ӘОЖ 519.6.513.3/494
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ИНТЕРАКТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ж.Ж. Қожамқұлова, ф.-м.ғ.к,.қауым.
проф.м.а
Н.Б. Дүйсенова, магистр, оқытушы
А. Әсіл, студент
А. Ахмедова, студент
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім
негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық
технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын
қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің
білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық
қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін,
адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -
техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;
оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас
ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім
деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам
бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Түйін сөздер: ACTIVboard, IT, флипчарт, қор беру орны, PDF.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық
оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге,
компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар
коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді
көздейді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты
білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын
педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті
күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның
бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды
құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап
оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің
тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен
«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-
техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне
енді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі
міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»
деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық
және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру
саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға
пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу
бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық-техникалық
кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін
беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны
өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып,
ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы
әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен
құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның
дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -
техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;
оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас
ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім
деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам
бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында
интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің ,
оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі
интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі – inter (бірлесу), act (әрекет жасау)
ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін
емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын
ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша
құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды
біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып
жүргендеріне қысқаша шолу жасайық. ACTIVboard (Promethean компаниясы) –
ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер,
мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы
байланысты іске асырушы құрылғы. Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54
см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады.
ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесі астынан
шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол» сонымен бірге «сол қолмен» жұмыс жасауға қолайлы
құрал. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда
үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен
дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді.
ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып
жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК
басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация
мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз
(ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік беретін құрылғы.
ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық
функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде
жазу жаза алады.
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға,
бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу
әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard
қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды.
ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан
кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады. ACTIVote қолдана отырып: «Тест
дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе
графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тесттің нәтижесін кесте немесе
диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады. Тесттің нәтижесін EXСEL немесе
WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ
барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen
қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері
өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы
эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша
ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Флипчарт – бұл бірнеше
қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға
және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды
бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе
объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан
шығаруға немесе әртүрлі форматтарда экспорттауға болады. «Активті экран» кешені білім
үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға
тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті экран» бағдарламалық-техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта
пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті
жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және
ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа
технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете
алатыны белгілі болды. Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін
интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде
мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай
оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында
мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-
ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске
қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды
ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай
алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді
шешуге көмектеседі :
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
- Алған білімді жүйелеу;
- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек
беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты
меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау
мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі.
Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50%-ға дейін
арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін
танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті
материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік –
бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде
ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы
бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды болуы
тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әртүрлі
сипатқа ие. Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер
өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық
технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Іс тәжірибемде
интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың
шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды
қолданудың маңызының зор екенін байқадым.
Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру
арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту
процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;
Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс -
әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану;
Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы
классикалық әдістерді жетілдіру;
Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер,
телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия-технология, интерактивті
құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын
жетілдіру.
Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде
беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы
батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның
алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді.
Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап
қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі
бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға
электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын ала дайындаған сабақты
оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды
орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру
жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады.
Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды,
құрал-саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып,
оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және
бақылап отырады.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады.
Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген
мұғалім мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға
болады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір
ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті
қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу
материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың
жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен,
«Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық
мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық
материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті
тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет
қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі
ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон
ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы
географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон
ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және
сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
а) Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру
арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту
процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану.
б) Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-
әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.
с) Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы
классикалық әдістерді жетілдіру [1.35б-40б].
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын,
яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік
редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы
болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды
қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының
дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған
тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жасырамыз. Сабақта
қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим
Microsoft Office барлық мүмкіншілігін ұсынады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ермеков Н., Қараев Ж., Стифутина Н. Информатика 7,8,9 сынып. – Алматы, 2001.
– Б. 75.
2. Амантұрлыұлы Ж., Есжанұлы А., Наурызбайқызы Ә. Информатика және
есептеуіш. – Алматы, 1999. – Б. 82.
3. Камардинов О. Информатика. – Алматы, 2006. – Б. 64.
РЕЗЮМЕ
Ж.Ж. Кожамкулова к.ф.-м.н.и.о.ассоц.проф., Н.Б. Дүйсенова, магистр, препод.
А. Асил, студент, А. Ахмедова, студент
(г.Алматы., Казахский государственый женский педагогический университет)
СОВРЕМЕННЫЕ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАЦИОННЫЕ И
ИНТЕРАКТИВНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
Основное требование для студентов к знаниям информационного общества,
развитие логического мышления информационных технологий и использовать его в
качестве инструмента для реализации программы развития навыков адаптации к
информационному обществу. Если это так, то образ системы образования в мире, чтобы
стать единиц и значение, обеспечивая для создания маршрута через развитие творческих
способностей студентов, что является неотъемлемой частью мировоззрения человека
является способом для формирования интеллектуального развития. Информация блоков:
материально-техническая база школы; Цель политики и целей информационного
общества; формирование информационной культуры студентов; возраст и обучения
способностей студентов, качество преподавания специалистов в уровнях информатики
образования и навыков, обучения и воспитания, в зависимости от направления
информационного общества в направлении взаимного общения.
Ключевые слова: ACTIVboard, ИТ, флип-чарт, Power Point, PDF.
SUMMARY
Zh.Zh. Kozhamkulova, acting associate professor., N.B. Duisenova, master, teacher,
А. Asyl, student, A. Akhmedova, student
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
MODERN INFORMATION AND COMMUNICATION TECHNOLOGIES AND
INTERACTIVE
The main requirement for the information society for students to information and
knowledge, the development of logical thinking skills of information technology and use it as a
tool for the implementation of the development of the skills to adapt to the information society.
If so, the image of the education system in the world to become the units and value, providing
for the establishment of a route through the development of creative abilities of students, which
is an integral part of a person's worldview is a way for the formation of intellectual development.
Information units: the material-technical base of the school; The purpose of the policy and
objectives of the Information Society; the formation of information culture of students; age and
learning abilities of the students, the quality of teaching specialists in informatics education
levels and skills, training and education, depending on the direction of the information society in
the direction of mutual communication.
Keywords: ACTIVboard, IT, flip-chart, Power Point, PDF.
Достарыңызбен бөлісу: |