ӘОЖ: 82-1 А.Қ. Тұрысбекова



Pdf көрінісі
Дата18.03.2017
өлшемі454,65 Kb.
#10018

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



142 

 

 



ӘОЖ: 82-1    

А.Қ. Тұрысбекова 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,Талдықорған қ. 

 

СӘКЕН СЕЙФУЛИННІҢ  «КӨКШЕТАУ» ПОЭМАСЫНДАҒЫ 

 ФОЛЬКЛОРЛЫҚ САРЫНДАР 

 

Ғылыми  жұмыста  ел  аузындағы  аңыз-әңгімелерді  негізге  ала  отырып  жазылған  Сәкен 

Сейфуллиннің  «Көкшетау»  поэмасындағы  фольклорлық  сарындар  салыстыра  отырып 

баяндалады. 

В научной работе рассматривается поэма Сакена Сейфуллина «Кокшетау», которая была 

написана на основе легенд в сапостовительной форме с фольклором. 

The  poem  of  Saken  Seifullin’s  “Kokshetau”  will narration on science work which was written 

by  people’s legend on comparative form with falklors   



         

          Тірек сөздер: Көкшетау, Бурабай, Оқжетпес, Жеке батыр, аңыз. 

 

Қазақстанның  ең  көрікті  жерлерінің  бірі  -  таңғажайып  әндер  мен  поэтикалық 



аңыздар  өлкесі  Бурабай.  «Жүз  рет  естігенше,  бір  рет  барып  көр»,  -  деп  дәл  осы  өңір 

туралы  айтылған  сияқты.  Табиғат  бұл  жерде  әсемдік  әлемінің  ауызбен  айтып  жеткізе 

алмастай  алуан  түрін  жасаған.  Халық  арасында  мынадай  бір  аңыз  бар:  «Алла  тағала 

өзіміздің  орасан  зор  дүниені  жаратқанда  бір  халыққа  айдын  шалқар  теңіздер  мен 

арналы өзендер, басқаларға бауырында қалың орманы, басында ақ қары бар тау, үшінші 

бір  халыққа  гүл-бақшасы  жайнаған,  жемісі  мол  жер  сыйлапты.  Ал,  қазаққа  құм  басқан 

шөл  дала  ғана  тиіпті.  Халық  ашынып,  Алла  тағалаға:  «Тым  болмаса,  қоржыныңызда 

қалған  әсем  дүниеден  болымсыз  бірдеңе беріңіз», - деп өтініпті. Бірақ, Алла тағала дала 

жұртының  өтінішіне  көңіл  бөлмепті.  Содан  кейін  көңілді  күлдіргі  Алдар  көсе 

жаратушыны  алдамақ  болып,  оған  жасырынбақ  ойнайық  деп  ұсыныс  жасапты.  Анау 

келіседі.  Бірақ  тақтайдай  жазық  шөл  даланың  қай  жеріне  тығылмақ.  Сөйтіп,  Алла 

тағала  тасасына  тығылу  үшін  төбе  жасапты.  Ол  жерді  қазір де жұрт Бұқпа деп атайды. 

Қу  Алдар  көсе  байқатпай  Алла  тағаланың  қоржынын  тесіп  қояды,  содан  жерге  биік 

шыңды  таулар  түсіп,  мөлдір  бұлақтар  мен  көлдер  төгілген  екен.  Әлгі  тауларға  қалың 

орман  өсіп,  онда  аңдар  мен  құстар,  ал  өзендерде  балық  пайда болған. Кейін сол жерді 

адам мекендей бастаған. 

Қазір  ұрпақтан-ұрпаққа  жетіп  келе  жатқан  аңыз  ғана  емес,  Қазақстан 

археологтарының  қазбалары  да  Көкшетауда  ежелгі  дүниеде  ержүрек  аңшылар, 

тәжірибелі  малшылар  мен  егіншілер  тұрғанын,  ертедегі  скифтер  бұл  өңірде  алтын 

өндіргенін  дәлелдейді. 

 

Осынау  таңғажайып  жерден  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Балуан  шолақ,  Ыбырай 



Сандыбаев  -  сынды  көптеген  халық  әншілері, ақындары шыққан. Олардың поэтикалық 

мұралары  қазақ  әдебиеті  мен  музыка  мәдениетінің  алтын  қорына  енді.  Ыбырайдың 

«Гәккуі»,  «Қыз  Жібек»  операсында  шырқалады,  Біржан  әндері  қазірге  дейін  бүгінгі 

композиторлар мен ақындар шығармашылығына  арқау  болуда. 

Қазақтың  тұңғыш  ғалымы,  ағартушысы,    демократы  Шоқан  Уәлихановтың  есімі 

де  осы  Бурабайға  қатысты.  Осынау  ғажайып  өлкеге  келе  жүріп,  ол халықтың көптеген 

аңыз, ертегілерін  жинаған. 

Большевиктік  партия  мен  Совет  мемлекетінің  аса  көрнекті  қайраткері  Валерий 

Владимирович  Куйбышев  балалық  шағын  Көкшетауда  өткізді.  Жас  революционер 

маркстік  әдебиетті  патша жендеттерінен осы Бұқпа тауына жасырған. 

Қазақ          ақындары  Қасым    Аманжолов,    Ғали    Орманов,  Жұбан Молдағалиев,   

Сырбай   Мәуленов,  Қалижан  Бекхожин,   Диқан Әбілев, Қабдікәрім Ыдырысов, Тәкен 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



143 

 

Әлімқұлов        Көкшетау        мен  Бурабайға  өздерінің  тамаша  жырларын  арнады.  Ал,  ең 



шабытты  жыр  жолдары  аса  көрнекті  жазушы-революционер  Сәкен  Сейфуллиннің 

қаламынан туды. 

 

Арқаның кербез  сұлу Көкшетауы,   



Дамылсыз сұлу бетін жуған  жауын.  

Жан-жақтан ертелі-кеш  бұлттар келіп,   

Жүреді  біліп-кетіп  есен-сауын. 

 

Сексен көл Көкшетаудың  саясында,  



Әрқайсы алтын кесе аясында,  

Ауасы  дертке дауа, жұпар иісі,   

Көкірек  қанша  жұтса, тоясың ба? 

 

Ырғалған көкке  бойлап қарағайы,  



Қасында көк желекті  аппақ қайың. 

Жібектей  желмен шарпып төңіректі,   

Балқытып мас қылады иіс майы. 

 

Көкпен көк шың басынан жұпар кетпес,  



Басына атсаң-дағы оғың жетпес.  

Бір  жұтсаң Көкшетаудың  жұпарынан  

Өлгенше көкірегіңнен  құмар кетпес [1,6]. 

 

Бурабай  көлінің  тұп-тұнық  көгілдір  айдынында  аспан,  тау,  орман  қалай 



жарқырап  көрініс  тапса,  дәл  солай  Сәкен  Сейфуллиннің  «Көкшетау»  поэмасында 

осынау  таңғажайып  өлке  және  оған  деген  халық  махаббаты  кереметтей  бір 

әуезділікпен,  әсемдікпен,  жан терберлік  сезіммен  жырланады. 

Сәкен  Сейфуллиннің  «Көкшетау»  поэмасының  қазақ  поэзиясындағы  орны 

ерекше.  Бүкіл  халық  қызығып  оқып,  әнге  қосып, жатқа айтып кеткен аңыздай әсерлі де 

таңғажайып  көркем  туынды  халқымыздың  тұнып  тұрған  інжу-маржан  сөз  өрнегімен 

өрнектелген.  Шығарманың  мазмұны  мен  идеясы  туралы  ф.ғ.д.,  профессор  Есмағамбет 

Ысмайылов  былай  деп  жазды:  «Сәкен  «Көкшетауды»  халық  тарихындағы,  кеңес 

дәуіріндегі  ірі  күрестерге,  елдің  жақсы  арман  —  тілектеріне  байланысты 

революцияшыл  идея  тұрғысынан  жырлайды;  қазақтың  ескі  өміріндегі  хандық  тәртіпті, 

феодалдық  шапқыншылықты,  ел  мен  ел  арасындағы  барымта,  жаугершілікті  батыл 

әшкерелейді»  [2,83]. 

Сәкен  сан  рет  сүйікті  Көкшетаудың  атырабын  аралап  көріп, ұзақ уақыттар бойы 

сол  сұлу  мекендерде  қызықты  саяхат,  сауық  —  сайран  күндерін  өткізеді;  қою  қара 

орманды  Бурабайды,  бауырында  күмістей  мөлдір  айдын  шалқар  көлі,  сылдырап  аққан 

ерке  бұлақтары  мол  Көкшені,  сол  өлкені  мекендеген  елдің  аңыз  -  әңгімелерін, 

«Оқжетпес»,  «Жұмбақтас»  сияқты  тас  мүсінді  ескерткіш  белгілерін,  Көкшетау  елінен 

шығып,  бүкіл  қазақ  даласына  даңқы  жайылған  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Балуан  Шолақ 

сияқты әнші  — ақындарды көтеріңкі  шабытпен, тамаша  көркемдік  баяулармен   

суреттейді  [3]. 

 

Поэма  «Арқаның  кербез  сұлу  Көкшетауы  ....»  деп  келетін  атақты  лирикалық 



детальдан  басталады.  Одан  әрі  «Ұйықтаған  батыр»  («Жеке  батыр»),  «Оқжетпес», 

«Бурабай»,  «Жұмбақтас»  деп  аталатын  шың  —  құздардың  атына  байланысты 

айтылатын аңыз - ертегілер баяндалады. Бірақ автор бұл аңыздарды сол естіген күйінде 

тізе  салмайды,  оны  поэзия  құндағына  бөлеп,  өзінің  шығармашылық  идеясынан  өткізіп 

барып,  сол  баяндалатын  оқиғаға  жаңа  мән  беріп  отырады.  Ертегі  —  аңыздарды  саяси 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



144 

 

түйін,  көркем  пейзаж,  әр  қилы  портреттер  арқылы нақыштап толықтырады. Халықтың 



аллегориялық  бейнелер  жасау,  мысалдап,  тұспалдап  әңгімелеу  әдісін  де  ілгері 

дамытып, нақтылай түседі. 

Поэзияның  негізгі  арқауы  —  Бурабай  көлі  мен  Оқжетпес  шыңының  неліктен 

осылайша  аталғаны  жөніндегі  аңыз  оқиғасы.  Ақын  Көкшетаудағы  бір  бөлік  таудың 

атауын  және  Бурабай  көлі  туралы  аңызды  әсем  мүсінде  тамашалап  суреттей  келіп, 

қазақ  пен  қалмақ  арасында  болған  жорықтар  жайындағы  бір  әңгімені  баяндайды. 

Қазіргі  Бурабай  курорты  тұрған  жерде,  айна  көлдің  жағасында  аспанға  тіп  —  тік 

бойлаған,  оқтай  түзу,  найзадай  үшкір  бір  шың  бар.  Ол  шыңды  халық  «Оқжетпес»  деп 

атап  кеткен.  Осыған  таяу  жерде,  айдын  көлдің  ішінде  сұғына  кіріп  тұрған  бір  кішкене 

аралша  жартас  бар.  Оны  халық  «Жұмбақтас»  деп  атайды.  Ақын  бұлардың  осылайша 

аталу тарихына байланысты оқиғаларды дамытып суреттейді. 

Бурабайдың  әр  тасы,  ормандағы  әр  соқпағы  аңыз  арқауы болған.  Көкшетаудың   

келбетіне      алыстан      көз      салсаң,  қалың      тоғай  арасында  ұйықтап  жатқан  алыпты 

көргендей  боласың.  Иә,  бұл  ұйқы  құшағындағы  батыр  тауы.  Аңыз  бойынша,  баяғы 

заманда  атақты  Жеке  батыр  осы  жерде     күзетте   тұрып   қалғып   кеткен   екен. Оны   

таң   шапағы да, шындардың тарс-күрс еткен қопарылысы да оята алмаған. Күні бүгінге 

дейін алып тау болып сол ұйықтаған қалпы жатыр. 

 

Сәкен Сейфуллиннің  «Көкшетау»  поэмасындағы Жеке батыр. 



Болыпты баяғыда Жеке  батыр… 

Тау  бағып жатады екен тігіп  шатыр. 

Бір  күні қарауылда  қалғып кетіп, 

Сол батыр бүгінгеше  ұйықтап жатыр. 

 

Сол батыр осы күні бір  үлкен тау, 



Көз жұмған көкке  қарап  сыры  үлкен тау. 

«Ұйықтаған  батыр» дейді таудың атын, 

Адамша   көлбеп жатқан қыры үлкен тау. 

 

Батырдың қырыққа таяу  келген жасы, 



Денесі биік  жота, таудай басы

Сақалы төсін  жапқан, қыр мұрынды

Киюлі баста жатыр дулығасы. 

 

Жырдың    мазмұнын  халық    аңызымен  салыстыра  қарағанымызда  түгелдей 



дерлік  көшіріп  жатпай,  мазмұнын  жоспарлай  отырып  танысып  шығуға  болады. 

Мәселен,  жоғарыда айтылған шумақтарды  жоспарлы түрде көрсетсек: 



 

Жеке батыр 

1.

 



Тауда  қарауылдаған  батыр. 

2.

 



Қарауылда қалғып кетуі,  оянбауы. 

3.

 



Батырдың үлкен тауға  айналуы. 

 

Енді бір жағыңа қарасаң, тасқа айналып қалған түйені көргендей  боласың. Бұл - 



қазақ  халқы талай-талай аңыз шығарған Бура тауы. Ерте,ерте, ертеде жүні аппақ қардай 

қос  өркешті  әдемі  түйе  болыпты  деген  сөз  бар.  Ол  жуас  болыпты.  Көкшетаудың 

етегінде  жайымен  жайылып  жүреді  екен.  Ал  егер  жұт  немесе  соғыс  бола  қалса,  бура 

өзгеріп  шыға  келетін болыпты. Құстай ұшып тау басына шыққан оның күндей күркіреп 

буырқанғанынан  тау  сілкініп,  дала  сілтідей  тына  қалады  екен.  Оның  даусын  естіген 

жұрт  жедел  жиылып,  жаудың  бетін қайтаруға, туған жерді қасіреттен аман алып қалуға 

аттанады  екен.  Халық  ақ  түйені  киелі  санап,  оны  бәле-жаладан  сақтауға  тырысыпты. 

Бірақ,  бір  жолы  суатқа  кетіп  бара  жатқан  бураны  мейманасы  асқан  Қасым  хан 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



145 

 

кезіктіреді,  сол  жерде  ерігіп  оны  садақпен  атады.  Жебе  қадалғанда  ауырсынған  бура 



қатты  ыңырсып,  шөгіп  қалады,  ал  оның  ажал  аузындағы  азапты  халіне  мәз  болған 

Қасым  хан  улы  жебені  бас-көз,  жүрек  демей,  бірінен соң бірін ата береді. Бура шипалы 

судан  бір  ұрттау  үшін  көлге  қарай  ыңырана  жылжиды,  бірақ  әл-дәрмені  жетпейді. 

Тасқа  айналып, тау болады. 

Көкшетау  поэмасындағы Бурабай 

Бурабай. 

1.

 



Көкшетауды  мекендеген ақбас бура.  ..   

2.

 



Бураның тағылығы. 

3.

 



Бураның қасиеті 

4.

 



Қасым төренің аңға шығуы.     

5.

 



Қанға құмар Қасым. 

6.

 



Бураның ажалы. 

7.

 



Түйенің киесі  атуы.  

8.

 



Бурадай шөккен  тау. 

 

Ақынның  ескі  аңыз-әңгімелерге  сын    көзімен  қарап,  оған  халықтық  тұрғыдан 



баға  бере  білгенін  осы    тұста    анық  байқауға  болады.  Сәкен    жырлауындағы  ел 

аңызында  Бурабай  көлін  мекендеген  ақбас  бура  -    ардақты  ел    күзетшісі,  соның 

жақсылық,  жаманшылығына  ортақ  жануар  болып    суреттеледі.  Мұның  өзі    тіршілігі 

төрт  түлік    малмен    байланысты    болған  халықтың  сол  малды  аруақты деп  табынуы 

кезіндегі  ұғымның  әсері  болуы  ықтимал.  Ақын  ақ  бураның  ел  өміріне  қатысы    бар 

елеулі  жайларды  алдын  ала  сезетінін  бір  үш  шумақ  өлең  жолдарымен әсерлі суреттейді 

[4,51] 

 

Осындай  ел  аңызындағы  қасиетті  бура    бір  күні  ойда  жоқта  оққа  ұшады.  Бұл 



тұста  автор  қазақ  хандарының    озбырлық  қылықтарын    батыл  әшкерелейді.  Әсіресе, 

Қасым төре Абылайұлының ел қасиеттеген, халық досы болған бураға оқ атуын ызамен 

жырлайды. 

 

Оқжетпес  шыңына  да  қатысты  аңыз  бар.  XVII  ғасырда  осы өңірде көшіп-қонып   



жүрген      Абылаймен      рулас      қазақтар      қалмақтарға  батыл  шабуыл  жасап,  мол  олжа 

алып  қайтады  да,  соны  бөлісу  үшін  пирамидаға  ұқсас  биік  таудың  баурайына 

жиналады.  Қолға  түскен  қалмақтың  ару  қызы  жөнінде  жұрт  көпке  дейін  келісімге  келе 

алмапты.  Сонда  Абылай  хан:  «Тұтқын  қыз  күйеуді  өзі  таңдасын»,  -  депті.  Қыз  тіп-тік 

шың  басына  шығып  алып:  -  Кімнің  жебесі  жетіп,  орамалымды  тесіп  өтетін  болса,  мен 

соныкімін!  - деп айғай салады.  Мазмұнын жоспарласақ: 



Оқжетпес. 

1.

 



Бір  шың бар етегінде  тіп-тік  найза. 

2.

 



Көкшетауды  мекен еткен хан Абылай. 

3.

 



Қазақ пен қалмақ шабысы. 

4.

 



Қалмақты жеңген Абылай. 

5.

 



Олжа 

6.

 



Қалмақ қызы.  

7.

 



Қазақ қолы, қыз және Абылай. 

8.

 



Шың басындағы орамал 

9.

 



«Оқжетпес»  шыңы 

«Оқжетпес»,  «Жұмбақтас»  аңыздары  –  Сәкен  поэмасының  негізгі  тараулары.  Аталмыш 

тараулардағы  бас    кейіпкерлердің  бірі  –  шапқыншылықта  қолға    түскен  қалмақ  қызы. 

Автор  оның  аты-жөнін  атамайды.   Абылай қолға түскен олжаны бөліске салғанда, осы  

қыз  үшін  хан  мен  оның  сарбаздары    арасында    талас  туады.  Бәрі  де    қызды  алудан 

дәмелі  болады. Сұлу  қызды  ел тонаушылар біріне-бірі қимай, ақыры таңдауды қыздың 

өзіне береді. 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



146 

 

 



Қыз  ақылдылығы  кімге  тиюді  таңдау  өзіне  берілген  кезде    байқалады.  Ол  көл 

жағасындағы  биік  шыңның  басына    орамал    байлатып,    кімде-кім  соны  атып  түсірсе, 

соған тимек  ойын білдіреді. 

 

Қыз    бақытына    қарай,  Абылай  «батырларының»  бірде-бірі  шың  басына    оғын 



жеткізе  алмайды.  Шыңның  «Оқжетпес»  атануы  да  осыдан.  Тұтқын  қыз  амалсыз  жаңа 

шарт  қоюға  мәжбүр  болады.  «Ер  кезегі  үшке  дейін»  деп,  ол  екінші  шарт  етіп  күш 

сынасуды  (төрт  адамды  арқалап  мың  қадам  жүгіру)  ұсынса,  үшінші  жолы  өз  өмірін 

жұмбақтап  айтып,  соны  шешуді  сұрайды.  Ханның ақылсыз даңғой батырлары тек қара 

күштің  ғана  иесі  екенін  ақын  осы  тұста  бір  аңғарып  өтеді.  Төрт  адамды  арқалап  мың 

қадам    жүгіру  арқылы  күш  сынасу  кезінде  олар  бірінен-бірі  оза    алмайды.  Бәйгеге 

түскен  қырық  адамның  сегізі  қыз  тұрған  тасқа  қатар  жетеді.  Қайта    талас    туады.  Енді  

қыз жұмбағы айтылады. 



Жұмбақтас. 

1.   Күш сынасу бәйгесі.   

2.   Озған сегіздің  таласы.  

3.   Қыз жұмбағы.  

- Кептер кебі. 

- Бала кептер. 

- Бала кептер мен сұңқар. 

- Түнде ұшқан  кептер. 

- Кептер мен жапалақтар. 

- Кептер мен лашын. 

- Кептер мен бүркіт.    

- Қыз бен әскер. 

- Көкшетау  күйі. 

5. Адақ. 

6. Бүркіт  пен аққу,  мерген 

7. Адақ  мерген. 

8. Адақ  ақын. 

9. Жұмбақтың шешуі. 

10. Ерік  алған қыз бен ханның қолы. 

11. Қыз бен Керкөжек. 

 

Көкшетаудағы  Бурабай  көлінің  ортасында    тұрған  жартас    Жұмбақтас,  тас  



сфинкс, осы  оқиғаны дәл қазірге  дейін еске салып тұрғандай. 

 

Байқап  отырғанымыздай,  қыз  жұмбағы  -    халықтың  ауыз  әдебиетінде  көп 



ұшырасатын  дәстүрлі  жұмбақ.  Ол  өз    басынан  кешкен  жайларды  жұмбақтайды.  Өзі 

және  әңгімеге  қатысы  бар  адамдар  онда әр түрлі құстар  түрінде бейнеленеді. Мысалы, 

ол  өзін  кептер етіп көрсетсе,  қиянатшыл адамдарды қарақұс,  жапалақ күйінде, лашын-

елдің  қамқор  адамдары,  сұңқар  -өзінің  сүйген  жары,  жыртқыш  бүркіт  хан  бейнесінде 

суреттеледі.  Ақын жұмбақ жырда аллегориялық тәсілді  өте ұтымды қолданған. 

 

Шығармада  қыз  тек  өзін  ғана  емес,    момын  жыртқыштардан  көп  зәбір  шегетін 



кептерге бүкіл  әйел қауымын балайды. 

 

Ақынның  халықтық  позициясы  тек  қыз    басындағы  мұңға  халықтық  тұрғыдан 



ортақтаса  білуі  ғана  емес,  оны  осы    тордан  құтқарар  халық  өкілін  де    суреттеп  көрсете 

алуымен  байланысты.  Ең  соңында  қазақ  батыры    Адақ  қана  қыз  сынынан  өтіп,  оның 

жұмбағын  шешеді.  Оқжетпес  шыңындағы  қыз  орамалына  оқ  тигізеді.  Өзінің  үлесіне 

тиген қызды Адақ рұқсат беріп, еліне  қайтарады. 

 

Ел  аузындағы  көне  аңыз,    ертек  үлгісімен  өріліп,  өзінше  бір  сюжеттік  желі 



тапқан поэма зорлық пен қара күшті  жеңген әділдікті,  ақылдылықты паш етеді. 

Поэма    реалистік  стильде  жазылған.  Оның  тілі  бай,  образды,  бояуы  көркем. 

Халықтық  фольклордың  мол  қазынасын  бойына    жинаған  «Көкшетау»  поэмасы  – 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



147 

 

Сәкеннің    туған  жердің  табиғатын  суреттей  отырып,  өткен  дәуір  шындығын  айрықша 



шабытпен жырлаған шығармасы. 

 

Атақты  зерттеуші  ғалымдар  С.  Мұқанов,  Е.  Ысмайылов  «Көкшетау»  поэмасы 



туралы  еңбектерінде  Сәкен  шығармасының  көркемдік  табыстарын  аса    жоғары 

бағалады  [5,68].  Жалпы,  әдебиет  тарихында  «Көкшетау»  поэмасы  ұлттық  мәдени 

мұрамызға енген тамаша  туындылардың бірі  болып есептеледі. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 

Сейфуллин С. I том. Өлеңдер мен   поэмалар. - Алматы: Жазушы,  1986ж. 



2.

 

Ысмайылов Е. Ақын және революция. Монография. Алматы, 1964ж.  



3.

 

С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапхананың  архив материалдары. 



4.

 

Сейфуллин С. Көкшетау.  - Алматы: Жазушы,  1994ж. 



5.

 

Кәкішев  Т., Сейфуллин С. - Алматы: Жалын, 1976ж. 



 

      

           ӘОЖ: 81 366.573 

 

С.А. Уалиева,  К.М. Чинибаева  

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 

kchinibaeva@mail.ru 

 

ЫРЫҚСЫЗДЫҚ  -  ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ  КАТЕГОРИЯ 

 

 Бұл  мақала,  негізінен,  ырықсыздық  категориясын    функционалды-семантикалық 

тұрғыдан  сипаттауға  арналған.  Функционалды-  семантикалық    өріс  тұрғысынан  ырықсыздық 

категориясы    тілдің  әр  түрлі  деңгейлерінен  көрініс  табатын  грамматикалық  мағыналардың 

жүйесі ретінде қарастырылады. 

              Ырықсыздық  категориясын  білдіретін  тілдік  құралдардың  өзгешелігі    әр  елде  осы 

категорияның    ұлттық  ерекшелігін,  оны  құрайтын  тілдік  құралдардың  тіркесімі  мен 

семантикалық үйлесімін айқындап тұрады. Ырықсыздық категориясы семантикалық мазмұнға 

ие функционалды-  семантикалық өрістердің кешені болып табылады. 

              Мақалада  ырықсыздық  категориясының  тілдік  сипаты,  осы  категорияға  жататын 

мағыналар,  оларды  білдіретін  тілдік  құралдар  және  ырықсыздық  категориясының  

функционалды-семантикалық  өрісі  сияқты ерекшеліктері көрініс  табады.  

Данная  статья  посвящена  в  основном  функционально-семантическому  описанию 

категории залога пассив. Категория залога пассив рассматривается как система грамматических 

значений  разных  языковых  уровней.  Категория  залога  пассив  выражается  в  разных  языках 

посредством  определенных  языковых  средств.  Пассивный  залог,  имея  семантическое 

содержание,  является  компонентом  функционально-семантического  поля.  В  статье 

рассматриваются языковые описания категории залога пассив (значение, языковые средства, 

относящиеся к данной категории), а также его функционально -семантическое поле.    

This article “The article functional  – semantic description of passive voice” is delighted 

basically to functional  – semantic description of passive voice.  Passive voice is considered as a 

system of grammatical meanings of different linguistic levels. Passive voice expressed in various 

languages by means of definite linguistic means.  Passive voice is a base of functional- semantic field. 

In the article linguistic description of passive voice, meaning, linguistic means, referring to the 

category and its functional-semantic field were considered.

   

 

Тірек  сөздер:  ырықсыздық,  функционалды-семантикалық  әдіс,  функционалды- 

семантикалық  өріс  (поле),  имплицитті  түр,  актив,  пассив,  прагматикалық  потенциал, 



сөйленім, рефлексивті  етістік   

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет