ӘӨЖ 378: 37. 015. 3: 07 Қолжазба құқығында



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.04.2017
өлшемі0,65 Mb.
#11062
1   2   3   4   5   6

әлеуметтік-педагогикалық 

 

мәдени-ағартушылық 

 

білім берушілік 

 

     нормативті 

 

ақпараттық 

 

   ұйымдастырушылық 

 

   интегративті 

 

   релаксациялық 

 

идеологиялық 

 

сын және бақылау 

 

рекреативті 

 

  коммуникативті 

 


 

17 


функциялардың қызметі міндетті түрде ескеріліп отыруы және тиісті дәрежеде 

пайдаланылуы қажет. БАҚ-тың насихат құралы ретіндегі қызметінің өзі тәрбие 

үрдісіндегі  көптеген  іс-шараларды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Ал 

олардың  белгілі  дәрежеде  жасөспірімдердің  білімін  жетілдіру,  толықтыру 

тәрізді  маңызды  мәселелерді  шешуде  орны  тіпті  ерекше.  Яғни  өздігінен  білім 

алуға,  өзін-өзі  тәрбиелеуге  жағдай  туғызатын  функциясының  маңызы  адам 

үшін  өте  жоғары  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  жоғарыда  аталған 

ғалымдардың 

зерттеу 

жұмыстарына 

талдау 

жүргізу 


нәтижесінде 

анықталғанындай  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  жалпы  функцияларымен 

қатар,  нақты  балалар  өмірінде  атқаратын  біршама  негізгі  функциялары  бар 

екендігіне көз жеткіздік. Атап айтқанда: 

-  ақпараттық (хабар беру) функция; 

-

 



рекреативті(көңіл көтерушілік) функция; 

-

 



релаксациялық функция; 

-

 



мәдени-ағартушылық  функция;  

-

 



білім берушілік; 

-

 



коммуникативті; 

-

 



әлеуметтік-педагогикалық. 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

    Сурет  2 −  БАҚ-тың балалар өмірінде атқаратын функциялары 

 

 

БАҚ-тың  функцияларының  ішінде  негізгі  болып  табылатын  ақпараттық 



функцияны  тарқатып  қарайтын  болсақ,  ақпарат  құралдарының  барлық 

түрлерінің (теледидар, радио, газет-журнал, интернет т.б.) хабарлары айрықша 

ақпараттық  кеңістікті  қалыптастыратыны  белгілі,  яғни  бұқаралық  ақпарат 

құралдары өзіндік білім беру жүйесіне айналады. Дегенмен, бұқаралық ақпарат 

құралдары  арқылы  берілетін  білімнің  мектеп  және  басқа  да  білім  беру  

Б

А

Қ



ы

ң

 б

ал

ал

ар

 ө

м

ір

ін

де

 

ат

қ

ар

ат

ы

н

 ф

ун

к

ц

и

ял

ар

ы

 

әлеуметтік-педагогикалық 



білім берушілік 

 

ақпараттық 

 

релаксациялық 

Мәдени-ағартушылық 

рекреативті 

 

коммуникативті

 

Те

л

ед

и

да

р

, г

аз

ет



ур

н

ал

да

р



р

ад

и

о, 

и

н

те

рн

ет

 


 

18 


мекемелеріндегі  білім  беру  жүйесінен  әлдеқайда  айырмашылығы  бар.  Бұл 

жердегі  білім  алудың  түріне  мән  беретін  болсақ,  ол  адамның  өздігінен  білім 

алумен  байланысты,  яғни  білім  беру  мекемелеріндегі  жоспарлы  түрде  беретін 

білімнен өзіндік айырмашылығы бар. Өздігінен білім алудың нәтижесінде өзін-

өзі тәрбиелеу үрдісі жүзеге асады. Осылайша, БАҚ-тың әрбір функциясы бала 

өмірінде  белгілі  бір  дәрежеде  роль  атқарады,  сондықтан  ол  функцияларға 

кеңінен мән беру қажет. 

Президент Н.Назарбаев «Жас отан» жастар қанатының І съезінде сөйлеген 

сөзінде  «Бұқаралық ақпарат құралдарында батыстық жадағай мәдениеттің 

рухсыз  үлгілеріне  қарсы  тұра  отырып,  рухани-имандылық  құндылықтарды 

насихаттауды  күшейткен  жөн.  ...Тұтастай  мәдениет,  спорт  және 

жастардың  рухани-имандылық  құндылықтары  мәселелеріне  арналған 

телеарна  құру  туралы  мәселені  шешу  керек.  Оның  өзектілігі  қазірдің  өзінде 

баршамыз  үшін  айқын  болып  тұр»  деген  пікір  білдірді  және  рухани 

имандылыққа  тәрбиелеуде  БАҚ-тың  ықпалы  жоғары  болғандықтан,  оған 

кеңінен мән беру керектігін баса айтты.  Осындай  көкейкесті  мәселе бойынша, 

академик  Б.Момынбаевтың  «...Біздің  ойымызша,  БАҚ-тың  ең  киелі  міндеті 

ақпараттық-ағартушылық  ұстаным  болуға  тиіс...»  деген  тұжырымды  пікірі 

құптарлық.  Яғни  қазіргі  кезде  ақпарат  құралдарының  үлкен  мүмкіндіктерін 

қажеттілігіне  қарай  пайдалану  маңызды.  Аталмыш  проблемалардың 

туындауына  байланысты  ақпараттық  заманда  олар  тарапынан  келетін 

проблемаларды  ауыздықтаудың  қажеттігі  туралы  пікірлердің  маңызы  өте 

жоғары  болып  отыр.  Бұл  мәселені  зерттеп  жүрген  ғалымдардың  пікіріне 

сүйенсек,  ақпарат  құралдарын  тиімді  пайдалана  алмаған  балалар  оның 

ықпалында қалады екен (А.А.Журин, Е.С.Полат, Л.С.Зазнобина). Ғалымдардың 

пікірлеріне  қарағанда  БАҚ  өнімін  дұрыс  пайдалана  алмаған  оқушы  бірқатар 

қиындықтармен жолығатын көрінеді, атап айтқанда: 

 



ақпараттың  белгілі  бір  бөлігін,  әсіресе  аудиовизуалды  ақпаратты 

толыққанды қабылдай алмайды, себебі оны қабылдауға әзір емес; 

 

бірнеше 



мағына 

беретін 


хабарламалардың 

мағынасын 

толық       

түсінбейді немесе біржақты түсінеді; 

 

бұқаралық  ақпарат  құралдарына  қатысты  ұстанымы  әлсіз  болады, 



олардың  ықпалынан  қалай  сақтануды  және  көп  жағдайда  ондай  сақтанудың 

қажеттілігін сезіне білмейді; 

 

ақпараттағы  берілген  қандайда  мәселелердің  барлығын  сол  күйінде 



қабылдап, оны терең талдауға әлеуеті жете бермейді. 

Осындай  дәйекті  пікірлерге  байланысты  жасалатын  тұжырым,  балаларды 

БАҚ-тың  өнімін  дұрыс  пайдалана  алуға  міндетті  түрде  тәрбиелеу  керек,  бұл 

шараны  жүзеге  асыру  жауапкершілігі  жеткіншектерге  тәрбие  беруде  ең  басты 

және оларды өмірге бейімдеудегі негізгі  тұлға – мұғалімдерге жүктеледі. БАҚ-

тың  тек  оң  ықпалын  бала  тәрбиесінде  пайдалануды  көздеген  мемлекеттерде 

«медиабілім»  беру  мәселесі  қайта  көтерілуде.  Негізінен  медиабілім  термині 

ХХ-шы  ғасырдың  ортасында  пайда  болды  деген  пікірлер  бар.  Медиабілім 



(ағылшын  тілінен  media  education  және  латын  тілінен  media)  –  бұл  

педагогикалық  теория  мен  практикада  білім  берудің  ерекше  бір  бағыты 

 

19 


ретінде  оқушылардың  көпшілік  коммуникация  заңдылықтарын  оқуын 

қолдайтын,  сондай-ақ  қазіргі  бұқаралық  коммуникация  құралдарын  меңгеру 

мақсатында  теориялық  білім  мен  практикалық  іскерліктерге  үйретуді 

көздейтін  педагогикадағы  бағыт.  Мұндай  оқытуды  әртүрлі  пәндерді  оқыту 

кезінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  көмекші  элемент  ретінде 

пайдаланғандағыдан  ажырата  білу  керек.  Жалпы  медиапедагогтардың 

медиабілім  туралы  пікірлеріне  мән  бере  отырып,  оның  негізгі  мақсат-

міндеттеріне мынандай түсінік беруге болады: медиабілімнің басты мақсаты – 

жаңа  ұрпақты  қазіргі  ақпараттық  заманның  жағдайында  өмір  сүруге, 

әртүрлі ақпараттарды қабылдай білуге, оларды түсінуге және оның психикаға 

әртүрлі  әсері  бар  екендігін  сезіне  білуге  дайындау.  Демек,  медиабілім  бұл 

балаларға  БАҚ-тың  мүмкіндіктерін  дұрыс  пайдалануды  үйретуді  мақсат 

ететін педагогиканың ерекше бөлігі деп түсіну керек.   Сонымен, қазіргі кезде 

алыс, жақын шетелдерде қолға алынып отырған медиабілім мәселесінің мақсат-

міндеттерін  негізге  ала  отырып,  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  осындай 

ерекше  мүмкіндіктерді пайдалануды қарастырудың қажеттігі туындайды.  БАҚ 

медиабілімнің  негізгі  бөлігі  болғандықтан  медиабілім  стандартындағы 

міндеттерге назар аудару маңызды деп ойлаймыз. Өйткені стандарттың алдына 

қойған міндеттерінің қатарында: 



бұқаралық  ақпарат  құралдары  каналдары  арқылы  берілетін 

ақпараттарды оқушыларға  қабылдауға және қорытуға   үйрету; 

-    бұқаралық  ақпарат  құралдары  тарапынан  индивидттің  санасын 

жаулауға қарсы тұру; 

-  белгілі  бір  хабарламаның  екіұшты  мағынасын  түсіну  іскерлігіне,  сыни 

тұрғыдан ойлауға үйрету; 

-  әртүрлі  техникалық  құралдарды  пайдалана  отырып,  қажетті 

ақпаратты  іздеу,  дайындау,  бере  алу  іскерлігін  қалыптастыру  сияқты  келелі 

мәселелер  қойылған.  Бұл  міндеттерді  шешу  арқылы  оқушылармен  тәрбие 

жұмысын  ұйымдастыру  кезінде  БАҚ-ты  пайдаланудың  өте  тиімді  жолдарын 

табуға  болатынын  көреміз.  Олай  болса,  БАҚ-қа  байланысты  берілген 

анықтамаларға  және  оның  тәрбие  ісіндегі  ерекше  әрі  маңызды  мүмкіндіктері 

туралы  айтылған  пікірлерді  және  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде 

берілген анықтамаларды саралай отырып біз «болашақ мұғалімдерді бұқаралық 

ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындау»  және  «бұқаралық 

ақпарат құралдары арқылы тәрбие беру» ұғымдарының педагогикалық мәні мен 

мазмұнын  анықтауға  тырыстық.  Сонымен,  «болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық 

ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындау»  дегеніміз  бұл 

педагогикалық  оқу  орындарында  тәрбие  үрдісіне  дайындауда  тиімді  құрал 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мүмкіндіктерін  пайдалануға  болашақ 

мұғалімдердің  теориялық  және  әдістемелік  тұрғыдан  кәсіби  дайындығын 

жүзеге асыру деп ойлаймыз. Ал  «бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие 

беру»  бұл  тәрбие  үрдісінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  ақпараттық, 



коммуникативті, әлеуметтік, мәдениетанушылық, танымдық, дамытушылық 

мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалану деп есептейміз. Демек, 

тәрбие құралы ретіндегі БАҚ-тың ерекше мүмкіндіктерін оқушылардың тәрбие 



 

20 


жұмыстарын  ұйымдастыруда  ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан  дұрыс  пайдалана 

алуы үшін болашақ мұғалімдер оған оқу орындарында арнайы дайындалуы тиіс. 

Зерттеу  жұмысымыздың  негізіне  алынған  көкейкесті  проблеманың  шешімін 

табу  мақсатында  тұжырымдама  дайындалды.  Тұжырымдама  жоба  ретінде 

«Білім әлемінде» журналында жарияланды. 

Тұжырымдаманың мақсаты – БАҚ-тың тәрбие үрдісіндегі мүмкіндіктерін 

ескере  отырып,  болашақ  мұғалімдерді  оларды  пайдалана  білуге  дайындаудың 

маңыздылығы мен оны жүзеге асырудың жолдарын көрсету. Тұжырымдаманың 

негізінде  болашақ  мұғалімдерді  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындаудың 

теориялық  және  құрылымдық  моделі  жасалды.  Бұл  модельде  болашақ 

мұғалімдерді  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруда  БАҚ  материалдарын 

пайдалана  білуге  дайындауда  ең  алдымен  педагогикалық  жоғары  оқу 

орындарының  оқу-тәрбие  үрдісінің  мүмкіндіктері  есепке  алынады.  Өйткені, 

жалпы білім беретін ғылымдар циклы бойынша болашақ мұғалімнің қоғамдағы 

әлеуметтік  тұрғыдан  қайта  құру  ісінде  жеке  тұлғаның  ролі  туралы  түсінігі 

қалыптасады,  сондай-ақ  болашақ  мұғалім  кез  келген  құбылыстың 

диалектикалық дамуының мәнін, сонымен қатар жеке тұлғаның, ұжымның және 

олардың  қалыптасуында  іс-әрекеттің  орнын  терең  меңгереді.  Соған  сәйкес 

БАҚ-тың  бала  дамуы  мен  қалыптасуындағы  ролі  туралы  түсінік  студенттерде 

ең  алдымен  жалпы  білім  беретін  міндетті  пәндердің  мазмұнын  меңгеру 

барысында  қалыптасады.  Ал  олардың  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  орны  туралы 

мағлұматтар  базалық  пәндердің  құрамындағы  пәндерді  игеру  кезінде  жүзеге 

асырылады.  Себебі,  базалық  пәндерді  оқыту  кезінде  жеке  тұлғаның 

психологиялық даму заңдылықтары,  оқушылардың іс-әрекетінің ерекшеліктері 

туралы  білімі,  оқытылатын  пәндердің  негіздерін  білуге  байланысты  шаралар 

жүзеге  асырылады.  Сондай-ақ  студенттерде  ұжым  мен  оқушылардың  іс-

әрекеттерін  талдау  әдістемесін  меңгеру  мен  педагогикалық  әсер  етудің 

нәтижесін  бағалау  біліктілігі  іскерлігі  қалыптасады.  Осы  циклдың 

құрамындағы пәндердің мазмұнын меңгеру кезінде БАҚ-ы оқу-тәрбие үрдісінде 

пайдаланудың әртүрлі әдіс-тәсілдеріне үйретіле бастайды. Сондай-ақ, болашақ 

мұғалімдерді  оқу  орындарында  тәрбие  жұмысына  дайындауда  педагогикалық 

практиканың  ролі  де  жоғары.  Бірақ  бұл  шаралардың  қай-қайсы  да  болашақ 

мұғалімдерді  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруда  БАҚ-ы  пайдалана  білуге 

дайындауда  толыққанды  біліммен  қамтамасыз  ете  алмайды.  Педагогикалық 

мамандықтар  бойынша  дайындалған  типтік  бағдарламалардың  мазмұнындағы 

мәселелер БАҚ-қа байланысты қарастырылатын  сұрақтардың толық мазмұнын 

ашуға  мүмкіндік  бермейді.  Сондықтан  бұл  мәселе  бойынша  студенттердің 

білімдерінің  мазмұнын  жетілдіру  үшін  толық  мағлұмат  оларға  қазіргі 

мемлекеттік  стандарттар  беріп  отырған  ерекшеліктердің  бірі  –  таңдау 

компоненттерінде ұсынылатын бірқатар таңдау курстарды тыңдау кезінде және 

аталған  проблемаға  байланысты  дайындалған  арнайы  курстың  мазмұнын 

меңгерген  кездері  беріледі.  Сондай-ақ,  БАҚ-ты  тәрбие  жұмыстарын 

ұйымдастыруда  пайдалануға  студенттер  аудиториядан  тыс  жұмыстарда 

үйретіледі.  Аудиториядан  тыс  жұмыстардың  құрамына  ең  алдымен  әртүрлі 

деңгейдегі  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  кіреді.  Олармен  қатар  студенттермен 



 

21 


қосымша үйірмелер, клуб жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Бұл шаралармен 

қатар болашақ мұғалімдерді дайындауда педагогикалық басылымдар кабинетін 

жабдықтау  маңызды  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  елімізде  ғылыми-

әдістемелік,  педагогикалық  басылымдардың  саны  артып,  кітапханадағы 

пайдаланудан  бөлек  педагогикалық  кабинет  болатындай  дәрежеге  жетіп  отыр. 

Ал  педагогикалық  оқу  орындарында  мұндай  кабинеттердің  болуы  болашақ 

мұғалімдерді  оқу-тәрбие  үрдісіне  тиімді  дайындауда  өзіндік  орны  бар  деп 

есептейміз.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы 

тәрбие  үрдісіне  дайындау  моделін  педагогикалық  мамандыққа  білім  алып 

жатқан маман сипаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн. БАҚ 

саласындағы замануи жағдайларды талдаудың нәтижесі қазіргі қоғамда әртүрлі 

коммуникация  құралдарынан  келетін  ақпараттарды  өздігінен  таңдай  білетін, 

сыни тұрғыдан бағалай алатын және әртүрлі көпшілік коммуникациялар тілінде 

хабарламаларды  жасай  алатын  тұлғаны  қалыптастыру  сұранысының  бар 

екендігін  көрсетті.  Мұндай  сұраныс  БАҚ-ты  мектептерде  оқып-білу 

қажеттілігін  тудырады,  ал  бұл  қажеттілік  педагогикалық  мамандықтар 

бойынша  білім  алып  жатқан  студенттердің  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне 

дайындығын мақсатты түрде жүргізу керектігін білдіреді. 

Жоғары педагогикалық оқу орындары болашақ мұғалімдерді БАҚ арқылы 

тәрбие  үрдісіне  дайындау  бойынша  өз  алдына  мақсат  қоя  отырып, 

студенттердің  дайындығын  жүзеге  асыруды  қолға  алатын  болса,  бұл  үрдіс 

төмендегі шараларды жүзеге асырғанда ғана нәтижелі болады деп ойлаймыз: 

-  жоғары  оқу  орындарының  студенттерінің  БАҚ-ты  мектепте  тәрбие 

үрдісін ұйымдастыруда пайдалануға деген қажеттілігі артқанда және бұқаралық 

ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындау  бойынша  қажетті 

білімдердің көлемі белгілі болған жағдайда; 

-  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындауда  ЖОО  оқу-тәрбие  үрдісінің 

мүмкіндіктерін анықтап және олардың мазмұнын жетілдірген жағдайда; 

-  Болашақ  мұғалімдерді  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындаудың 

педагогикалық жүйесі жасалған жағдайда; 

-  Болашақ  мұғалімдерді  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындаудың 

әдістемесін дайындағанда; 

-  Болашақ  мұғалімдерді  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындауға 

байланысты оқу-әдістемелік құралдармен қаматамасыз еткен жағдайда. 

Болашақ  мұғалімдерді  дайындау  өз  алдына  бір  күрделі  жүйені  құрайды. 

Олар  жоғары  білімді  маман  дайындаудың  мақсат,  міндеттеріне  және 

принциптеріне  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Бұл  мәселе  бойынша  көптеген 

зерттеушілер  жалпы  компоненттер  ретінде  әдіснамалық,  теориялық  және 

практикалық  жағына  мән  береді.  Соңғы  кездері  зерттеушілер  педагог 

мамандарды  дайындауда  технологиялық  компонентке  мән  беріп  жүр,  яғни 

олардың нақты оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттерді шешуде арнайы білім, білік, 

дағдыларды меңгеруін қамтамасыз етуді көздейді. 

 

 

 



Бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін мектепте пайдалана 

білетін мұғалімге деген қоғамдық қажеттілік 



Мақсаты: болашақ мұғалімдерді БАҚ арқылы тәрбие үрдісіне дайындау  

                        Жоғарғы оқу орны оқытушысының іс-әрекеті  



 

22 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сурет 3 − Болашақ мұғалімдерді БАҚ арқылы тәрбие үрдісіне дайындаудың 



құрылымдық моделі 

 

23 


БАҚ  бойынша  әдіснамалық  дайындыққа  –  философия,  психология, 

әлеуметтану  сияқты  пәндер  негізінде  алатын  білімдер  жиынтығы,  тұлға  және 

жеке тұлғалық, БАҚ-тың тарихи дамуы туралы білімдер жатады. 

Теориялық  дайындықтың  құрамына  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

бойынша  теориялар,  олардың  қазіргі  қоғамдағы  функциялары,  көпшілік 

санасына  әсер  ету  мүмкіндіктері  туралы  әдістер,  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  хабарламаларын  талдау  тәсілдері  туралы  білімдер  жиынтығы 

кіреді.  

Әдіснамалық  дайындықта  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісін ұйымдастырудың мазмұны, формалары, әдістері және тәсілдері туралы 

білімдері қалыптасады. 

Технологиялық  дайындық  студенттердің  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

туралы  әдіснамалық,  теориялық,  әдістемелік  тұрғыдан  алған  білімдерін 

тәжірибеде  пайдалана  алуды  жүзеге  асырады.  Дайындаудың  барлық  түрлері 

бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Мысалы  әдіснамалық  дайындық  барлығына 

базис ретінде қызмет етеді, ол білімді қабылдаудың шарты және құралы болып 

табылады.  Ал  теория  мен  әдістемені  білу  мұғалім  жұмысының  бұл  саладағы 

іскерлігі  мен  дағдысын  қалыптастырудағы  негіз  болады.  Технологиялық 

дайындық  алған  барлық  білімдер  жиынтығын  көкейкестендіреді  және  оларды 

тәжірибеде  тиімді  пайдалануға  жағдай  жасайды.  Мұндай  дайындықтың 

нәтижесінде  болашақ  мұғалімдер  тәрбие  үрдісінде  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  мүмкіндіктерін  пайдалануға  толық  дайын  болып  шығады. 

Негізінен  болашақ  мұғалімдерді  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындау 

студенттің оқу орнында алған білімді тәжірибеде жүзеге асыра алу дәрежесімен 

өлшенеді. Сонымен, болашақ мұғалімдерді тәрбие үрдісіне дайындауда БАҚ-ты 

пайдалану  өз  кезегінде  мұғалімдердің  кәсіби  мамандығынан  туындайтын 

мотивациялық-мақсаттылық,  мазмұндық-әрекеттілік  және  бағалау-нәтижелілік 

компоненттерін  құрайды.  Ал  бұлардың  барлығы  нақты  өлшемдер  мен 

көрсеткіштердің көмегімен шешімін табады.  

Осы  модельдің  негізінде  студенттердің  бойында  зерттелетін  қасиеттердің 

қалыптасу  деңгейлері  анықталды.  Олар  өлшемдер  мен  көрсеткіштердің 

арақатынасын (төмен, орташа, жеткілікті, жоғары) бейнелейді. 



Төмен  деңгей  –  тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудағы  БАҚ-тың  мәнін 

сезінбейді, тәрбие үрдісінде БАҚ-ты пайдалануға байланысты білім, білік және 

дағдыларды 

игеруге 


қызығушылықтары 

төмен. 


БАҚ-тың 

қоғамның 

дамуындағы  ролі  мен  оларды  тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруда  пайдалану 

қажеттілігін саналы түрде түсінбейді. Қазіргі ақпарат құралдары туралы таным-

түсінігі  төмен,  білім,  тәрбие  мәселесіне  арналған  бағдарламаларды  ажырата 

білу қабілеті төмен, оларды оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда 

пайдалануға  байланысты  түсініктері  қалыптаспаған.  БАҚ-тың  білім  беру, 

тәрбие және дамытушылық мүмкіндіктерін тәжірибеде пайдалана алу іскерлігі 

төмен.  БАҚ  мүмкіндіктерін  тәрбие  үрдісінде  пайдалануға  байланысты  өзінің 

даярлықтарын бағалай алмайды, өз іс-әрекетіне нақты бақылау жасай алмайды, 

тәрбие  үрдісінде  БАҚ-ты  пайдалануға  байланысты  білім,  білік,  дағдысының 

деңгейін анықтай алу іскерлігі қалыптаспаған. 



 

24 


Орташа  деңгей  –  тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудағы  БАҚ  мәнін  сезінеді, 

тәрбие үрдісінде пайдалануға байланысты білім, білік және дағдыларды игеруге 

қызығушылықтары бар.  Тәрбие үрдісін меңгеруде БАҚ мүмкіндіктерін танып-

білуге  ықыластары  бар,  оларды  тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруда  пайдалану 

қажеттілігін  саналы  түрде  түсінеді.  Білім,  тәрбие  мәселесіне  арналған 

бағдарламаларды  ажырата  білу  қабілеті  бар,  оларды  оқушылармен  тәрбие 

жұмыстарын ұйымдастыруда пайдалануға байланысты түсініктері орташа түрде 

қалыптасқан.  БАҚ-тың  білім беру,  тәрбие  және  дамытушылық  мүмкіндіктерін 

тәжірибеде пайдалана алу іскерлігі орташа деңгейде қалыптасқан. Өзінің БАҚ 

мүмкіндіктерін  тәрбие  үрдісінде  пайдалануға  байланысты  даярлықтарын 

бағалай  алады,  өз  іс-әрекетіне  бақылау  жасай  алады,  тәрбие  үрдісінде  БАҚ 

пайдалануға  байланысты  білім,  білік,  дағдысының  деңгейін  анықтай  алу 

іскерлігі  орташа деңгейде қалыптасқан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет