Эпитеттің және бір түрі – тұрақты эпитет



бет5/6
Дата15.12.2023
өлшемі96,54 Kb.
#138663
1   2   3   4   5   6
Перифраз немесе перифраза деген атау грек тілінен келген, ол заттаң, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді білдіреді. Мысалы: дәрігер деудің орнына «ақ желенді абзал жандар» деп атау, депутаттар деудің орнына «халық қалаулылыры» «халық қызметшісі» деп қолдаудағы мақсат бір сөзді басқа сөздермен ауыстырып қана қою емес, бұл ұғымды өз атынын басқаша етіп атау оны бейнелі етіп сипаттау үшін және қандайда бір эмоцияналды – экспрессивті баға беру үшін қолданылады.
Сондай – ақ, кітап деудің орнына «жан азығы» деп атай отырып, жазушыларды «жан азығын өндеушілер», «адам жанының инженерлері» дейміз
Мысалы еңбек екпінділері жайында мәтіндерден комбайшы, тракторшы қыздарды дала тоғайлары, егін ерлері, бейбіт күннің Мәншүктері, Әлиялары, ел ішінің төл перзенттері, темір тұлпар мінген арулар деген сияқты перифразалық тіркестер 
Гротеск – фантастикалық формада қорқыныш пен күлкіні, сұрықсыздық пен асқақтықты байланыстыратын, үйлеспейтін жайларды үйлестіріп, нақтылық пен жүзеге аспайтын нәрселерді, қазіргі мен келешекті араластырып, қайшылықтырды ашып көрсететін күлкі тудыру тәсілдерінің бірі. 

Гротескіде сырттай шындыққа сәйкессіздікпен қатар, фантастикалық бейнелеудегі маңызды өмірлік құбылыстардың терең көркем жинақталуы болады.
Гротеск – әдебиеттің күрделі құбылыстардың бірі. Ол көркем образ ретінде екіұдайлығымен, қарама-қайшылығымен ерекшеленеді. Гротеск қашан да қалыпты нормадан ауытқуды, шарттылықты, асыра үлкейтуді, әшкере келемеждеуді білдіретіндіктен, сатиралық мақсатта кеңінен пайдаланылады.
«Үйдің иесі» әңгімесі – гротескілік тәсілмен жазылған шығарма. Баяндаушы өзімен таныстырғаннан-ақ өзінің жағдайына көңілі толатын көңіл-күйін мысқылмен жеткізеді: «Мен – осы заманның «типичный» қазағымын. Кәдімгі... бес қабатты үйдің бесінші қабатында тұратын қалалық қазақпын. Тас қабырғалармен қоршалған ауадағы 34 (70) шаршы метрлік төрт бұрышты кеңістіктің иесімін. Бұған қоса, осы үйдегі ойдан-қырдан жиналған азғантай мүліктің толық қожайынымын. Балалар айтқанымды тыңдайды. Әйелге билігім әзірге жүріп тұр...». Осылайша өзін таныстырған кейіпкеріміз «орташа» деген сөзге ерекше екпін түсіреді: «...Орта бойлы, орта дәулетті, орташа ғана ақылы, орташа ғана қызметі, соған сәйкес орташа беделі бар ортан қолдай орташа қазаққа бұдан артық не керек?» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет