XX ғасырда қазақ елінің астанасы атанған қалалар –
Орынбор (1920–1925), Қызылорда (бұрынғы Ақмешіт –
1926–1929), Алматы (1929–1997), Астана (бұрынғы Ақмо-
ла, 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап).
53
астананы көшірудің техникалық-экономикалық негізін жасау,
көшу мерзімі туралы нақты ұсыныс жəне Алматы қаласының
айырықша мəртебесі туралы заң жобасын əзірлеу туралы
міндет қойылды.
Бұл тақырыпқа байланысты бірінші ресми əңгіме бұдан
бірнеше ай бұрын Жоғарғы Кеңес Төралқасының мəжілісін-
де өрбіген болатын. Ə. Кекілбаев бастаған алқа мүшелері
ғана жиналған отырысқа сол кезде Парламенттің баспасөз
хатшысы болып істеп жүрген біз де қатысқан едік (Тағдыр
жазып кейінірек Үкімет жанындағы Мемлекеттік ономастика
комиссиясында төрағаның бірінші орынбасары ретінде жаңа
елорданың атын өзгерту мəселесін талқылауға да аралас-
қанымыз бар).
Жаңа астана жайлы алғашқы хабарға Жоғарғы Кеңес Төрал-
қасының мүшелері, шынын айту керек, онша қуана қойған
жоқ. Аса ауқымды стратегиялық мəселенің бірден байыбына
барып, бағасын біле қоймағандар ашық бет жыртысуға бара
қоймай, сырттан əдеп сақтағанымен кертартпа көңіл ауаны
əбден аңғарылып тұрды. Сондықтан да Елбасы жан толқуын
жасырмай: «Бүгін астана ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге
ниет ету маған да жеңілге түсіп тұрған жоқ. Сіздер бəріне
түсіністікпен қарағандарыңыз жөн... Егер мен, Назарбаев, тек
өз жайымды ойлаған болсам – мұнда менің жылы кабинетім
де, саяжайым да, резиденциям да бар, онда бұлардың біреуі
де жоқ... Бірақ мемлекет тағдыры, оның болашағы жөнінде
сөз болғанда мен үшін қайда, қалай жылы немесе салқын
болады деп бас қамын ойлап жатуға хақым жоқ» деген то-
сын да тегеуірінді қисынды көлденең тартты.
Мемлекеттік тұрғыдан алғанда тарихи маңызы бар сол
жолғы мəртебелі жиында егеменді еліміздің болашақ аста-
насының аты аталды. Тұңғыш рет! Таңдау жасалмастан бұ-
рын тəуелсіз Қазақстанның жиырма бірінші ғасырдағы бас
қаласына лайықты болады-ау деген жер қарастырылып,
Дүние – өзгеріс, өмір – түйсіну.
М. Аврелий
54
бүкіл ел ауқымында жан-жақты, кең көлемді байыпты зерт-
теулер жүргізіліпті. Отыз екі параметр бойынша жасалған
талдау, ең тиімді қалау, Ақмола қаласы болатындығына мег-
зеген көрінеді. Біріншіден – ол Қазақстанның географиялық
кіндігінде орналасқан; екіншіден – аса ірі темір жол торап-
тарының тоғысында тұр; үшіншіден – қай жағынан алғанда
да қаланың құрылыс жүргізуге қатысты келешегі зор; төр-
тіншіден – қалада тіршілікке қажетті мүмкіндіктің бəрі табы-
лады, т.б. Астана ауыстыру Республиканың Еуропа мен Азия-
ның ортасында орналасқан өзгеше жағдайының артықшы-
лықтарын барынша толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Мұның өзі келешекте Қазақстанның саяси аренадағы тəуел-
сіз мемлекет ретіндегі рөлін арттыруға жол ашуға тиіс. Осы-
ның бəріне қоса жаңа астана туын Еуразия суперматеригінің
төріне тігу – Шығысқа да, Батысқа да, Оңтүстікке де, Солтүс-
тікке де бірдей ел құшағы айқара ашық екендігін аңғартады.
Жаңа астанаға лайықталған Ақмола – халқымыз қасиет
тұтып, қастерлеген əйгілі Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң
жағалауында орналасқан. Ауа райы – шұғыл континенталь-
ді: қаңтар айындағы орташа температурасы 17,4 градус суық
болса, шілдеде бұл көрсеткіш 20,3 градус жылыға дейін
көтеріледі. Жыл бойына орта есеппен 335 мм қар мен жаң-
быр жауады.
Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Сол жылы патшалық
Ресей Қараөткел өңірінде Ақмола округтік приказын ашып,
оның орталығын Ақмола деп атау жөнінде шешім қабылдай-
ды. Кейін бұл əскери бекет округтік қала (1863 ж.), уезд ор-
талығы (1868 ж.) атанды. 1961 жылы қаланың аты Целино-
град болып өзгертілді. Оған дейін жəне одан кейін Ақмола
облысының жəне Тың өлкесінің (1960–1965 ж.ж.) орталықта-
ры болды. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.
Жаңа астанаға қоныс аудару жөніндегі нақты жұмыс «Қа-
зақстан Республикасының астанасы туралы» Жарлық (1995
жылғы 15 қыркүйек) шыққаннан кейін басталды. Онда жо-
ғарғы жəне орталық мемлекеттік органдарды көшіру жұмыс-
тарын ұйымдастыру үшін айрықшы құзырлы Мемлекеттік
комиссия жəне бюджеттен тыс «Жаңа астана» қорын құру,
55
сол сияқты қала құрылысына қатысуға тілек білдіретін ин-
весторларға салық, кеден жəне басқа салаларда жеңілдік-
тер беру жолдары жөнінде астананың инфраструктурасын
дамытуға қатысты нақты ұсыныстар əзірлеу көзделді.
Екі жылдан кейін, 1997 жылғы 20 қазанда, «Ақмола қа-
ласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жария-
лау туралы» Жарлық шықты. Онда жаңа астананың тарихы
басталатын күн 1997 жылғы 10 желтоқсан деп белгіленді
жəне Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының аста-
насы ретіндегі ресми тұсаукесері аталып өтілетін мерзім
(1998 жылғы 10 маусым) көрсетілді. 1998 жылғы 6 мамырда
жаңа Елорданың аты өзгертіліп, Астана аталды. Осы жыл-
ғы 20 мамырда «Қазақстан Республикасының астанасының
мəртебесі туралы» Заң қабылданды. Онда Астананың құ-
қықтық мəртебесі, елорда қызметін атқаруының ұйымдық-
саяси жəне экономикалық негіздері айқындалды. Заңға сəй-
кес Қазақстан Республикасының астанасы – мемлекеттің əкім-
шілік орталығы, Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, Консти-
туциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас Прокуратураның
жəне орталық атқару органдарының жұмыс істейтін орны.
Астанадағы Президент резиденциясында Мемлекеттік ту мен
Мемлекеттік елтаңбаның эталондары, Мемлекеттік əнұран-
ның жəне Республика Конституциясы мəтінінің түпнұсқасы
сақталады. Еліміздің бас қаласының өз рəміздері болады –
олардың сипаты мен пайдалану тəртібі Қазақстан Респуб-
ликасының заңдарына сəйкес тəртіптеледі.
Астананы көшірудің зор тарихи мəні бар. 1997 жылғы 13
желтоқсанда Тəуелсіздік күніне жəне Ақмола қаласын Қазақ-
стан Республикасының астанасы етіп жариялауға арналған
салтанатты жиында Президент Н.Ə. Назарбаев: «Бүгін аста-
наның көшуі мен мемлекеттігіміздің қалыптасуындағы, елі-
міздің нығаюындағы аса маңызды кезең аяқталды деп ай-
туымызға толық негізіміз бар», – деп хабарлады. Ал мем-
лекет басшысы Н.Ə. Назарбаев жəне еліміздің жоғарғы билік
органдарының жетекшілері Н.Ө. Балғымбаев, Ө. Бəйгелди,
М.Т. Оспанов қол қойған Үндеуде: «Қалтарысы көп XX ға-
56
сыр тарихында алғаш рет біз өз мемлекетіміздің астанасы
туралы дербес шешім қабылдадық. Бұл таңдау қазіргі ел
басшылығының ғана көзқарасы емес. Бұл шешімнің сыр-
тында Əз Тəукенің (сөз орайында тарихшылар хан ордасы
Астана маңында болған деп есептейтіндігін еске сала ке-
туге болады – Е. Ш.) көрегендігі мен айбынды Абылайдың
ұлылығы, аттары аңызға айналған билеріміздің даналығы
жəне 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл жер шарына ұлттық
мақтаныш дегеннің не екендігін танытып берген жас жүрек-
тердің көзсіз батылдығы тұр, бұл таңдаудың иесі болу құқы
үшін өмірін қиған миллиондаған қандастарымыздың ересен
ерік-жігері жатыр».
Тəуелсіздік жəне мемлекеттік егемендік идеяларын ор-
нықтыру тұрғысынан алғанда бұл тарихи оқиғаның айырық-
ша нышандық мəні бар.
Тəуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің жариялануына
байланысты еліміздің Қазақ Советтік Социалистік Республи-
калар Одағы деген бұрынғы атауы 1991 жылғы 16 желтоқсан-
да Қазақстан Республикасы (Қазақстан) болып өзгерді. Ата
Заңымыздың 2-бабының 4-тармағына сəйкес Қазақстан Рес-
публикасы жəне Қазақстан атаулары тең құқылы.
Астана қаласының елтаңбасы
57
Ел атын орыс тілінде «Казахстан» түрінде жазу 1936 жыл-
дың ақпанынан тəжірибеге енген. Бұл этнос атының орыс-
ша «казах» деп аталуына да қатысты. Əліби Жангелдин
мен Ораз Исаев қол қойған Қазақ АССР-ның Орталық ат-
қару комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің «Казах»
сөзінің орысша айтылуы мен жазбаша таңбалануы туралы»
қаулысында: «Қазақты орысша анағұрлым дұрыс айту үшін
осы сөздің қазақша айтылуында жəне жазбаша таңбалуын-
да «казак» сөзінің соңғы əрпі «х» əрпімен алмастырылсын,
осыған байланысты «казак» емес «казах» деп, «Казакстан»
емес «Казахстан» болып жазылатын болсын» деп көрсетілді.
Болмыс табиғаты, тегінде, нышандық тұрғыдан кел-
генде ғана жақынырақ ашылып, көрсетілмек.
Э. Фромм
Мемлекеттік рəміздер жаңа елордада
58
Дəстүрлі ұлттық сот жүйесінің негізін қалаған атақты үш
биге – Төле, Қазыбек, Əйтеке билерге Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Астанадағы ғимаратының алдында
қойылған ескерткіш
59
Қазақстан Еуразия материгінде 55»26' – 40»56' солтүс-
тік ендік пен 45»27' – 87»18' шығыс бойлық арасында орна-
ласқан. Батыстан Шығысқа қарай – 3000 км, ал солтүстікке
қарай – 1600 км-ге созылып жатыр.
Батысы мен солтүстік батысында Ресеймен (шекара ұзын-
дығы 6032 км), оңтүстікте жəне оңтүстік батыста Өзбекстан-
мен (2163 км), Қырғызстанмен жəне Түрікменстанмен (345 км),
ал оңтүстік шығысында Қытаймен (1730 км) шектеседі. Жал-
пы елдің шекара ұзындығы 13034 км. Оның ішінде өзен ар-
қылы өтетіні – 1730 км.
Қазақ елі өзінің жер көлемі жөнінде (2 млн. 724,9 мың шар-
шы километр) əлемдегі ең ірі мемлекеттер қатарында тұр.
Бұл көрсеткіш бойынша біздің еліміз Ресей, Қытай, АҚШ,
Австралия мен Индиядан кейінгі алтыншы орында. Қазақ
жеріне Батыс Еуропадағы Франция, Португалия, Испания,
Италия, Греция, Норвегия жəне Финляндия сияқты бірнеше
мемлекеттер қатар сиып кетеді. Халықтың тығыздығы бір
шаршы километрге шаққанда 5,8 адамнан келеді.
Қазақстанның жер бедерінде негізінен жазық дала, шөл
жəне шөлейт басым. Сарыарқа мен Үстірт, Тұран жəне Ба-
тыс Сібір ойпаттары, Мойынқұм мен Бетпақдала аймақтары
бар. Республика жерінің оннан бір бөлігі – таулы аймақтар.
Оларға Алтай, Жоңғар жəне Тянь-Шань тау жоталары кіре-
ді. Ірі өзендер – Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
Ел аумағында, ғалымдардың есебі бойынша, 4750 түрлі
өсімдік өседі.
Ірі мұхиттардан шалғай жатқандықтан Қазақстанның ауа
райы негізінен құрғақ əрі шұғыл континентальді. Тек Алтай
мен Алатау маңында ғана ылғалды ауа басым келеді.
Отанымыздың шекара белгілері 1996 жылғы 12 желтоқ-
санда бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақ-
стан Республикасының шекаралық белгілері туралы» қау-
Өмір сүру дегеніміз – алдымен өзіңді-өзің, содан соң өзің-
ді қоршағзн ортаны танып-білу деген сөз.
Л. Сеа
60
лысында бұл мемлекеттік атрибуттардың нысаны, нақты өл-
шемдері жəне оларды шекараға қою тəртібі белгіленген.
Елдік егемендік пен тəуелсіздіктің рухани тіректерінің бірі
ретінде жəне маңызды ресми рəміз ретінде мемлекеттік тіл
мəртебесі жөніндегі мəселе конституциялық жолмен шешіл-
ген. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ
тілі. Ресми қолданыста орыс тіліне тең құқық берілген. Қа-
зақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің өздерінің ана тіл-
дерін сақтап, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндігінше көмек
көрсету де мемлекеттік тіл саясатының негізгі ұстындарының
біріне жатады.
Тілдің мемлекет өмірінде, жалпы қоғамдық қарым-қаты-
наста айырықша орын алатындығына орай арнайы Тіл ме-
рекесі белгіленді. 1998 жылдан бастап, жылма-жыл 22 қыр-
күйекте ресми түрде бүкіл ел көлемінде Қазақстан халықта-
рының тілдері күні кең аталып келеді. Ол қазір ізгі мақсатты
жалпыхалықтық мереке ретінде жұртшылық жүрегінен орын
алып үлгерді деуге əбден болады.
1995 жылғы 12 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік наградалары туралы» Заң күші бар жарлыққа қол
қойылды. Бекітілген наградалар арасында «Алтын Қыран»
ордені, «Халық қаһарманы» атағы, «Отан», «Даңқ», «Айбын»
(I, II дəрежесі бар), «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері
жəне «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерен еңбегі
үшін», «Шапағат» медальдары, бір қатар құрметті атақтар
бар. Мемлекеттік наградалардың барлығының да атаула-
ры – мемлекеттік тілде.
«Алтын Қыран» ордені – Қазақстан Республикасының ең
жоғары наградасы. Онымен мемлекетке айырықша еңбегі
сіңген азаматтар марапатталады. Қазақстан Президенті ла-
уазымына орай ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің
иегері атанады. «Халық қаһарманы» атағы Қазақстан Рес-
публикасына аса көрнекті еңбек сіңіргені үшін, оның бостан-
дығы мен тəуелсіздігі үшін азаматтық немесе жауынгерлік
61
ерлік жасағаны үшін беріледі. Бұл атаққа ие болғандарға
ерекше айырым белгісі – «Алтын жұлдыз» тапсырылады.
Мемлекеттік наградаларды тағып жүрудің белгілі тəртібі
бар. Ордендер мен медальдар сол омырауға жоғарыда атал-
ған ретпен орналастырылады. Ең жоғарғы айырым белгі-
лері – «Алтын Қыран» ордені мен «Алтын жұлдыз» олардың
бəрінің үстінде тұруға тиіс.
Мемлекеттік наградалар қатарында бекітілген құрметті
атақтар мыналар: «Қазақстанның халық ақыны», «Қазақстан-
ның халық əртісі», «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақ-
станның ғарышкер-ұшқышы», «Қазақстанның еңбек сіңірген
əртісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым жəне техника
қайраткері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қа-
зақстанның еңбек сіңірген қызметкері».
Қазақстанның құрметті атақтарына ие болған адамдарға
омыраубелгі тапсырылады.
Көп балалы аналарды марапаттауға арналған «Алтын ал-
қа», «Күміс алқа» айырым белгілері Қазақстан ордендері
мəртебесіне ие.
Қазақстанның мемлекеттік наградалары – азаматтардың
мемлекетке сіңірген еңбегін бағалаудың рəміздік белгілері.
«Алтын Қыран» ордені
«Отан» ордені
62
Олар Қазақстандық патриотизмді нығайтуға қызмет етеді
жəне мемлекеттік егемендік нышандарының бірі болып са-
налады.
Жоғарыда аталған мемлекеттік рəміздер қорына енетін
ресми белгілердің бəрі де мемлекеттік сəйкестілік үшін қажет
атрибуттар қатарына жатады. Олар азаматтар бойында
отаншылдық сезім тəрбиелеу арқылы мемлекеттік сəйкестік
идеяларына қызмет етеді.
Өмір тəжірибесіне сүйенсек, халықтық жəне ұлттық мен-
талитет, бірігу, азаматтық адам бойына туа бітетін қасиеттер
емес. Əлеуметтік тəжірибе мен білім көкжиегінің кеңеюіне,
құндылықтарға деген тұрақты көзқарастар орнығуына орай
қалыптасып, дамиды.
Егемендік пен тəуелсіздікке қол жеткізу жəне соған орай
өзгеше ұлттық ренессансқа жол ашылуы бұрынғы Кеңес Ода-
ғы құрамында болған халықтардың бойындағы ұлттық са-
на-сезімнің күрт өсуіне ықпал етті. Бұл процесс кезінде саяси
мазмұны мен мəні жасанды құндылықтар мен тəртіптердің
күл-талқаны шықты. Олар сол қоғамдағы ортақ Отан, мемле-
кеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестік ұғымдарының
«Парасат» ордені
«Данқ» ордені
«Құрмет» ордені
63
ұйтқысы еді. Бұл ұстаным – ұстындар құлаған кезде ұлттық
сана-сезімде өз болмысын іздеуге деген объективті қажетті-
лік бірінші кезекке шықты.
Рəміздік сəйкестік дегеніміз – «əр түрлі əлеуметтік топтар
өзіне тəн деп мойындайтын, оларды өзара ынтымақтастық-
ты қамтамасыз ету деңгейінде басқалардан даралап, өзара
топтастыратын өзгеше мəдени, тарихи жəне басқа ерекше-
ліктер» (Қараңыз: Орталық Азия мемлекеттерінің этноəлеу-
меттік проблемалары (Шетелдік əдебиеттерге шолу). М., 1995,
5-бет.) Бұл сəйкестік көбіне ішкі жəне сыртқы болмыстық да-
ралану предикаттарына сəйкес жүзеге асады, дамиды.
64
Бұл процесс қазақстандықтар санасында қалай өтіп жа-
тыр? 1999 жылы маусым айында «Дана-Центр» саяси білім
орталығы өткізген əлеуметтік зерттеу кезінде назар ауда-
рылған тақырыптық блоктардың бірі осы құбылыстың не-
гізгі бағыттарын айқындауға арналды. Зерттеу жүргізу үс-
тінде 1200 респонденттің бағамдық индикаторы бойынша
тұрғындар көзқарасы жинақталып, талданды.
Сұрау салу нəтижесі республика тұрғындарының азамат-
тық сəйкестік сезімі айтарлықтай түйсінілген жəне қажетті
доминант ретінде қалыптасып үлгергенін көрсетті. Респон-
денттердің 82,0 пайызы өздерін Қазақстан Республикасымен
ажырамас азаматтық байланыста сезінетіндіктерін білдірді.
Ал тұрғындардың өздерін ел азаматтығымен байланысты-
ру сезімі неғұрлым жоғары болған сайын, сол мемлекеттегі
тұрақтылық та солғұрлым тұғырлы бола түседі деп есептеледі.
Қазақстандықтардың «Отан» деген ұғымға қатысты көз-
қарасындағы өзгерістерді этникалық ерекшеліктерге орай зер-
делеу мақсатында респонденттерге: «Сіздің Отан туралы
ойларыңызға қандай образдар жақын?» деген сауал қойыл-
ды. Ұсынылған образдар үш топқа (жануар, табиғат, рəміз)
бөлінген еді. Рəміздер арасынан ту, елтаңба, ою-өрнек, ұлт-
тық валюта (теңге), əнұран, доллар аталды.
Негізгі ассоциативті басымдықтардың бөлінісіне қараған-
да Отан ұғымына қатысты ең қалаулы рəміз ту (44%) болып
шықты. Келесі орында – елтаңба (31%).
Егер ту мен елтаңба күнделікті өмірде едəуір жиі пайда-
ланылатын мемлекеттік рəміздер ретінде (барлық мемлекет-
тік мекемелерде көрнекі орындарда қойылуы, қабылдаулар
мен кездесулерде қолданылуы, т.б.) адамдар санасында
айтарлықтай сəйкестікке ие болып отырғаны байқалса, əн-
ұран жайлы көзқарастың сауалнамаға жауап берген респон-
денттердің ассоциативті бағамдарында көрініс табу деңгейі
Діл (ментапитет) дегеніміз нышандардың жиынтығы.
М. Барг
65
біршама төмен. Бұл оның аз, тек ресми шаралар кезінде
ғана, қолданылатынына байланысты болуы мүмкін.
Аталған əлеуметтік (социологиялық) зерттеу үстінде ел
халқының ұлттық валютаға, оның өздері азаматы болып са-
налатын мемлекетпен сəйкестігіне қатысты ассоциативті таң-
дауларының деңгейі айтарлықтай жоғары екені байқалды.
Сауалнамаға жауап берушілердің таңдауларына талдау
жасау кезінде назарға ұсынылған рəміздер мен образдарда
респонденттердің өздерінің сана-сезімдерінде Қазақстанды
өз Отандары ретінде қабылдауларына қатысты астарлы ақ-
параттар жатқаны ескерілді. Зерттеудің міндеті респондент-
тердің жауабына орай азаматтық патриотизм идеясына қан-
дай образдар көбірек сəйкес келетінін, қайсылары ерекше
маңызды, ал қайсылары онша маңызды болып табылмай-
тынын анықтау еді.
Нəтижелерді талдау қорытындысында мынадай тенден-
циялар айқындалды: респонденттердің мемлекет рəміздеріне
Отан қорғаушылар ескерткіші. Астана (2001 ж.)
қатысты түсініктік көзқарастық бағдары жалпы ұлттық бағ-
дар ала бастаған. Қазақстанға қатысты образдар мен рə-
міздер елімізде тұрып, өмір сүріп жатқан басқа этностар ор-
тасында да сəйкестіктің ұйтқысына айналып келеді.
Жауаптарға қарағанда Отан ұғымына байланысты рəміз-
дердің сəйкестік реті ту – елтаңба – ұлттық валюта тұрғысын-
да жүйеленеді. Тұрғындар сана-сезімінде мемлекеттік туға
қатысты көзқарас айырықша орын алатыны аңғарылады.
Қай мемлекетте болсын, əсіресе құрамы көп ұлтты мем-
лекеттерде адамдарды отаншылдық сезім арқылы біріктіру,
олардың ара қатынастарындағы жарасым мен үйлестікті қам-
тамасыз ету, сыннан өткен сындарлы əрі аса қажетті іс.
Отаншылдыққа жай ғана тəрбиелеу мүмкін емес. Оны мақ-
саткерлікпен əрі аса зор күш-жігер жұмсай отырып жүзеге
асыру керек.
Осы орайда мемлекеттік атрибуттарды танып білу – ма-
ңызды қоғамдық-саяси үрдіс. Саяси өмір неғұрлым толық-
қанды болса, рəміздердің мəн-мағынасын жүректен өткізе
зерделеу де солғұрлым тереңдей түседі.
Өткен ізсіз кетпейді,
Ертеңге құсың жетпейді,
Мəңгілік билер ғаламды.
И. Гете
САҒАТЫ СОҚҚАН СƏТ
68
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің
БҰЙРЫҒЫ
№ 89
1992 жылғы 5 маусым
Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі тəуелсіз мемле-
кетіміздің жаңа символдарын – ту, елтаңба жəне гимн қабылдаған
құрметіне орай
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:
1992 жылғы 6 маусымда Президент Резиденциясының жəне
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Үйінің төбелерінде Мем-
лекеттік ту көтерілген кезде Қазақстан Республикасының астанасы
Алматы қаласында 21 дүркін зеңбіректен оқ атып, салют берілсін
жəне 22.00-де – мерекелік отшашу атылсын.
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. НҰРМАҒАМБЕТОВ
69
1
992 жылдың 4 маусымы – ел тарихындағы ерекше
мəртебелі күн. Бұл күні тағы да елдігіміз сынға түсті.
Ертеңіміз үшін жан беріп, жан алысқан парламенттік дода
қызу шайқасқа айналды. Интеллектуалдық сайыс 6 сағатқа
созылды. 60-тан астам депутат сөз сөйледі. Сан қилы пікір,
сан сала сөздің сарасынан таймай, көкейдегіні көпшілік қол-
дайтын сəтке жеткізу үшін нағыз азаматтық белсенділік,
терең білімділік пен тайсалмайтын күрескерлік керек еді.
Тəуба, соның бəрі табылды.
С. Зиманов, С. Сартаев, Ж. Əбділдин, Ə. Кекілбаев, М. Қо-
зыбаев, Ə. Əлімжанов, Б. Қыдырбекұлы, Ш. Мұртаза, К. Смайы-
лов жəне Ж. Қалиев сынды зерделі ой, жүйелі сөз көкейлері-
не қонған замандастарымыз жасындай жарқылдағанының куə-
сі болдық. Ой-додаға А. Козлов, П. Атрушкевич, В. Чернышев,
В. Гуляев секілді отандастарымыз да белсене қатысты.
Жаңа рəміздер екі күннен соң, 6 маусымда, Абай атында-
ғы опера жəне балет театрының ғимаратында салтанатты
түрде жер-жаһанға жария етілді.
Жаңа рəміздер қабылдау біздің елдік нышандарымыздың
сонау ықылым замандар қойнауынан бастау алатын ұзақ
тарихының тамаша тəжіне айналды. Бодандық саясаттың
ресми идеологиясы бұл тарихты есте сақтап, танып-білуді
жаңаны мансұқ етіп, ескіні көксеу деп үркітті. Республиканың
төл мемлекеттік рəміздерін қалыптастыруға мүмкіндік бер-
ген жоқ.
«Қазақстанның жаңа мемлекеттік рəміздерін қабылдау
қазақтар үшін жəне республикада тұратын барлық ұлттар-
дың өкілдері үшін таптық, тоталитарлық қоғамның ескі іріп-
шіріген белгілерін жай жаңарту ғана емес, – деген болатын
Қадамы бөлек өмірдің –
Айнасы ол өткен, ертеңнің.
Жұмбақтар жайлы айтыңдар,
Жұрнағы əлі жоқ жерде...
Тұқымы, тамыры болған соң.
Достарыңызбен бөлісу: |