Эпидемиология кафедрасы 2023-2024 оқу жылы



бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі22,46 Kb.
#144105
  1   2
Байланысты:
экз.билеты 3к воен.мед для студ


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті КеАҚ
Эпидемиология кафедрасы 2023-2024 оқу жылы
«Эпидемиология» пәні бойынша «Әскери медицина (Жалпы медицина)» мамандығы 3 курс студентеріне арналған емтихан сұрақтары
1.Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері мен мақсаттары. Эпидемиялық процесс, эпидемиялық процестің құрылымы
2.Стерилизация: анықтамасы, ұйымдастырылуы, әдістері.Стерилизация алды өңдеу.
3.Дезинсекция заттар ретінде қолданылатын химиялық заттардың негізгі топтары. Дезинсекция сапасын бақылау.
4.А вирустық гепатитінің ошағындағы эпидемияға қарсы іс-шаралар.
5.Дератизациялық заттар ретінде қолданылатын химиялық заттардың негізгі топтары. Дератизация сапасын бақылау.
6.В гепатитінің ошағындағы эпидемияға қарсы іс-шаралар, Д және В гепатитінің спецификалық профилактикасы
7.Гельминтоздар ошақтарындағы профилактикалық және эпидемияға қарсы жұмыс.
8.Бактериофагтар. Сипаттамасы. Қолдану әдістері мен көрсеткіштері.
9.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы төтенше жағдайларды тудыратын аурулар ошағындағы эпидемияға қарсы іс-шаралар.
10.Сарысулар мен иммуноглобулиндер. Сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері.
11.Тамақ токсикоинфекциясы ошағындағы эпидемияға қарсы іс-шаралар.
12.Коронавирустық инфекцияға (COVID -19) күдік туындаған кезде медициналық ұйымдардағы алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар.
13.Анатоксиндер. Сипаттамасы, ерекшеліктері.
14.Безгек ошағындағы эпидемияға қарсы іс-шаралар.
15.Вирустық геморрагиялық қызбалар ошағындағы эпидемияға қарсы іс-шаралар.
16.Кенелердің, масалардың, биттердің, шыбындардың, бүргелердің эпидемиологиялық маңызы. Гнус түсінігі.
17.Эпидемиологияның медицина мен денсаулық сақтау ретіндегі маңызы.
18.Химиялық және өлтірілген вакциналар. Сипаттамасы, ерекшеліктері. Вакцинацияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.
19.Жұқпалы аурулардың арнаулы және арнаулы емес профилактикасы.
20.Эпидемиологиялық талдау әдістемесі. Халықтың жұқпалы ауруы туралы түсінік (қарқынды және экстенсивті көрсеткіштер). Өлім мен өлім-жітім ұғымын анықтау.
21.Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жоспарлы профилактикалық егулер мен егулердің күнтізбесі.
22.Дезинфекцияның химиялық әдістері. Химиялық заттар тобы. . Дезинфекциялық камералардың түрлері. Жұмыс режимі.
23.Тұмаудың арнаулы және арнаулы емес алдын-алу. Вакциналардың түрлері.
24.Жұқпалы аурулардың таралу механизмдері мен жолдары.
25.Эпидемиологиялық ошақты зерттеу әдістемесі.
26.Медициналық мекемелерде инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу.
27.Эпидемиялық процесс. Эпидемиялық процестің көрінісі мен құрылымы
28.Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың эпидемиологиясы және алдын алу.
29.ҚР иммунды алдын алуды ұйымдастыру. Әлемдегі және Қазақстандағы жұқпалы аурулардың иммунды алу жетістіктері.

30.Медициналық персоналдың АІИ алдын алу.


31.Ішек инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы, алдын алу іс-шаралары

32.Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі.

33.Ауа тамшылы инфекциялары, алдын алу шаралары .

34.Енжар иммунитетті қалыптастыруға арналған препараттар.Олардың сипаттамасы, қолдану көрсеткіштері

35.Қан инфекцияларына сипаттама, алдын алу шаралары .

36.Қызылша, көкжөтел ауруларының алдын алу шаралары

37.Сыртқы тері жабын инфекцияларының сипаттамасы және алдын алу шаралары

38.Жұқпалы аурулардың қазіргі заманғы эпидемиологиялық жіктелуі.


39.Медициналық иммунобиологиялық препараттар. Вакциналарға қойылатын талаптар .

40.Құтыру, Сібір жарасы ауруларының алдын алу шаралары .






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет