Əож 802 ОҚушыларды диалогтік оқыту арқылы сыни тұРҒыдан ойлауғА Үйрету



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі148,53 Kb.
#9531

 

 

104 



ƏОЖ 802 

 

ОҚУШЫЛАРДЫ ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СЫНИ ТҰРҒЫДАН 

ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ 

 

Жақсылық А. 

(Тараз мемлекеттік педагогикалық институты) 

 

 



 

Елімізде  болып  жатқан  саяси,  əлеуметтік  жəне  экономикалық  өзгерістер  оқу 

жүйесіне  де  əсер  етіп  жатыр.  Бұл  өзгерістер  мектептерде  жаңа  пəндерді  енгізумен 

қатар,  əдістемелерін  де  өзгерту  қажеттілігін  туғызды.Президентіміз  Н.Ə.Назарбаев 

2012  жылға  арналған  жолдауын  жүзеге  барысында  оқыту  мен  білім  беруді  əлемдік 

тұрғыда  үйлестіру  мақсатында  жаңа  бағадарлама  ұйымдастырылды.  Бұл  бағдарлама 

сындарлы оқыту теориясына негізделген.Бағдарлама мазмұны нəтижеге бағытталған 7 

модульді  қамтиды.  Сол  модульдардың  ішінде  ауқымы  кең  модуль  –  сыни  тұрғыдан 

ойлауға үйрету. [ 10 ] 

Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  қазіргі  таңда  маңызды  модуль.  Себебі,  ол 

балалардың  белсенділігі  мен  білімге  деген  қызығушылығы  мен  қатар  олардың  ойлау 

қабілеті  дамып,  ойлаудың  биік  шыңына  жетеді.  Сондай-ақ  шығармашылық  қабілеті 

артып, кез келген нəрсеге сын көзбен қарай отырып, өзіндік зерттеулер жүргізеді. Сыни 

тұрғыдан  ойлауға  үйретуде  əртүрлі  əдіс-тəсілдер  қолданылады.  Солардың  бірі  əрі 

бірегейі  диалогтік  оқыту  əдісі.  Диалогтік  оқытуды  пайдалана    отырып  сыни  тұрғыдан 

ойлауға  үйретудің  маңыздылығы  өте  зор.  Сонымен  қатар,  бұл  əлі  қанатын  кең  жая 

алмаған оқытудың ең бір жоғары түрі. [6] [7] Диалогтік əдісті пайдалана отырып оқыту 

оқушының:  еркін  ойлануына  мүмкіндік береді,  ақыл-ойын  дамытады;  шығармашылық 

белсенділігін арттырады; ұжымдық іс-əрекетке тəрбиелейді; тіл байлығын жетілдіреді; 

жан-жақты ізденушілігін арттырады. Сондай-ақ мұғалімдер үшін де пайдалы: диалогтік 

əдістерді  пайдалану  арқылы  сабақтың  нақты  мəнін  терең  ашуға  көмектеседі; 

оқушылардың  барлығын  сабаққа  қатыстыруға  мүмкіндік  береді;  əр  оқушының  білім 

деңгейін  анықтауға  болады;  оқушыларды  ізденіске  баулып,  өз  бетінше  жұмыс  істеуге 

үйретеді; оқушылардың барлығын бағалауға болады.  [4 ] 

Диалогтық əңгімені дамытуда ең бастысы – сұрақ қоя білу маңызды. Дұрыс сұрақ 

қою арқылы мыналарды дамыта аламын:  

-оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды; 

-білімге құштарлықты дамытады жəне зерттеуге ынталандырады; 

-оқушылардың 

бір-бірімен 

үйренуіне, 

басқа 


оқушылардың 

идеяларын 

құрметтеуіне жəне бағалауына ықпал етеді; 

-оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді. 

Сыни тұрғыдан ойлаудағы диалог рөлін арттыру мақсатында əзірленген іс-əрекет 

кезінде оқушының талқылауға қатысуы оқушылардың білім деңгейін дамытуда диалог 

жүргізудің  маңызы  зор.  Диалогта  «оқушы  мен  оқытушы»,  «оқушы  мен  мұғалім» 

бірлескен  сұхбаты  құрылады.  Диалогта  оқушылар  тақырып  бойынша  өз  ойларын 

білдіруіне  мүмкіндік  беріледі.  Бір-бірінің  түрлі  идеаларын  тыңдай  отырып, 

оқушылардың  түсінігі  тереңдейді.  Өз  идеаларын  дəлəлдей  біледі.  Оқушының  қандай 

деңгейде  екенін  мұғалімнің  аңғаруына  да  көмектеседі.  Сыныптағы  талқылау 

мұғалімнің  басқаруындағы  тақырып  төңірегінде  оқушының  нені,  қалай  айту  қажеттігі 

сипатында болады.  

 


 

 

105 



«Сыни  ойлауды  дамыту»  жобасы  авторлардың  бірі  Ч.Темпл  диалогті  əдісті 

қодануда  төмендегідей тəсілдерді ұсынады: 

-

 

күтілетін нəтижелерді нақты айқындау; 



-

 

жазба жұмыстарын жиі орындау; 



-

 

оқушылардың ой-өрісін,белсендіретін сұрақтар қою; 



-

 

бірлесе оқу тəсілдерін қолдану; 



-

 

оқыту  пəндерінің  əлеммен,күнделікті  өмірмен  байланысын  орнықтыру. 



Диалогтік  оқыту  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамытудың  негізгі  –  ұстаздар  мен 

оқушыларға  өз  еріктерімен  жəне  бірлесіп  шығармашылық  жұмыс  істеуге  жағдай 

жасайды.  Қазіргі  оқытудың  талаптарына  сай  мұғалім  де,  оқушы  да  жаңаша 

көзқарасты,терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас 

ұрпақтың  көкірегі  ояу,  ізденімпаз,  отаншыл,  шығармашылық  жұмыспен  айналыса 

алатын  дəрежеге  жеткізуіміз  керек  деп  ойлаймын.  Оқушыларға  жаңа  тақырыптарды 

қызықты,түсінікті  етіп  жеткізу  үшін  керекті  тəсілдердің  бірі  ретінде  диалогті  оқыту 

арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  деп  ойлаймын.  Осы  жаңа  əдіс-тəсілдерді 

қолдана отырып, жаңа сабақтың аясында қосымша қызықты деректерді ұсынуға, қиын 

тақырыптарды  əр  түрлі  жұмыс  түрлері  арқылы  жеткізуге,  жаңа  идеяларды  əсерлі  етіп 

көрсетуге  болады.  Бағдарламаның  жеті  модулін  білім  беру  үрдісіне  енгізе  отырып, 

мұғалім  мен  оқушылар  арасындағы  белсенді  қарым-қатынасты  қалыптастырып, 

келешек өмірге жол ашамыз. [ 7 ] 

Диалогтік  оқыту  жəне  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  негізінде  əртүрлі  əдіс-

тəсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нəтижесі бойынша оқушылардың 

сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті мəтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білуі, 

таныс  материалды  меңгеру  қабілеті  біршама  жақсы  нəтижелерге  көтеріледі  деуге 

болады. 


Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйретуде  диалогтік  негізгі  ұстанымдар  бар.  Олар 

төмендегідей: 

1.Танымдық ұстанымы.Егер əр адам «Жаңа түсінік бірлескен жұмыс нəтижесінде 

ғана  қалыптасады»  деген  қағиданы  ұстанса,  онда  ол  əрқашан  да  өзінің  идеялары  мен 

туындаған сұрап, сұрақтарын басқаларға жеткізіп, оларды талқылауға дайын болады. 

2.Психологиялық  алаңдамаушылық.  Диалог  барысында  əр  адамның  ойлары  мен 

идеяларының пікірлері мен көзқарастарын мұқият тыңдалып, олардың сенімсіздік жəне 

күлкіден  қорғалатынын  білсе,  онда  ол  өзін  қарым-қатынастың  тең  дəрежелі  екендігін 

сезінеді. 

3.Қызығу.  Əр  адам  диалогтің  қызық  екенін  түсіну  керек.  Диалог  барысында  əр 

адам  өзін  басты  кейіпкер  ретінде  сезінеді.  Сондай-ақ  диалог  интербелсенді  əдістерді 

қолдануды арқылы диалогке қатысушылардың пікірлерін ортаға салып,талқыға салады. 

Осылайша диалог тиімді əрі нəтижелі болып, қатысушылардың  танымдық мүдделеріне 

сəйкес келеді. [ 9 ] 

Диалогтік əдісті қодануда мұғалім диалогтің екі түрін қолдана алады: 

1.Төмен дəрежелі диалог 

2.Жоғары дəрежелі диалог. 

Күні  бүгінге  дейін  төмен  дəрежелі  диалог  көп  қолданылып  келді.  Мұның  өзі 

жаттанды сабаққа, жаттанды сауалдар мен жаттанды білімге алып келді. Яғни, мұғалім 

төмен  дəрежелі  диалогті  сұрақтар  арқылы  балаға  дайын  білім  берді.  Оқушы  дайын 

білім  алу  арқылы,  алған  білімін  өмірде  қажетті  жағдайда  пайдалана  алмайды.  Ал 

жоғары  дəрежелі  диалогтар  бұл  оймен,  санамен  жұмыс  жасауды  қажет  етеді.  Осы 

орайда оқушылар ізденімпаздығы артады. Зерттеушілік жұмыс жасай бастайды. Өзіндік 

ойы  мен  пікірі  қалыптасады.  Жоғары  дəрежелі  диалог  көмегімен  балада  сын  көзқарас 

туады.  Ол  оқушының  сыни  ойлау  қабілетін  дамытады.  Диалогтік  əдіс  арқылы  сыни 


 

 

106 



тұрғыдан  ойлатудың  нəтижесі  өте  зор  болмақ.  [1]  Солардың  бірнешеуін  атап  айтып 

кетуге болады: 

-

 

оқуда білімді өз бетінше іздеу; 



-

 

білімді терең ұғыну 



-

 

теория мен практиканы біріктіру; 



-

 

бір-біріне құрметпен қарау, мəдениетті қарым-қатынаста болу; 



-

 

өз пікірін жақтай, дəлелдей білу; 



-

 

ізденіс, еркін таңдау, жеке пікір, топпен талқылау; 



-

 

қажет жағдайда көзқарасын өзгерту т.б. 



Сөзсіз  диологті  өз  іс-тəжірибемізде  көптеген  сабақтарда  қолданып  келдік.  Бірақ  

диалогті  қолдану  барысында  көп  жағдайда  сыныптағы  талқылау  мұғалімнің,  яғни 

біздің  тікелей  басқаруымызбен,  тек  тақырып  төңірегінде,  оқулық  көлемінде  берілген 

«жабық»  сұрақтармен  ғана  шектеліп,  сыни  ойлануларына,  ойын  толық  жеткізулеріне 

көңіл  бөлмей  келгенімізді  түсіндік.  Сыни  тұрғыдан  ойлауда    диалогтік  оқыту  əдісті 

қолдану арқылы оқытуда оң нəтижеге жетуге болатыны анық дəлелденілген. [3] Диалог 

арқылы  оқытудың  басты  мақсатыны  əуелі  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  болса, 

кейінгісі оқушыларды  өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету. Диалогті оқыту 

арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыта  аларымыз  сөзсіз.Ал,  сыни  тұрғыдан  ойлай 

білген  оқушы    кез  келген  мəселелерді  шеше  алады.  Білімді  қалауынша  игеріп,  оған 

қанағаттанбай, өзіндік зерттеуін жүргізеді. Сыни ойлай білетін оқушыдан ертеңгі күні 

саналы,  білімді,  күрделі  мəселелерге  тойтарыс  бере  білетін,  барлығын  тереңнен  ойлай 

білетін,  өзіндік  ойы  мен  пікірі  қалыптасқан  азамат  шығады.  Əр  мұғалімнің  шəкірті 

сондай  азаматқа  айналса  ҚР  білімінің,  ғылымының,  қоғамының  дамығаны  емес  пе? 

Білімнің дамуы-елдің дамуы. Қорыта айтқанда, диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан 

ойлауға үйретудің басты мақсаты  дəстүрлі білім берудің «өмір бойы азық боларлықтай 

білім беру» деген үлгісін ысырып тастап,  «өмір бойы оқып үйрену»  деген қағидасына 

ауыстыруды көздейді. 

Диалогтік  оқыту  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамытудың  негізгі  –  ұстаздар 

мен  оқушыларға  өз  еріктерімен  жəне  бірлесіп  шығармашылық  жұмыс  істеуге  жағдай 

жасайды.  Қазіргі  оқытудың  талаптарына  сай  мұғалім  де,  оқушы  да  жаңаша 

көзқарасты,терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас 

ұрпақтың  көкірегі  ояу,  ізденімпаз,  отаншыл,  шығармашылық  жұмыспен  айналыса 

алатын  дəрежеге  жеткізуіміз  керек  деп  ойлаймын.  Оқушыларға  жаңа  тақырыптарды 

қызықты,түсінікті  етіп  жеткізу  үшін  керекті  тəсілдердің  бірі  ретінде  диалогті  оқыту 

арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  деп  ойлаймын.  Осы  жаңа  əдіс-тəсілдерді 

қолдана отырып, жаңа сабақтың аясында қосымша қызықты деректерді ұсынуға, қиын 

тақырыптарды  əр  түрлі  жұмыс  түрлері  арқылы  жеткізуге,  жаңа  идеяларды  əсерлі  етіп 

көрсетуге  болады.  Бағдарламаның  жеті  модулін  білім  беру  үрдісіне  енгізе  отырып, 

мұғалім  мен  оқушылар  арасындағы  белсенді  қарым-қатынасты  қалыптастырып, 

келешек өмірге жол ашамыз. [ 8 ] 

Диалогтік  оқыту  жəне  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  негізінде  əртүрлі  əдіс-

тəсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нəтижесі бойынша оқушылардың 

сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілетіғ мəтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білуі, 

таныс  материалды  меңгеру  қабілеті  біршама  жақсы  нəтижелерге  көтеріледі  деуге 

болады. [ 2 ] 

Бүгінгі  таңда  мұғалім  қандай  болу  керек,  оның  кəсіби  біліктілігі  қандай 

жолдармен көрінеді? Мұғалім ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала 

жүрегінің перделерін  дəл  тауып,  оны  ойната  білу  оңайлықпен  келмейді.  Бұл  ұстаздың 

өз  мамандығына  деген  сенімділігі,  бейімділігінен,  айқын  мақсатынан  жəне  бала 

жүрегіне  жол  таба  білуінен  көрінеді.  Осы  үшеуі  мұғалім  мейірімділігімен  ұштасқанда 


 

 

107 



нағыз тамыршы бола алады. Оқытуға деген ынта, өзіндегі барды асқан мейірімділікпен 

жеткізе  білу  ұстаз  шеберлігінің  бір  қыры.  Өз  ісіне  берілген,  жаңалықты  жатсынбай 

қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шəкірттеріне нұр 

құ  ятын  ұстазды  ғана  бүгінгі  күннің  лайықты  тұлғасы  деуге  болады.  Бұл  лайықты 

тұлғаға жету үшін ізденіске жүру қажет деп ойлаймын. 

Сондай-ақ  жоғарыда  айтылғандай  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйретуде  диалогтік 

əдістің  қолданылу  маңызы  өте  зор.  Диалогтік  əдісте  сұрақ-жауап,  сұхбаттасулар, 

сауалнамалар  арқылы  баланың  ойлау  қабілетін  дамытуға,  кез  келген  мəселені  шешуге 

ынталандыруға  болады.  Сондықтан  еліміздің  барлық  мектептерінде  осы  əдістің  кең 

қанат  жаюы  керек.  Сонда  ғана  біз  баланың  өз  ойын  айту  қабілетін,  сөйлеу  қабілетін 

диалог арқылы дамыта отырып,оның сын тұрғысынан ойлануын арттыра түсеміз. 

Ендеше,  сыни  тұрғыдан  ойлай  білетін  болашақ  жастарды  тəрбиелеу  мына 

ұстаздар  қауымы  біздің    міндетіміз.  Ойлы  жастар,  сыни  ойлай  білетін  жасар  елімізді 

айдай  əлемге  танытары,  біліміміздің  құлаштап  қанат  жаяры,  өзге  ұлттар  біздің  білім 

беру жүйемізді өздеріне үлгі тұтары анық. 

 

 

 

Əдебиет: 

1.

 



Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. –Алматы, 2001. 

2.

 



С.С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде» Қарағанды, 2011 ж17. 

3.

 



С.С.Мирсеитова «Мұғалім филосифиясының қалыптасуы жəне дамуы: гуманистік парадигма» 

Қарағанды, 2012 ж. 

4.

 

П.Б.Таңатарова «Оқыту үрдісінде қолданылатын интерактивті əдістер»  Тараз, 2011 ж. 



5.

 

Сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  сабаққа  тиімді  пайдалану  //  бастауыш  мектеп,  2005, 



№4. 

6.

 



Сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  //  Педагогикалық  кеңес,  2009,  №5.  Выготский  Л.С. 

(1978). Қоғамдағы сана. Редакция-лаған Макула В., Стейнер Дж.,  Скрибне  С. жəне  Суберман 

Е. Кембридж М.А., Гарвард  

7.

 



Сегізбаева Г.И. Оқушылардың шығармашылық  қабілетін дамыту.  «Мұғалімнің кəсіби дамуы: 

дəстүрлері  мен  өзгерістері»  атты  Қазақстан  Республикасы  Тəуелсіздігінің  20  жылдығына 

арналған халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары. Астана, 2011 ж. 

8.

 



Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасының 

жобасы, Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан, 2003 ж. 



 

 

 

УДК.372.46 

 

ДИАЛОГИЧЕСКАЯ  РЕЧЬ У ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА 



 

Жамукова А.А. 

(СКГУ им. М.Козыбаева) 

 

 



 

Президент  Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаев  отмечает:  «Реформа 

образования  –  это  один  из  важнейших  инструментов,  позволяющих  обеспечить 

реальную  конкурентоспособность  Казахстана.  Нам  нужна  современная  система 

образования,  соответствующая  потребностям  экономической  и  общественной 

модернизации». 

Так,  в  Концепции  образования  Республики  Казахстан  одним  из  основных 

приоритетов отмечается  гуманизация образования и ориентация на личность.  Доцент 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет