ӘӨЖ 378: 37. 015. 3: 07 Қолжазба құқығында



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.04.2017
өлшемі0,65 Mb.
#11062
1   2   3   4   5   6

Жеткілікті  деңгей  –  тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудағы  БАҚ  мәні  мен 

мазмұнынын  түсінеді,  тәрбие  үрдісінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарын 

пайдалануға 

байланысты 

білім, 

білік 


және 

дағдыларды 

игеруге 

қызығушылықтары біршама жоғары. БАҚ-тың қоғам дамуындағы ролін бағалай 

алады,  олардың  мүмкіндіктерін  тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруда  пайдалану 

қажеттілігіне  мән  береді.  Ақпарат  құралдары  туралы  жалпы  түсінігі 

қалыптасқан,  білім  беру  мәселесіне  байланысты  бағдарламаларды  ажырата 

біледі, оларды оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда пайдалануға 

байланысты  түсініктері  жеткілікті  деңгейде  қалыптасқан.  БАҚ-тың  білім, 

тәрбие  беру  мүмкіндіктерін  тәжірибеде  пайдалана  алу  іскерлігі  жеткілікті 

деңгейде  қалыптасқан,  БАҚ  мүмкіндіктерін  тәрбие  үрдісінде  пайдалануға 

байланысты  даярлықтарына  баға  бере  алады,  өз  іс-әрекетіне  бақылау  жасай 

алады,  БАҚ-ты  оқу-тәрбие  үрдісінде  пайдалануға  байланысты  білім,  білік, 

дағдысының деңгейін анықтай алу іскерлігі жеткілікті деңгейде қалыптасқан. 



Жоғары деңгей – тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы БАҚ-тың мәнін саналы 

түрде толық сезінеді, тәрбие үрдісінде БАҚ-ты пайдалануға байланысты білім, 

білік  және  дағдыларды  игеруге  қызығушылықтары  жоғары.  Тәрбие  үрдісін 

меңгеруде  БАҚ  мүмкіндіктерін  танып-білуге  ықыластары  жоғары,  БАҚ-тың 

қоғам дамуындағы ролін нақты түсінеді, оларды тәрбие үрдісін ұйымдастыруда 

пайдалану  қажеттілігін  саналы  түрде  түсінеді  және  қазіргі  ақпарат  құралдары 

туралы  таным-түсінігі  жоғары  деңгейде.  Білім,  тәрбие  мәселесіне  арналған 

бағдарламаларды  ажырата  білу  қабілеті  қалыптасқан,  оларды  оқушылармен 

тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  пайдалануға  байланысты  түсініктері 

жоғары  деңгейде  қалыптасқан.  БАҚ  білім  беру,  тәрбие  және  дамытушылық 

мүмкіндіктерін  тәжірибеде  пайдалана  алу  іскерлігі    жоғары  деңгейде 

қалыптасқан.  Өзінің  БАҚ  мүмкіндіктерін  тәрбие  үрдісінде  пайдалануға 

байланысты даярлықтарын толық бағалай алады, өз іс-әрекетіне толық бақылау 

жасай  алады,  тәрбие  үрдісінде  БАҚ-ты  пайдалануға  байланысты  білім,  білік, 

дағдысының деңгейін айқындауға дағдыланған. 

Қарастырылып  отырған  болашақ  мұғалімдерді  БАҚ  арқылы  тәрбие 

үрдісіне дайындықтарын қалыптастыру компоненттері өзара бір-бірімен тығыз 

байланысты және аталған дайындықтың нақты құрылымын құрайды.  



 

25 


Кесте  1  −

 

Болашақ  мұғалімдердің  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындықтарын  қалыптастыру  өлшемдері  мен 



көрсеткіштері    

    Компонеттері 

                Өлшемдері 

                      Көрсеткіштері 

Мотивациялық-

мақсаттылық 

Болашақ мұғалімдердің  тәрбие үрдісін 

дайындығын  қажетсінуі,    бұқаралық 

ақпарат 

құралдарының 

тәрбиелік 

мүмкіндіктерін 

білуге 

деген 


қызығушылығын 

қанағаттандыру, 

мұғалімдік 

мамандықты 

меңгерудегі 

қабілеттерін 

дамыту, 

таңдаған 

мамандығының  мәнін 

түсіну, 


өзінің 

болашақ  білім  және  тәрбие  беруші 

ретіндегі 

қоғамдағы 

орнын 

білу 


мотивтерінің бар болуы 

-  болашақ  мұғалімнің  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындаудың  аса  қажеттілігін 

саналы түрде сезінуі; 

-  студенттердің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы 

тәрбие үрдісіне дайындалуға қызығушылықтарының болуы; 

-  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мүмкіндіктерінің 

тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы  маңыздылығын түсінуі; 

- бұақаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне 

бейімделуге  байланысты  білімін  толықтыруға  ықыласының 

жоғары болуы; 

-  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы    тәрбие    

үрдісіне дайындаудың  мақсатын   саналы түрде   түсінуі. 

Мазмұндық-әрекеттілік 

Болашақ  мұғалімдердің  бұқаралық 

ақпарат 


құралдары 

туралы 


жалпы 

түсініктерінің бар болуы; 

Болашақ 

мұғалімдердің 

тәрбие 

үрдісіндегі 



іс-әрекетінің 

мәні, 


ерекшеліктері  және  бұқаралық  ақпарат 

құралдары 

арқылы 

тәрбие 


үрдісіне 

дайындығының  болуы  туралы  білімін 

арттыру. 

 

 -бұқаралық 



ақпарат 

құралдарымен 

байланысты 

терминдерді қажетті деңгейде білуі; 

-  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне 

дайындықтың  мәні,  түрлері  және  оларды  пайдалану 

ерекшеліктері туралы білімдерінің болуы; 

-  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісін 

ұйымдастырудағы  басты  қағидаларды,  заңдылықтарды 

ұстануға байланысты шеберліктерінің болуы. 

-

 

 



Бағалау-нәтижелілік 

Болашақ  мұғалімдердің  бұқаралық 

ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне 

дайындығына өзіндік баға бере білуі. 

-  өзінің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы    тәрбие 

үрдісіне даярлық деңгейлерін    бағалай білуі; 

- өз іс-әрекетіне бақылау жасауы; 

-өзінің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  материалдары 

негізінде  тәрбие  үрдісін  ұйымдастыру  деңгейін  айқындай 

алуы.  


 

 

26 


Көрсетілген компоненттер құрамын нақтылы байыту, олардың жоғары оқу 

орнындағы 

оқу-тәрбие 

үрдісінде 

жүзеге 

асырылуы 



қалыптастыру 

экспериментінің нысанасын құрады.  

Зерттеу  жұмысымыздың  міндеттеріне  сәйкес  болашақ  мұғалімдерді  БАҚ 

арқылы тәрбие үрдісіне дайындаудың педагогикалық жүйесі жасалды. Салалық 

ғылыми  түсіндірме  сөздікте:  педагогикалық  жүйе  –  адамды  дамыту 

мақсатындағы  жетістіктерге  жеткізуші  барлық  факторлардың  біртұтас  бірлігі 

деген түсінік беріледі.  Ал педагогикалық жүйенің белгілері:  

1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы;  

2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 

3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 

4) құрауыштар арасында ортақ қасиеттердің пайда болуы.   

Кең  ауқымда  алғанда,  педагогикалық  жүйе  –    қызметі  педагогикалық 

стратегиялық мақсаттардың қайнар көзі және олардың жетістігінің құралы және 

басқарудың күрделі  әлеуметтік динамикалық жүйесінің түрі болып табылатын 

қадамдар  бірлестігі.  Кез  келген  педагогикалық  жүйеде  оқыту  және  тәрбие 

үрдісі  оқыту  мен  тәрбие  саласындағы  педагогикалық  мақсаттар  мен  жаңа 

міндеттердің  пайда  болуы,  оқу  ақпаратының  тұрақты  жаңартылып,  соның 

негізінде  оқу  пәндерінің  қалыптасуы  жағдайы  жүзеге  асады.  Өзгерістерге  сай  

оқыту  мен  тәрбиелеудің  ескілерін  жетілдіру  және  жаңа  әдістер  мен  түрлерін 

қалыптастыру  үрдісі  жүзеге  асырылады.  Динамикалық  жүйе  шеңберінде  

педагогикалық  жүйені  дамушылар  қатарына  қосуға  болады.  Себебі, 

педагогикалық  жүйе  де  құрылымдық,  функционалдық  және  тарихи  аспектілер 

тұрғысынан  қоғамдық,  әлеуметтік  және  ғылыми-техникалық  прогресс  сияқты 

жетілдіріледі,  өркендейді.  Педагогикалық  жүйе  оқу  мен  тәрбиедегі  қоғамның 

саналы  сұранысын  білдіретін  белгілі  мақсаттарға  сәйкес  пайда  болады,  

құрылады  және  әрекет  етеді.  Біздің  болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындауға  байланысты  жасаған 

