ӘӨЖ 73. Болашақ бастауыш сынып педагогын дуальді білім беруге даярлаудың жолдары



Дата06.06.2023
өлшемі27,35 Kb.
#99115
Байланысты:
2-курс магистрант Тургельдиева Э.Т. мақаласы


ӘӨЖ 373.3
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ПЕДАГОГЫН ДУАЛЬДІ БІЛІМ БЕРУГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Тургельдиева Э.Е. – 2-курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: Сыдыкова З.Е. – п.ғ.к., аға оқытушы
Орталық Азия Инновациялық университеті


АННОТАЦИЯ
В данной статье рассмотрены пути подготовки будущего педагога начальных классов к дуальному образованию.
ABSTRACT
Тhe content of this article discusses the importance of preparing a future primary school teacher for dual education.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру және құрлымдық жүйелерінің өзара әрекеттестігі мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.


Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту үдірісі басталды. Осыған орай, мамандарды даярлау жүйесінде оқытудың дуалдық жүйесін енгізу тапсырылды. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі- бастауыш сынып педагогтары мамандарын даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады [1].
Дуалды білім беру дегеніміз, ол – техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандарын даярлау деген сөз.
Білім берудің дуалды жүйесін енгізу үрдісі қажет ететін кезеңдер мен келелі мәселелер жиынтығынан тұрады, атап айтқанда:
1. Заңнамалық деңгейде шешімдер қабылдау немесе өзгерістер енгізуді қажет ететін мәселелер;
2. Дуалды білім беру жүйесін методологиялық және әдістемелік негізде көрсететін мәселелер;
3. Мүдделі орталарда (бизнес – құрылымдар, білім алушылар, студенттер, педогогикалық ұжымдар) дуалды білім беру жүйесін жүзеге асыру механизмі мен идеялық негіздерін қозғаумен байланысты мәселелер;
4. Ұйымдастыру мәселелері (оқу үрдісін ұйымдастыру, практикадан (қолданбалы) өтуді ұйымдастыру, оқыту үрдісінің компоненттері);
5. Қаржы мәселелері.
Дуалды білім беру оқу үрдісінде жүзеге асырылуы колледждерде қалыптасты. Экономиканың өндірістік секторлары үшін біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс мамандары аса қажеттілік тудыратын болғандықтан да колледждер базасында дуалды білім беру жүйесін енгізу қарастырылады [2].
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
1. Дайындық кезеңі. Білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының әрекет ету бағдарламалары мен жоспарларын біріктіру жағдайларында дуалды білім беру жүйесін әзірлеу және енгізу:
нормативтік – құқықтық базаны дайындау;
оқу құжаттамасын (оқу жоспарлары, бағдарламалары) әзірлеу және бейімдеу;
штаттық нормативтер, тарификациялау механизмі, оқу кестесін әзірлеу;
ғылыми – әдістемелік, кадрлық, техникалық, жобаны ақпараттық қамтамасыз ету механизмдерін анықтау және әзірлеу.
2. Енгізу кезеңі. Халықпен және әлеуметтік серіктестермен ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Дуалды білім беруді жүзеге асыратын мекемелерді ресурстық қамтамасыз ету, эксперименталдық модульдерді жүзеге асыру.
кәсіби – бағдар қызметі;
оқу – теориялық қызметі;
кәсіби – практикалық қызмет.
3. Қорытынды кезең
Дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша жұмыстар нәтижелерін талдау және жалпылау;
оқыту үрдісінің нәтижелілігін бақылау және талдау бойынша аттестациялық қызмет.
Дуалды білім беру жүйесін енгізу кезінде колледждердің қызмет саласы мен құзыреттілігіне мыналарды жатқызуға болады:
Дуалды білім беру жүйесін енгізу кезінде колледждердің қызметі:
Дуалды білім беру жүйесінің бағыттары:
- колледждің материалдық-техникалық базасын жаңғырту;
- кәсіптік оқытудың дуалды жүйесін енгізу арқылы әлеуметтік әріптестікті дамыту;
- бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін инновациялық технологияларды қолдану;
Әлеуметтік әріптестікті дамыту бағыттары
Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын бірлесе әзірлеу;
Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын қолдану арқылы білім алушылардың тәжірибелік оқуын ұйымдастыру (құралдар мен арнайы жабдықтарды қолдану мүмкіндігі беріледі);
Оқу бітірушілердің қорытынды аттестациясы кезеңінде кәсіпорын өкілдерінің мамандар даярлау сапасын бағалауы;
Бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу;
Ары қарай жұмысқа орналасумен өндірістік тәжірибеден өтуге үшжақты шарттар жасау;.
Кәсіпорындарда арнайы пәндер оқытушыларының сынақ өтулерін ұйымдастыру.
Қазақстанда оқу орындарының басым бөлігі дуалды оқытуға көшуде. Кеңестер заманында техникалық және кәсіптік оқытудың 50 пайызы өндірістік оқытуға негізделген болатын. Ал, Қазақстандық дуалды оқыту жүйесі кәсіпорын, жұмысшы, мемлекет тарапынан біртұтастықта қарастырылады.
Жаңадан енгізілген дуалды оқыту жүйесі төмендегі мәселелерді шешуге оң ықпал етпек:
- қажетті мамандарды анықтау;
- түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету;
- техникалық және кәсіптік білім беру саласын қаржыландыру болып табылады.
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз-теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүниежүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі- Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда білім алушылар уақытының  үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды [3].
Келешекте дуалды білім беру жүйесін іске асыру барысында
Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:
1. Талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі;
2. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;
3. Білім алушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;
4. Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социализация, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;
5. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;
6. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;
7. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;
8. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;
9. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;
10. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.
Дуалды білім беру жүйесінің тиімділігі:
- мамандарды даярлаудың дуалды жүйесі білім берудің дәстүрлі нысандары мен әдістерінің негізгі жетіспеушіліктері – теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жояды;
- даярлаудың дуалды жүйесінің құрылымында маманға әсер етіп, болашақ қызметкердің жаңа психологиясын жасау механизмі жатыр;
- қызметкерлердің дуалды білім алу жүйесі білім алу мен жұмысқа дағдылануға жоғарғы мотивация береді, өйткені олардың алған білімдерінің сапасы жұмыс орындарында атқаратын қызметтік міндеттеріне тікелей байланысты;
- сәйкес мекемелер басшыларының өз қызметкерлерін іс жүзінде оқытуға мүдделілігі;
- тапсырыс берушімен тығыз қатынаста жұмыс істейтін оқу орыны оқу барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді;
- дуалды білім беру жүйесі таяу жылдары Қазақстанның кәсіби оқытуында кеңінен қолданылуы мүмкін.
- мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді;
- еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп – қонуы азаяды, әлеуметтік шиеленіске жол берілмейді.
Дуалды оқыту жүйесі келешекте маманның болашақ кәсібі бойынша жұмыс орнын табу мәселесіне, оқуға да, ынтасына да тікелей әсер етеді. Олар өндіріске маман ретінде бекітіле отырып, оқу барысында ерекше көзқарас қалыптастырып, жауапкерілікті түсініп, қызыға оқиды. Сонымен қатар студент өндірістік  ұжымдағы  қарым-қатынасқа ерте бейімделіп, әлеуметтік ортаға үйренеді. Бұл жерде еңбек нарығында сұраныс болса, жаңа бітірген жас маман жұмысқа тез-ақ орналасатынын ерекше айтып өткім келеді. Ақиқатында жастарға дуалды оқыту жүйесі ересек өмірге өтуге бейімделу жеңіл болады. Оқу барысында өз еңбегіне ақы ала отырып, ал кейін жақсы маман жұмыс орнына кедергісіз орналаса алатын болады. Дуалды оқыту жүйесі Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швейцария сияқты көптеген еуропалық елдерде және соңғы жылдары Қытайда және Азияның басқа да елдерінде кең тараған және оң нәтижеге ие болып отыр және осы дамыған елдердің қатарында Қазақстан Республикасыда биік тұғырдан көрінетіне сенімдімін.  Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз [4]. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жүйесіне қызмет ететіннің барлығы - біздің еліміздің болашағына қызмет етеді» -деп атап көрсеткендей, дуалды білім беру жүйесі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналаса алуына кепілдік береді, демек «Дуалды оқыту - кадрдың бәсекеге қабілеттілігінің кепілі».
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
3. «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жолдары», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы № 4 (13) 2007ж;
4. «Қазіргі білім беру технологияларының әдіснамалық негіздері» ,Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №8 (20) 2008ж;



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет