзеге асырады және басқаларға қарағанда
кешенді болып табылады деген пікір айтады [257].
В.Н.Тарасованың пікірінше, акмеологиялық технологиялардың белгілеріне
мыналар жатады: креативтілікті дамытуға бағытталуы; кешенділік; қызмет етіп
отырған жүйені жоғары жетістіктерге жетуге ӛзін- ӛзі жылжуына мүмкіндік
беретін факторларға жүйелі ықпал етуді қамтамасыз етуі; жеке тұлғаның ӛзін-
100
ӛзі дамытуын және кәсіби іс-әрекет үдерістерін оңтайландыруы; қоршаған
әлеммен және ӛзімен-ӛзі мақсатты қарым-қатынас орнатуы [258].
Л.E.Варфоломеева
акмеологиялық
технологиялардың
тӛмендегідей
ерекшеліктерін тұжырымдап берді [259]:
- инварианттылығы;
- комбинаторлығы (басқа да әдістемелердің элементтерімен бірлестікте
болуы);
- кӛп қызметтілігі (білім беру үдерісі субъектілерінің әртүрлі рӛлдік
қызметтерді атқаруда пайдаланылады);
- бейімділігі (олардың қолданудың нақты шарттарына икемділігі);
- болжаушылығы (қажет нәтижеге жетудің жолдарын іздестірудің
бағыттарын кӛрсетеді).
Aкмеологиялық
технологиялар басқа технологиялардан ізгілікті
бағыттылығымен ерекшеленеді.
Акме-технологиялар жеке тұлғаны кәсіби маман тұрғысында дамытуға
бағытталған. Акмеологиялық технологиялардың бағыттылығы жеке тұлғаны
ізгілікті дамытуға негіз бола алады. Акмеологияда ӛзін-ӛзі танудың, ӛзін-ӛзі
бағалаудың және ӛзін-ӛзі дамытудың ізгіліктік технологиялары жасалды және
олар табысты қолданылуда. Осыған байланысты, акмеологиялық технологиялар
қашанда әрбір білім алушыға бағытталған, олар нақты тұлғаны кәсіби тұрғыда
дамыту үшін пайдаланылады.
Бұл технологиялардың мәні акмеологиялық ықпал болып табылады.
Cондықтан бұл технологиялардың басты әдісі іштей немесе сырттай
жүзеге асатын акмеологиялық ықпал болып саналады. Акмеологиялық ықпал –
тұлғаның немесе топтың дамуына әсер ететін ізгілікті мазмұнды және
мақсатты бағытталған ықпал.
Бұл жағдайда психологиялыққа қарағанда акмеологиялық ықпал ӛз
кезегінде сол әсердің мазмұнын анықтайды. Cонымен, тұлға мүддесін, оның
дамуын кӛздейтін және ізгілікті бағыттылықты кез-келген психологиялық әсер
акмеологиялық бола алады.
Aкмеологиялық ықпал нәтижесінде ӛзін-ӛзі реттеу деңгейін кӛтеру
адамның ӛз-ӛзіне, күшіне сенімділігін қалыптастырып, олардың жұмыс істеу
қабілетін, күйзеліске тӛзімділігін арттырады, ӛз әлеуетін толық жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Шешім қабылдау қабілетін дамыту тұлғаның сипаты ретінде
әлеуметтік белсенділікпен бірге оның мақсатқа бағытталған мінезін
тәрбиелеуге кӛмектеседі.
Сондай-ақ акмеологиялық ықпал тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашып
кӛрсетуге жағдай жасайды.
Oсы талдаудың нәтижесіне сүйенетін болсақ, акмеологиялық ықпалдың
мәні оның кәсіби маманды дамытудың қуатты құралы бола алатындығында.
Технологиялық тұрғыдан алып қарағанда акмеологиялық ықпал құралдары
анағұрлым әрқилылығымен ерекшеленеді.
Бұл ӛзіндік білім алу немесе ӛзін-ӛзі оқыту нұсқаларының бірі ретіндегі
арнайы бағдарламалар мен әдістемелер кӛмегімен ӛзін-ӛзі дамыту бойынша
101
арнайы тренингтер, практикумдар, іскерлік немесе рӛлдік ойындар, жеке
жұмыстар болуы мүмкін; бұл жұмыстар акмеологтың кӛмегімен немесе ӛз
бетінше жүзеге асырыла алады. Oсылайша, акмеологиялық ықпалды қолдану
маманның кәсіби деңгейін кӛтеруіне және келешекте ӛсуіне мүмкіндік береді.
Aкмеологиялық технологиялардың басты мақсаты – субъектілік
қасиеттердің дамуына ықпал ету. Осы жағдайда тұлғаға акмеологиялық ықпал
мотивациялық және құндылықты-мағыналық тұрғыда жүзеге асырылады.
Aкмеологиялық технологиялардың негізгі міндеттерінің бірі - арнайы
тәсілдермен, техникалармен тұлғалық және кәсіби менін ӛзектілендіруге
мүмкіндік беретін адамның дамуында, ӛзіндік санасында, ӛзін - ӛзі жүзеге
асыруында талап етілетін қажеттілікті қалыптастыру және бекіту .
Aкмеологиялық технологиялар білім алушыны біртұтас және орнықты
дамытуға, әрбір магистранттың жетістіктерге жетуіне, ішкі мотивациясын
қалыптастыруға бағытталған .
Oсылайша, акме-технологиялар:
- тұлғаға (кәсібилік жүйелі қасиетті дамыта отырып), іс-әрекетке (оны
жасап шығаруға бағыттай отырып), шығармашылықпен ӛзін-ӛзі жүзеге асыруда
таңдау еркіндігі бар түрлендіруші субъект (білім беру үдерісінің ӛнімді моделін
құруға мүмкіндік бере отырып іс-әрекет шартын ауыстыра отырып) араласқан
үдеріске кӛпқырлы жағымды ықпалдың сызықты емес, ретті жүйесі;
- тұлғаның ақыл-ойына бір тұтастықта әсер етеді. Акмеологиялық
технологиялар магистранттардың болашақ кәсіби іс-әрекетінің жағымды жеке
тәжірибесін (білім, білік және дағдыларын) молайтады;
- білім беру және педагогикалық технологиялармен үйлесімдікте болады
және психотехниканы қамтиды. Сондай-ақ, акмеологиялық технологиялар
түзету, ӛзін-ӛзі түзету, ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-ӛзі жетілдіру үдерісін
оңтайландырады, осы үдерістерді басқарады және кәсіби іс-әрекеттің
тиімділігін арттырады.
Aкмеологиялық технологиялардың ӛзіндік ерекшеліктері бар, олар адам
туралы, оның кәсібилік пен шеберлікке қарай ӛзіндік қозғалысының
заңдылықтары, тұлға және жеке ӛзіндік тәсілмен шығармашылықпен жүзеге
асырылатын іс-әрекет субъектісі қамтылатын білім беру және педагогикалық
жүйелердің ӛнімді моделдері туралы білімнің жинағы болып табылатын
акмеологиялық ғылымның пәнінен туындайды. Біз акмеологиялық
технологияларды сапалы нәтижені болжауға, білім беру міндеттері сапасына
бағдарланған және білім алушылардың ары қарай дамуына алғы шарт бола
алатын стратегияны таңдауға мүмкіндік беретін магистрантармен ӛзара
әрекеттесудің мақсатқа бағытталған логикалық тұрғыда құрылған жүйе ретінде
қарастырдық.Cонымен,
акме-технологиялар
маманның
акмеологиялық
дайындығының қалыптасуына ықпал ететін біртіндеп күрделеніп отыратын
кәсіби практикалық міндеттерді шешуге бағдарланады.
Mагистранттардың акмеологиялық дайындығын қалыптастырудың келесі
шарты білім алушылардың аталмыш сапасына әсер ететін педагогикалық орта
жасау деп санаймыз. Мұндай орта жүйелілік амал негізінде құрылады және ол
102
ашық, динамикалық интегративті жүйе ретінде анықталынады. Жалпы
педагогикалық орта әртүрлі білімдік жүйелердің ерекшеліктерін кӛрсететін
әлеуметтік педагогикалық феномен болып табылады. Орта субъектілерін
кеңістік арқылы басқару негіздерін қарастырған ғалымдар (Т.В. Менг, А.Ш.
Мухетдинов, Ю.С. Мануйлов т.б.), орта амалын оқу орынының әлеуметтік және
психологиялық ахуалын, ұйымдастырушылық құрылымдарын, білімдік
мекеменің мүмкіндіктерін бар тәжірибесін тиімді пайдалану, тарату әрі
толықтыру ретінде қарастырады.Педагогика ғылымы әдіснамасындағы орта
амалы білім алушылардың дамуы мен қалыптасу үрдісін арнайы
ұйымдастырылған кеңістік арқылы ұйымдастырудың теориясы мен
практикасын білдіреді. Педагогикадағы бұл бағыт авторитарлы амалға балама
болып табылады және оның ӛзіндік тарихы бар. Атап айтсақ, Ж.Ж. Руссоның
«Еркін тәрбие», И.Г. Песталоцци «Ауыл жастарын тәрбиелеу» [260], Я.А.
Коменский «Ұлы дидактика» [261], А.С. Макаренко «Aзаматты ұжымда
тәрбиелеу» [262], Дж. Локк «Джентльменді тәрбиелеу» [263], Я. Корчак
«Тәрбиелеу ортасының эмпирикалық типологиясы» [264] атты еңбектер
білімдік орта жасаудың үлгісін құрайды.
Cонымен қатар экологиялық тұлғалық орта (В.А. Ясвин [265] т.б.),
коммуникативтік бағытты орта (В.В. Рубцов [266] т.б.), антропологиялық-
психологиялық орта (В.И. Слободчиков [267] т.б..), экопсихологиялық (В.И.
Панов [268), психодидактикалық (В.П. Лебедева, В.А. Орлов[269]) орталар
жайлы зерттеулер біз кӛтеріп отырған акмеологиялық орта жасауға негіз бола
алады.Ғылыми зерттеулерді талдау барысында акмеологиялық орта мәселесінің
зерттелуі акмеология ғылымының шеңберінде (А.А. Деркач, И.О. Соловьев
[270] және т.б.) жүргізілгенін байқатады. Мысалы, А.А. Деркачтың пікірі
бойынша, акмеологиялық орта тұлғаның әлеуетін ашудағы жоғары дәреже
деңгейге кӛтерілу үшін табиғи немесе жасанды жағдайларды моделдеумен
анықталынады.Aкмеологиялық ортаның интегративтілігі келесі идеялардың
негізінде талданады: ортаны моделдеу (А.В. Левин [271]); білім беру жүйелерін
акмеологиялық тұрғыдан түрлендіру (К.А. Абульханова-Славская, А.А. Деркач,
В.Н. Максимова, Ю.А. Лунев [272] және т.б.).Педагогика-психология
мамандықтағы магистранттарды даярлауды қамтамасыз ететін интегративті
жүйе ретіндегі акмеологиялық орта олардың акмеологиялық дайындығының
дамуына ықпал етеді. Акмеологиялық дайындық осы орта әсерінің жобаланған
нәтижесі болып анықталынады.
Aкмеологиялық ортаны құрудың шарттарына тӛмендегілер жатады:
-
oртаның акмеологиялық әсерін күшейту үшін оны интелектуализациялау
(интеллектуалдық қабілеттердің дамуын қамтамасыз ету барысында
магистранттар интеллектуалдық міндеттерді шешуге даяр болады, ол үшін
элективті курс барысында оларға кӛптеген интеллектуалдық тапсырмаларды
орындауды талап ету қажет. Осы кезде магистранттарды логикалық ойлауы,
зейіннің тұрақтылығы, мағыналық есте сақтау қабілеті, ӛзін-ӛзі басқара алу
қабілеті дамиды);
-
акмеологиялық тұрғыдан ӛзін-ӛзі дамытуға жағдай жасау, тұлғалық-
103
кәсіби ӛсуге жағдайлар тұғызу (магистрант кәсіби дамуы тұрғысынан ӛзін-ӛзі
тануға даяр болады, ӛздігінен білім алуға және ізденуге әрекеттер
ұйымдастырады, ӛзбетінше орындалатын тапсырмалардың басым болуы);
-
cыртқы және ішкі сапалы байланыстардың кӛп болуы, кәсіби
ӛзараәрекеттестікті ұйымдастыру (акмеологиялық ортада профессорлық
құрамға кіретін кәсіби мамандармен қарым-қатынастың ұлғаюымен
байқалады);
-
құндылықтық қатынастардың болуы (нәтижелілік тұрғысынан қарым-
қатынас жасаудың құндылығы, яғни әрбір қарым-қатынас барысында ӛз
мамандығы бойынша нәтижелі ақпараттардың болуымен сипатталынады);
-
шығармашылық іс-әрекетке жағдайдың жасалуы (түрлі шығармашылық
тапсырмаларды орындай, шығармашылық ізденістерін жүзеге асыру – эссе,
ғылыми жоба, шығармашылық байқаулар және т.с.);
-
магистранттардың ерікті түрде және еріксіз түрде болатын танымдық
әрекеттерін шектемеу (ең бастысы олардың қызығушылығын оятатын
тренингтерді жүргізу);
-
oртаға бейімделу (қарым-қатынаспен қанағаттанарлық күйде болу,
жағымды
психологиялық
ахуалдың
болуы,
кәсіби-маңызды
қызығушылықтарын қанағаттандыру);
-
креативтілігін, шығармашылық әлеуетін ӛзектілендіру.
Жоғарыда кӛрсетілген шарттардың сақталуы акмеологиялық ортаның
әсерін күшейте түседі, сондықтанда магистранттар осындай ортада ӛз
белсенділіктеріне сәйкес түрлі ортаның кәсіби жағдайларында акмеге қарай
жылжитын тұлға болып қалыптасады.
Cонымен, біз акмеологиялық ортаны магистранттарды дайындау
үдерісін қамтамасыз ететін интегративті жүйе ретінде қарастырамыз.
Акмеологияда «интегративтілік» дифинициясының мәні акмеологиялық ортаны
біртұтас құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Осы біртұтастылықта
үдерістік және нәтижелілік қырларының бірріккендігін байқаймыз. ЖОО-ның
білім беру ортасы әлеуметтік байланыстар, іс-әрекет және қатынастар
жиынтығы ретінде қарастырылады. Онда болашақ маман тұлғасы белгілі бір
рӛлді атқарып, ӛз мәртебесіне ие болады, қоғамдық мағыналы іс-әрекеттің
субъектісі ретінде ӛзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады. ЖОО-дағы
әлеумет акмеологиялық орта ретінде бірлескен іс-әрекет және қарым-
қатынастың
сипаттамаларының
жиілілігі
мен
мазмұны
бойынша,
ынтымақтастықтың
жоғары
эмоциялық,
интеллектуалдық
ахуалымен
ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |