Ойын-бала әрекетінің негізгі бір түрі
Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы, бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті.
Еңбек— адамның іс-әрекетінің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі.
Еңбек - адам тіршілігінің арқауы, өмір сүруінің басты шарты, оның жандүниесінің, сана-сезімі қалыптасуының негізгі көзі. Оның басты ерекшелігіжоспарлылығы мен жүйелігі, шығармашылық сипат алып, қатаң тәртіпті керекететіндігі және одан белгілі нәтиже туатындығы. Еңбек процесі қызметкердеарнаулы білім жүйесі, дағды, әдет, икемділіктердің болуын, аса зейінділікпен күшті ерік-жігерді әркез қажет етеді
Оқу – іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым мен білім жүйелерін меңгереді. Сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру – ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.
Қарым-қатынас – бір адамның басқа адамдармен қоғам
мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы.
Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік
байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.
Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар:
1. Коммуникациялық - адамдардың өзара ақпарат алмасуы;
2. Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін
Достарыңызбен бөлісу: |