педагогикалық жүйеде ең алдымен жұмыс бағдарламаларына өзгерістер енгізу, 

білімді  жетілдіре  түсу  үшін  арнайы  курс,  арнайы  семинар  енгізу  мәселесі 

ескерілді.  Сондай-ақ  отандық  интерактивті  бағдарламалардың,  оқу-тәрбие 

үрдісіне қатысты басылымдардың, балалар мен ата-аналарға және тәрбиешілер 

мен  жалпы  білім  беру  мектептерінің  басшыларына  арналған  басылымдарды 

жүйелеуге  тырыстық.  Мұндай  жүйелеудің  нәтижесінде  еліміздің  электрондық 

ақпарат 


құралдарында 

тәрбие 


үрдісін 

ұйымдастыруға 

қажетті 

бағдарламалардың  бар  екендігіне  көз  жеткіздік.  Олардың  бағыт-бағдарлары 

мен  мақсаттарын,  ұстанған  принциптерін  талдау  бізге  отандық  электрондық 

ақпарат 


құралдарының 

тәрбие 


үрдісіне 

пайдалы 


дүниелерді 

аз 


ұсынбайтындығын  көрсетті.  Қазақстанда  шығатын  басылымдардың  саны  мен 

сапасын, ұстанған бағыттарын анықтау және оларға талдау жасаудың  негізінде 

жасайтын  тұжырым,  қазіргі  уақытта  мектеп  мұғалімдерінің  педагогикалық 

қызметтерін  тиімді  ұйымдастыра  алуы  үшін  мемлекет  тарапынан,  сондай-ақ 

басылымдар  тарапынан  барынша  жағдайлар  жасалған.  БАҚ  арқылы  тәрбие 

үрдісіне дайындаудың педагогикалық жүйесі 4 - ші суретте ұсынылып отыр. 



 

27 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Сурет 4 −  Болашақ мұғалімдерді БАҚ арқылы тәрбие үрдісіне дайындаудың педагогикалық жүйесі 

Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне дайындау 

Білім 

мазмұны: 



-жалпы  білім 

беру 


пәндері( фило

софия, 


психология, 

әлеуметтану); 

- базалық пән-

дер(педагоги-

ка негіздері, 

тәрбие тео-

риясы, тәрбие 

жұмысының 

технологиясы, 

-кәсіби 


пәндер.  

 

Білім 



мазмұнын 

жетілдіру: 

Арнайы курс: 

«БАҚ арқылы 

тәрибе 

үрдісіне 



дайындау 

әдістемесі».  

Арнайы 

семинар: 



«Болашақ мұ-

ғаімдердің ақ-

параттық мә-

дениетін қа-

лыптастыру» 

Мерзімді 

басылымдар: 

1.Республикалы

қ, аймақтық; 

2. Педагоги-

калық басы-

лымдар: 


- ғылыми; 

- әдістемелік; 

- Мектеп 

оқушылары мен 

ата-аналарға 

арналған; 

-ЖОО газеті. 

Оқу құралдары: «Баспасөз және тәрбие мәселесі», «Студенттерді тәрбие жұмыстарына дайындауда бұқаралық ақпарат 

құралдарын пайдалану», «БАҚ-ты мектепте пайдалану әдістемесі»; «БАҚ-ты тәрбие жұмысында пайдаланудың 

теориялық және әдістемелік негіздері». Оқу-әдістемелік құрал: «Бұқаралық ақпарат құралдары материалдары 

негізінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру»    

 

 



О

қы

ту



 қы

зм

еті



 

А

уд



ит

ор

ия



да

н т


ы

с ж


ұм

ы

ст



ар

ғы



лы

м

и



-зе

рт

те



у ж

ұм

ы



ст

ар

ы



ст

уд



ен

тт

ер



 кл

уб

ы



, ү

йір


м

ел

ер



.  

Телерадиобағ-

дарламалар: 

«Білім арнасы» 

бағдарламасы; 

- интерактивті-

танымдық 

бағдарламалар; 

-телерадио-

олимпиадалар. 

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне  дайындығы қалыптасқан   студент 


 

28 


Зерттеу  жұмысымыздың  болжамы  мен  міндеттеріне  сәйкес  жасалған 

модель және педагогикалық жүйені сынақтан өткізу және тиімділігін дәлелдеу 

мақсатында  педагогикалық  мамандықтар  студенттері  арасында  тәжірибелік-

эксперименттік жұмыстар жүйесі жүргізілді. Ол айқындау, қалыптастыру және 

бақылау эксперименттері арқылы іске асырылды.

 

Зерттеу  проблемасы  бойынша  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстарды 



жүргізу  үшін  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті 

педагогикалық  факультетінің  мамандықтарының  барлық  курстарын  қамти 

отырып,  анықтаушы  экспериментте  жоғары  курстармен  қатар,  төменгі 

курстардың  студенттері  де  қамтылды.  Өйткені,  педагогикалық  мамандықты 

таңдаған  студенттердің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жайындағы,  олардың 

қоғам дамуындағы ролі мен орны және атқаратын функциялары туралы қандай 

да  бір  түсініктері  мектептегі  білім  алу  кезінен  болуы  тиіс  деп  есептедік. 

Анықтау  жұмыстары  студенттер  жалпы  білім  беретін  міндетті  пәндерді  және 

бірнеше базалық пәндердің мазмұнын игергеннен кейін жүргізілді. Мақсаты  – 

студенттердің  БАҚ  туралы  түсініктерін,  олардың  бүгінгі  күні  тәрбие  ісіне 

қатысын білуі, елімізде қандай ақпарат құралдары бар, олардың ішінде жастар 

мен  жасөспірімдерге,  мектеп  мұғалімдеріне,  ата-аналарға  бағытталғандары 

жайындағы  қандай  білімдері  бар  екендігін  анықтау.  Сондай-ақ  болашақ 

мұғалімдерді  БАҚ арқылы  тәрбие үрдісіне дайындауда жоғары педагогикалық 

оқу  орындары  оқу-тәрбие  үрдісінің  мүмкіндіктерін  пайдалану  жағдайын 

анықтау  негізгі  мақсатымыз  болды.  Ол  үшін  студенттер  арасында  әңгімелесу, 

сауалнама  жүргізу,  интервью  алу,  мини  шығарма,  эссе  жазу,  тестілеу  сияқты 

зерттеу  әдістері  пайдаланылды.  Осы  айқындау  эксперименті  кезінде  біз 

студенттердің  жеткіншек  тәрбиесінде  БАҚ-тың  алатын  орнын  қалай 

бағалайтындықтары, олардың қоғам дамуындағы орны туралы нақты білімдерін 

анықтауға  тырыстық.  Анықтаушы  эксперименттің  қорытындыларына  талдау 

жасау  барысында  студенттердің  БАҚ  жайында,  олардың  жастар  мен 

жасөспірімдердің  өміріне  ықпалын  сезінетіндігі  туралы  жалпы  түсініктерінің 

бар  екендігінен  мағлұмат  алдық.  Анықтау  эксперименті  арқылы  болашақ 

мұғалімдердің  БАҚ-тың  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  функцияларын  ажырата  білуі 

және  олардың  мүмкіндіктерін  тәрбие  үрдісіне  пайдалана  білу  іс-әрекетіне 

дайындықтарының 

төмен 


деңгейінің 

басым 


екендігі 

анықталды.  

Экспериментке  жалпы  саны  1150  студент  қатысты  (оның  557  –і  эксперимент 

тобы,  ал  593  бақылау  тобы).  Әртүрлі  педагогикалық  анықтау  әдістерінің 

нәтижесінде студенттердің БАҚ арқылы тәрбие үрдісіне дайындығының төмен 

екендігін  анықтап  алған  соң,  одан  әрі  осы  кезеңде  қарастырылып  отырған 

мәселенің оқу-тәрбие үрдісінде қаншалықты қамтылғанын анықтау мақсатында 

барлық  педагогикалық  мамандықтарға  арналған  Қазақстан  Республикасы 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандарттары  сарапталды,  атап  айтқанда: 

ҚР  МЖМБС  5.03.  001-2004.  050102  –  Бастауыш  оқытудың  педагогикасы  мен 

әдістемесі  мамандығы.  Алматы,  2004;  ҚР  МЖМБС  3.08.252-2006.  050102  – 

Бастауыш  оқытудың  педагогикасы  мен  әдістемесі  мамандығы.  Алматы,  2006; 

ҚР  МЖМБС  3.08.253-2006.  050103-Педагогика  және  психология  мамандығы. 

Алматы,  2006;  ҚР  МЖМБС  3.08.256-2006.  050106-Музыкалық  білім 



 

29 


мамандығы.  Алматы,  2006;  ҚР  МЖМБС  3.08.258-2006.  050108  -Дене 

шынықтыру және спорт мамандығы. Алматы, 2006; ҚР МЖМБС 3.08.258 -2006. 

050119  –  Шет  тілі:  екі  шет  тілі  мамандығы.  Алматы,  2006.  Сондай-ақ,  жұмыс 

оқу  жоспарлары,  типтік  және  жұмыс  бағдарламалары,  оқу,  оқу-әдістмелік 

құралдары  талданды.  Аталған  жұмыстардың  нәтижесінде  бүгінгі  күні  бұл 

маңызды  құжаттарда  БАҚ-ты  оқу-тәрбие  үрдісіне  ендіру,  олардың 

мүмкіндіктерін  назардан  тыс  қалдырмау  сияқты  мәселелердің  қамтылуы 

туралы  нақты  деректер  жинақталды.  Анықтау  экспериментінің  нәтижесінде 

мамандарды  дайындау  бойынша  маңызды  құжаттарда  бұқаралық  ақпарат 

құралдарын  оқу-тәрбие  үрдісінде  пайдалануға  байланысты  мәселелер  тым  аз 

көлемде  берілгенін  анықтадық.  Оларда  тәрбие  мен  БАҚ-тың  байланысы 

жайында элементтері ғана берілгендігін ескере отырып, жоғары педагогикалық 

оқу орындары оқу-тәрбие үрдісінің болашақ мұғалімдерді БАҚ арқылы тәрбие 

үрдісіне  дайындаудағы  мүмкіндіктері  анықталы.  Сондықтан,  бұл  мәселелер 

бойынша  кемшіліктерді  жою  мақсатында  әртүрлі  ұйымдастырушылық 

жұмыстар  жүйесі  жоспарланып,  оларды  жүзеге  асырудың  әдістері  мен 

формалары дайындалды. 

Ал қалыптастыру эксперименті кезінде болашақ мұғалімдерді БАҚ арқылы 

тәрбие үрдісіне дайындау моделін және педагогикалық жүйені сынақтан өткізу 

және оның тиімділігін дәлелдеуге байланысты жұмыстар ұйымдастырылды. Ол 

үшін төмендегідей педагогикалық жұмыстар жүйесі жасалды: 

- жалпы білім беру пәндерінің бағдарламаларына және олардың мазмұнына 

өзгерістер ендірілді; 

-  базалық  білім  беру  пәндерінің  бағдарламаларына  және  мазмұнына 

өзгерістер мен толықтырулар ендірілді; 

-  арнайы  курс  және  арнайы  семинар  бағдарламалары  дайындалып,  

сынақтан өткізілді; 

-  педагогикалық  практика  кезінде  студенттердің  теориялық  білімдері 

бекітілді; 

-  әртүрлі  аудиториядан  тыс  жұмыстар  (ғылыми-зерттеу  жұмыстары, 

үйірмелер, клуб) ұйымдастырылды. 

Қалыптастырушы экспериментті жүргізу барысында болашақ мұғалімдерді 

БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындау  моделі  мен  студенттерде  зерттеліп 

отырған сапаның қалыптасуына салыстырмалы түрде талдау нәтижелері негізге 

алынды.  Аталған  жұмыстар  жүйесін  жүзеге  асыру  үшін  үшінші  курстардың 

яғни,  арнайы  цикл  пәндерінің  мазмұнын  меңгеріп  және  алғашқы  сабақ  беріп 

көру  практикасынан  өткеннен  кейінгі  кезеңді  қамтыды.  Бұл  аралықта 

студенттерде  белгілі  дәрежеде  БАҚ-ты  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда 

пайдалануға  қатысты  кәсіби  дайындықтарының  артқанын  көруге  болады. 

Қалыптастыру  экспериментін  тиімді  ұйымдастыру  мақсатында  бірнеше 

кезеңдерді  қамти  отырып,  ең  алдымен  болашақ  мұғалімдердің  бұқаралық 

ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындықтарының  мотивациялық-

мақсаттылық  компоненттерін  қалыптастыру  көзделді.  Ол  үшін  төмендегідей 

зерттеу міндеттері қойылды, атап айтқанда: 



 

30 


- болашақ мұғалімнің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісін 

ұйымдастыра  алуға  дайындығының  болуының  қажеттілігін  саналы  түрде 

сезінуіне әсер ету ; 

- әртүрлі педагогикалық, психологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, 

студенттердің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне 

дайындалуға қызығушылықтарын оятудың жолдарын іздестіру; 

-  студенттердің  тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудағы  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  мүмкіндіктерінің  маңыздылығын  түсінуге  ықпал  етуді  бір  жүйеге 

келтіру; 

-  студенттердің  базалық  пәндердің  мазмұнына  өзгерістер  енгізу 

нәтижесінде  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  бейімделуге  байланысты  білімін 

толықтыруға ықыласының жоғары болуын қамтамасыз ету жолдарын табу; 

-  студенттердің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне 

дайындау мақсатын   саналы түрде   түсінуін қамтамасыз етуге қол жеткізу. 

Бұл  қойылған  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  ең  алдымен  педагогикалық 

мамандықтар  бойынша  жалпы  білім  беру  және  базалық  пәндердің  мазмұнына 

толықтырулар  мен  өзгерістер  ендіру  қолға  алынды.  Атап  айтқанда  «Жалпы 

педагогиканың  негіздері»,  «Тәрбие  теориясы»,  «Дидактика»,  «Тәрбие 

жұмысының  технологиясы»,  «Ғылыми  педагогикалық  зерттеу  әдістемесі» 

пәндерінің  мазмұндарына  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  оқу-тәрбие 

үрдісінің  өзара  байланысын  нақтылай  түсетін  сұрақтарды  енгізу  мәселесі 

негізгі міндеттердің бірі. Әсіресе, «Тәрбие теориясы», «Тәрбие жұмыстарының 

технологиясы»  пәндерінің  қаралатын  мәселелерінің  сағат  көлемінің  төрттен 

бірі  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мән  мазмұнын  ашуға,  оларды  тәрбие 

жұмысында  пайдалану  ерекшеліктеріне  арналды.  Оларды  нақты  жүзеге  асыру 

үшін  аталған  пәндер  бойынша  оқу-әдістемелік  кешендер  жасалды.    Сонымен 

қатар,  арнайы  курс,  арнайы  семинар  енгізу  өте  маңызды  шараның  бірі  болып 

табылды.  Атап  айтқанда,  «Бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

жұмыстарын  ұйымдастыру  әдістемесі»  атты  арнайы  курс  (2  кредит)  және 

«Тәрбие  үрдісінде  бұқаралық  ақпарат  құралдары  материалдарын  пайдалану» 

атты  арнайы  семинар  (1  кредит)  бағдарламасы  жасалып,  олар  сынақтан 

өткізілді.  Арнайы  курс  пен  арнайы  семинардың  мақсаты  –  болашақ 

мұғалімдерді  мектепте  оқушыларға  тәрбие  беруде  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  игеруге  даярлау  туралы  теориялық 

білімдермен және алған білімдерін мектепте тиімді пайдалана білу іскерлігімен 

қаруландыру,  оларды  мектептегі  әртүрлі  тәрбиелік  шараларды  ұйымдастыра 

алуға  дайындау.  Сондай-ақ,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  балалардың 

интеллектуалдық, рухани, мәдени тұрғыдан дамуына тигізіп отырған пайдасын 

болашақта іс-тәжірибеде пайдалана алуға үйрету.  Аталған мақсатқа жету үшін 

төмендегідей міндеттер қойылды: 

-      студенттерді  БАҚ-тың  қоғамдағы  алатын  орны  және  оның  жеткіншек 

тәрбиесіне ықпалы туралы теориялық біліммен қаруландыру; 

-  болашақ  мұғалімдердің  БАҚ  мүмкіндіктерін  оқушы  тәрбиесіне 

пайдалануға  әдістемелік  және  технологиялық  тұрғыдан    дайындығын 

қаматамасыз ету; 


 

31 


-  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  БАҚ-ты  пайдаланудың  жолдарын 

анықтау бойынша студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарға  баулу; 

-  шетелдік  мектептерде  БАҚ-тың  мүмкіндіктерін  оқу-тәрбие  үрдісінде 

пайдалану жайынан теориялық тұрғыдан жан-жақты мағлұмат беру. 

Арнайы курс пен арнайы семинардың мазмұнын игеруге қажетті оқу, оқу-

әдістемелік құралдар дайындалып, студенттер барлық  қажетті материалдармен 

қамтамасыз етілді. 

Болашақ  мұғалімдерді  тәрбие  үрдісіне  дайындауда  БАҚ  мүмкіндіктерін 

пайдалануға  дайындаудың  қалыптастыру  экспериментінің  бірінші  кезеңінде, 

яғни  мотивациялық-мақсаттылық  компоненттерін  қалыптастыруда  базалық 

пәндердің алатын орны ерекше екендігі одан әрі нақтыланды. Өйткені, базалық 

пәндердің  мазмұны  мәселе  бойынша  жалпы  түсініктерді  қалыптастырумен 

қатар, негізгі түсініктерді қалыптастыруда басты орынды алады. 

Қалыптастыру  экспериментінің  бірінші  кезеңінің  соңында  болашақ 

мұғалімдерді  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  мотивациялық-мақсаттылық 

компонентін  қалыптастыру  бағытында  жүргізілген  жұмыстардың  сапасын 

анықтау  мақсатымен,  оның  ішінде  аталған  курстардың  даярлық  сапасына 

нәтижелі ықпал ететіндігін бақылауда студенттердің сабақтағы іс-әрекеттеріне 

бақылау  жүргізілді.  Ол  үшін  дәстүрлі  анықтау  жұмыстары,  атап  айтқанда 

арнайы дайындалған сұрақтардан тұратын сауалнамалар, тестілеу әдісі, шағын 

шығармалар  жаздыру  сияқты  шаралар  ұйымдастырылды.  Сондай-ақ, 

студенттердің  педагогикалық  практика  кезіндегі  іс-әрекеттері  бақыланды. 

Жүргізілген  әртүрлі  зерттеу  жұмыстары  бойынша  алынған  нәтижелерге 

жасалған  талдаулар  эксперимент  тобындағы  студенттердің  әртүрлі  деңгейдегі 

сауалнамаларға  сенімділікпен  жауап  бергендіктерін,  тиісті  деңгейде  БАҚ 

туралы  түсініктерінің  қалыптасқандығын  көрсетті.  Аталған  жұмыстар  жүйесі 

эксперимент  топтарындағы  студенттердің  бүгінгі  күні  БАҚ-тың  тәрбие 

үрдісіндегі ролі артып отырғандығы, сондықтан оларды мектеп оқушыларының 

тәрбие  үрдісінде  пайдалану  қажеттілігінің  өте  жоғары  екендігін  толық 

сезінетіндіктерін  көруге  болады.  Студенттердің  басым  көпшілігінің  отандық 

БАҚ-ға мән бере бастағандығын, оларды ұстанған бағыттарына қарай анықтай 

білетіндей  деңгейлерінің  қалыптасқандығы  байқалды.  Ақпараттық  әлемдегі 

өзгерістерді,  олардың  жасөспірімдердің  санасына  әсерін  анық  көрсете 

алатындай  және  бұл  мәселенің  педагогикалық  проблема  жағдайына  жетіп 

отырғандығын  нақты  біледі.  Бақылау  тобының  студенттеріне  қарағанда 

эксперимент  тобының  студенттерінің  басым  бөлігі  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  мен  тәрбие  үрдісінің  байланысы  туралы  түсініктерінің 

қалыптасқандығын көрсетуде өздерін сенімді ұстайды. 

Келесі  кезең  болашақ  мұғалімдердің  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне 

дайындығының мазмұндық-әрекеттілік компонентін қалыптастыруға негізделді. 

Оны жүзеге асыру үшін төмендегідей зерттеу міндеттері қойылды: 

-    бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  байланысты  терминдерді  қажетті 

деңгейде білуін қамтамасыз ету; 

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне дайындықтың мәні, 

түрлері және оларды пайдалану ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру; 


 

32 


-  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудағы 

басты  қағидаларды,  заңдылықтарды  ұстануға  байланысты  шеберліктерін 

шыңдау. 

Аталған  зерттеу  міндеттерін  шешу  мақсатында  студенттерде  тәрбие 

үрдісіне  дайындықты  қалыптастыруда  негізгі  болып  табылатын  пәндер 

бойынша  (жалпы  педагогика  негіздері,  тәрбие  теориясы,  тәрбие  жұмысының 

технологиясы,  педагогиканың  ғылыми-зерттеу  әдістері)  оқу-әдістемелік 

кешендер дайындалды. Сонымен қатар, болашақ мұғалім мамандардың БАҚ-ты 

тәрбие  үрдісінде  пайдалануға  байланысты  дайындықтарын  қалыптастыруға 

қажетті оқу, оқу-әдістемелік құралдары дайындалып, ұсынылды. 

Зерттеу  жұмысымыздың  қалыптастыру  экспериментінің    екінші  кезеңінің 

соңында  студенттерде  қалыптасқан  дайындық  деңгейлерін  анықтауға 

байланысты  дайындалған  тапсырмалар  жүйесі  олардың  меңгерген  білімдері 

туралы  мәліметтер  алуға  мүмкіндік  берді.  Берілген  тапсырмаларды  орындау 

барысына  және  оларға  жасалған  жан-жақты  талдау  студенттерде  бұқаралық 

ақпарат  құралдарын  тәрбие  үрдісінде  пайдалануға  негізделген  білім, 

біліктерінің,  яғни  мазмұндық-әрекеттік  компонеттерінің  көрсеткіштерінің 

біршама  қалыптасқандығын  байқаймыз.  Осылайша  алынған  нәтижелер  екінші 

кезеңде  жүргізілген  жұмыстардың  нәтижелігін  көрсетті.  Бірақ,  болашақ 

мұғалімдердің  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруға  дайындығын 

қалыптастыруда  олардың  алған  білімдерін  іс-тәжірибеде  қолдана  білуін  өзінің 

бағалай  алуы  өте  маңызды  мәселе.  Сондықтан  қалыптастыру  экспериментінің 

үшінші кезеңінде жоспар бойынша педагогикалық практика, үйірме және клуб 

жұмыстары жүзеге асырылды. Өйткені, қалыптастыру экспериментінің үшінші 

кезеңінде  біз  болашақ  мұғалімдердің  бағалау-нәтижелілік  компонентін 

қалыптастыру  мәселесіне  көңіл  бөлдік.  Бұл  мәселені  жүзеге  асыру  үшін 

төмендегідей зерттеу міндеттері қойылды: 

-  студент  өзінің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы    тәрбие  үрдісіне   

дайындық деңгейлерін   бағалай алуын қалыптастыру; 

- өзінің іс-әрекетіне бақылау жасай білу қабілетін қалыптастыру; 

-  өзінің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  материалдары  негізінде  тәрбие 

үрдісін ұйымдастыру деңгейін айқындай білу біліктілігін қалыптастыру. 

Бітіруші  студенттердің  алған  білімдерін  іс-тәжірибеде  пайдалана  білу 

іскерліктерін тексеруде олардың соңғы курстағы мемлекеттік практикалары кең 

мүмкіндіктер  береді.  Бұл  практика  кезінде  студенттер  4  жыл  бойы  алған 

теориялық  білімдерін  тексеруге,  сол  арқылы  өз  іс-әрекеттерін  бағалай  алуға 

барлық мүмкіндіктері болады. 

Болашақ мұғалімдер үшін педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі 

шарттарына оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу 

сипаты,  педагогикалық  практиканың  мазмұнына  және  ұйымдастырылуына 

комплексті  тұрғыдан  қарау,  жүйелілік,  оны  өткізудегі  қажеттілік    сияқты 

мәселелер  жатады.  Сонымен  қатар,  педагогикалық  практика  кезінде  болашақ 

мұғалім  келесі  кәсіби-педагогикалық  іскерлік  негіздерін  меңгеруге  толық 

мүмкіндік туады: 



 

33 


-

 

оқушылардың жалпы дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау 



мақсатында  оқушы  және  жалпы  сынып  туралы  толық  мәлімет  алуға  жағдайы 

болады; 


-

 

педагогикалық  қызметтің  ағымдағы  және  болашақтағы  жұмыстарды 



жоспарлауын  жүзеге  асыруға  мүмкіндігі  артады  (пән  бойынша  оқу  және 

сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда); 

-

 

оқушылардың оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары 



мен әдістерін пайдалануға кең мүмкіндіктер ашылады. 

Бұл міндеттерді шешу барысында болашақ  мұғалімдер балалармен жұмыс 

жасай  алу  іскерлігіне  байланысты  тәжірибе  жинақтай  алады.  Студенттер 

балалармен  сабақ  үрдісіндегі  қарым-қатынаспен  қатар,  сыныптан  және 

мектептен тыс жұмыстардағы қарым-қатынас барысында оқушылардың тәрбие 

жұмыстарын  ұйымдастыра  алуға  үйренудің  мүмкіншілігіне  ие  болады. 

Сондықтан,  болашақ  мұғалімдерде  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы 

тәрбие 


үрдісіне 

дайындығының 

бағалау-нәтижелілік 

компонентін 

қалыптастыруда  педагогикалық  практика  кезіндегі  жасалған  педагогикалық 

жұмыстар  жүйесінің  орны  ерекше.  Педагогикалық  практика  кезінде  болашақ 

мұғалімдер сынып жетекшісі ретіндегі өздерінің қабілеттерін бағалай алу үшін 

әртүрлі  тәрбиелік  шаралар  ұйымдастырылып,  олардың  негізі  біздің 

эксперименттік  жұмыстарымыздың  міндеттеріне  сай  жасалды.  Шаралардың 

барлығы  дерлік  отандық  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  беріліп  жүрген 

интерактивті-танымдық  бағдарламаларды  негізге  ала  отырып  мектептің 

мүмкіндіктеріне  сәйкестендіріліп  өткізілді.  Әсіресе,  қазіргі  кезде  жастардың 

үлкен  қызығушылықпен  қадағалайтын  «ХХІ  ғасыр  көшбасшысы»,  «Алтын 

қақпа»,  «Атажұрт»,  «Мың  бір  мақал,  жүз  бір  жұмбақ»,  «Азамат»,  «Көкпар», 

«Жүйрік  ой»,  «Баспасөз  конференциясы»  сияқты  шаралар  оқушылар  мен 

болашақ  мұғалімдер  арасындағы  өзара  түсіністікті  қалыптастыруға  мүмкіндік 

берді.  Сондай-ақ  студенттер  мектеп  мұғалімдеріне  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  арқылы  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруға  байланысты 

практикалық  көмек  беруін  қамтамасыз  ету  үрдісі  олардың  өз  іс-әрекеттерін 

бағалауға, теориялық білімдерін бекітуге негіз болды деп ойлаймыз. 

Аталған  шаралармен  қатар,  студенттер  практика  кезінде  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын  жүргізуді  жүзеге  асыру  олардың  дайындықтарында  қалыптасуға 

тиіс  компоненттерді  анықтауға  және  бағалауға  мүмкіндік  берді  және 

университет  қабырғасында  ұйымдастырылған  клуб  жұмысының,  үйірмелерді 

ұйымдастырудың  нәтижесінде  студенттер  аталған  жұмыстарды  негізге  ала 

отырып  шаралар ұйымдастырып, олардың өтілу барысына баға бере алды. 

Педагогикалық  практика  кезінде  студенттердің  БАҚ-тың  интерактивті-

танымдық бағдарламаларына негізделген тәрбиелік шаралардың тізімін ұсынып 

отырмыз. Бұл шаралар студенттердің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда БАҚ 

бағдарламаларын  пайдалана  білу  іскерліктерін  өздерінің  бағалай  алуына 

мүмкіндік берді. 

 

 



 

 

34 


Кесте 2 − БАҚ материалдары негізінде ұйымдастырылатын тәрбиелік    

шаралардың жоспары 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет