талапқа сай материалдық базаның болуы. Бұған студенттің білім беру ұйымындағы
инфраструктураларға кедергісіз жетуіне арналған ахитектуралық жағдайлар, мекемеде білім
алатын студенттердің қажеттілік санаттарына қарай санитарлық-гигиеналық талаптардың
сақталуы (арнайы жабдықталған гардеробтар, санузелдер, жеке гигиена орындары және т.б.),
арнайы жабдықталған кеңістіктің, студенттің жұмыс орнының болуы; т.б. жатады. Білім
мекемесінде ерекше білім беру жағдайы мен материалдық – техникалық база болуы студент
денсаулығының санаты мен таңдаған мамандығының ерекшелігіне байланысты болады.
Мысалы, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған студенттер үшін материалдық-техникалық
қамтамасыз ету сол студенттердің білім мен тәрбие алуы үшін маңыздылары -
дыбыскүшейткіш құралдар, интерактивті жабдықтар және басқа да оқыту құралдарының
болуы міндетті. Жүріп-тұру мүшелерінің бұзылуы бар студенттер үшін оқу кабинеттерінің 1
қабатта, жүріп-тұру мүшелерінің бұзылу дәрежесіне қарай арнайы парталардың болуы. Ал
сал ауруына (ДЦП) шалдыққан студенттер үшін ең маңызды жағдай кедергісіз
архитектуралық ортадан басқа бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді ерекше
ұйымдастыру қажет. Ал оқу-педагогикалық үрдісті ұйымдастыру студенттің операциялық-
әрекет ету мүмкіндіктерімен сәйкес келетін студентке лайықталған білім бағдарламасын
даярлау арқылы жүзеге асады.
2) Екінші, инклюзивті жағдайда жұмыс істеуге әзір
кадрлық әлеуеттің болуы. Инклюзивті мекеме қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі кәсіби және әлеуметтік даярлығы,
толеранттылығы болуы және өзінің кәсіби қызметін рухани-адамгершілік құндылықтар
негізінде құра білуі тиіс. ЕББҚ студенттермен жұмыс істеу негіздерімен қаруланған
педагогикалық ұжым - курстық даярлықтан өткен, ЕББҚ студенттердің қорқыныш-
мазасыздық деңгейін төмендетуге, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға арналған
кешенді психология-педагогикалық және дәрігерлік-әлеуметтік жүйесі бар білім беру
мекемесі. Есту және сөйлеу жүйесі бұзылған студенттерді оқыту үшін ұжымда дефектолог,
сурдопедагог болуы міндетті. (Колледж педагогтары кезекті демалыс кезінде тәжірибелі
сурдоаудармашы-педагогтан сабақ алып, ымдау тілін үйренуге болады.) [4].
3)